400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Сұйық кинематикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары.10 сынып Сұйық кинематикасы.130 бұйрықпен жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Сұйықтар мен газдардың механикасы

Педагогтің аты-жөні:

Қауымбай Н.Н.

Күні:

19.10.2023 ж.

Сынып: 10 В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сұйықтық кинематикасы.БЖБ №3


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың басым бөлігі сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттайды

«М.Бейсебаев атындағы орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Сұйықтық кинематикасы.БЖБ №3



Сабақтың барысы



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.-

-Тақ және жұп сандар арқылы екі топқа біріктіру.

«Ой қозғау» әдісі арқылы өткен білімге шолу жасау (жеке жұмыс)

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады:
1. Қандай ағын ламинарлы деп аталады?2. Қандай ағын турболентті деп аталады?3. Тұтқырлық ұғымына анықтама беріңдер.4. Тұтқырлық қандай бірлікпен өлшенеді?5.Тұрқырлықтың артуы/азаюы сұйықта қандай өзгерістерді тудырады?

Сыныпта оқушылар сәлемдеседі, оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа дайындалады.







Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, алдыңғы білімді еске түсіріп, ой бөліседі.










Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

.











10-сынып оқулығы.




Сабақтың ортасы


35-мин






























Бүгінгі күн мен сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийімен таныстырамын

Бағалау критерийі;

  • үзіліссіздік теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдананады.

  • Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолданады.

«Джигсо әдісін» (топтық жұмыс)

Жаңа тақырып формулаларын топтарда талқылап, түсіну, талдау өзара оқытуды ұйымдастыру үшін «Джигсо әдісі» көмегімен екі топқа тақырып бойынша негізгі мәтін/формуламен жұмыс беремін.


1-тапсырма.















«Бірге ойлаймыз» әдісі (жұптық жұмыс)

оқушылардың жаңа сабақ бойынша алған білімдерін нақтылау мақсатында біім алушыларға сапалық сұрақтар мен тәжірибелік тапсырмалар беріледі.

Тапсырма №2





«Шыңға шығу» әдісі (жеке жұмыс)

Оқушылар тақырып бойынша алған меңгерген білімдерін, пайдаланып құрылымдалған тапсырманы орындайды.

Функционалдық сауаттылыққа негізделген оқушылардың ойлау қабілетін үйрену деңгейінен шығармашылық деңгейге бағыттайтын және жылдам ой қорыта білуге дағдыландыратын тапсырма беремін


Тапсырма №3



Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады, тақырып туралы ой жинақтайды.

Оқушылар оқулықтар берілген теориялық материалмен жұмыс жасап, формулалармен танысады. Әр топ берілген тақырып бойынша ізденіп, өздерінің зерттеу сұрақтарын топта талқылайды, кейін сыныпқа өз жұмыстарын қорғайды.

















Әр жұп өзіне берілген сұрақтарға жауап береді және жауаптарын өзара толықтырады.










Сабақ барысында алған білімдерін жинақтау мақсатында, оқушылар өмірмен байланысқан құрылымдалған есеп шығарады.

Білім алушылар тапсырманы жеке орындап, өз білімдерін пысықтайды, жетістік сатылары арқылы өз-өзін бағалайды

Дескриптор 1-топ

1Ағын сызығы ұғымына анықтама береді.

2.Ағын түтігінің моделін суреттейді.

3.Үзіліссіздік теңдеуін жазып, сипаттайды.

3.Түтіктің формасының өзгеруіне байланысты сұйықтың ағыс жылдамдығы мен қысымының өзгерісін түсіндіреді.

Дескриптор 2-топ

1.Идеал сұйық ұғымына анықтама береді.

2.Бернулли теңдеуін қорытып түсіндіреді.

3. Статикалық, гидростатикалық, гидродинамикалық қысым теңдеулерін ажаратады, сипатайды.

4. Үш энергия теңдеуі деп аталу себебін түсіндіреді.

5. Үш биіктік теңдеуі деп аталу себебін түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалімнен кері байланыс.

Жауабың туралы не ойлайсың?

Жауап барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?

Естігеннің бәрін бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

Дескриптор:

1.Ағын жылдамдығының өзгерісінің сұйықта жүзген денелерге әсерін сипаттайды.

2.Жапырақты жерден көтеру күшінің туындау себептерін түсіндіреді.

3. Гидродинамикалық күшке сипаттама береді.

Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

Дескриптор (2.1 тапсырма)

1.Бернулли теңдеуін жазады.

2.Судың түтікшеден атқылау қашықтығын есептейді.

3.Түтікшеден аққан судың жылдамдығын есептейді.

Дескриптор (2.2 тапсырма)

1.Неліктен екі құбырда су екі түрлі жылдамдықпен ағатынын түсіндіреді..

2.Үзіліссіздік теңдеун пайдаланып құбырдың тар бөлігіндегі су жылдамдығын есептейді.

3.Құбырдың тар бөлігіне дәнекерленген тік құбырдағы су қандай биіктікке көтерілетінін есептейді.







Оқулық,

жұмыс дәптері

флипчатрт, маркер


Ресурс 1
































Ресурс 2









Ресурс 3

Сабақтың соңы

5 минут

«Кері байланыс бутерброды»

Бүгінгі сабақта құнды болған екі нәрсе...

Бүгінгі сабақта қиын болған екі нәрсе...

Үйге тапсырма: Бернулли теңдеуінің өмірде қолданылуына екі жағдаят қарастырып, шағын әңгңме құрастыруү

Білім алушылар сабақ барысын бойынша кері байланыс беріп, ой бөліседі.

Сабақ соңында білім алушылардың жетістіктерін бағалап, балл қойып қорытындылаймын.



Тапсырма №1 (Ресурс 1)

1-топ

  1. Ағын сызықтарына анықтама беріңдер.

_____________________________________________________________________________________________________

  1. Топппен бірге өз ойларыңыздағы ағын түтігінің моделін суреттеңіз.

_____________________________________________________________________________________________________

  1. Ағын түтігінен өтетін сығылмайтын сұйық үшін үзіліссіздік теңдеуін жазып, түсіндіріңдер

_____________________________________________________________________________________________________


  1. Ағын түтігінің формасы өзгеше мысалы жіңішке/кең түтікпен алмастырсақ сұйық ағынының жылдамдығы мен құбыр қабырғаларына түсіретін қысымы қалай өзгереді? Сипаттаңдар.

_____________________________________________________________________________________________________

2-топ

  1. Идеал сұйық ұғымына анықтама беріңдер.

_______________________________________________________________________________________

  1. Жіңішке ағын түтігі үшін Бернулли теңдеуін қорытып, түсіндіріңдер.

_____________________________________________________________________________________________________

  1. Статикалық, гидростатикалық, гидродинамикалық қысым теңдеулерін жіктеп сипаттаңдар.

_____________________________________________________________________________________________________

  1. Бернулли теңдеуі үш энергия және үш биіктік теңдеуі деп аталу себебін түсіндіріңдер.

_____________________________________________________________________________________________________

Тапсырма №2 (Ресурс №2)

  1. Неліктен қайықпен өзенді бойлай төмен түскенде өзеннің ортасымен, ал көтерілгенде жағалай жүзеді?

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


Жауап: бұл әртүрлі нүктелердегі ағынның жылдамдығы әр түрлі: өзеннің ортасында өзеннің жылдамдығы жағалауға қарағанда үлкен. Сондықтан түсіп бара жатқанда өзеннің ортасында жүзеді, бұл өзеннің ағыс жылдамдығы қайық жылдамдығына қосылатындықтан, түсуді жеңілдетеді. Тауға шыққанда, өзеннің ағысы қайықты қатты ығыстырмауы

үшін жағаны ұстауға тырысады. Бұл кезде қайықтың жылдамдығы өзеннің жылдамдығынан азаяды.


  1. Неге күшті жел құрғақ жапырақтарды жерден жоғары көтереді?

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________







Жауап:Ауа ағынының жоғары жылдамдығынан осы объектілердің бетіндегі ауа қысымы атмосфераға қарағанда аз болады, себебі неғұрлым ауа жылдамдығы жоғары болса, оның қысымы соғұрлым төмендейді. Жапырақтары астында қысым атмосфералық болып табылады. Қысымдардың айырмашылығына байланысты, жапырақтарды жер бетінен көтеретін көтеру күші пайда болады.


  1. Неліктен екі кеме параллель бағытта жақын арақашықтықта жүзуге болмайды?

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________


Жауап:теңіз және өзен кемелерінің капитандары Бернулли теңдеуінің көрінісімен жақсы таныс. Егер екі кеме бір-біріне тым жақын орналасқан болса, гидродинамикалық күш оларды бір-біріне жақындатып, кемелердің соқтығысуына алып келеді. Бернуллидің формуласы осы күштің неге пайда болатындығын түсінуге мүмкіндік береді: кемелер арасындағы судың салыстырмалы жылдамдығы сыртынан көбірек болады, ал олардың арасындағы кеңістіктегі су қысымы сырттан қарағанда төмен болады. Кемелердің әртүрлі тараптарындағы қысым айырмасы оларды бір-біріне итермелейтін күш құрады.


2.1-тәжірибе.         

  1. Екі жолақ (немесе парақ) қағаздың ортасынан үрлейміз, олар бір-біріне жақындайды.Неліктен? Өз ойларыңды жазыңдар.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
18.10.2023
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі