жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ жоспары Су патшалығы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. 2. Үйге тапсырманы тексеру 1.
№21 – сабақ.
Дәптермен
жұмыс.Төменде
берілген достық ережесін оқып, өздерің
толықтырып жазыңдар. 2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу. 1.
Жігіт неліктен ренішін құмға жазды? |
5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Дос — ажарың, жолдас — базарың. Қазақ мақалы Сұрақтар: 1. Дос – ажарың дегенді нені түсінесіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: – Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: – Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық. – Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет. Сұрақтар: 1. Әйтімбет шешеннің достықтың түрлері туралы айтқан сөзін қалай түсіндіңдер? 2. Адал дос бола білетін адамның бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді? 3. Қандай адамдардың адал достары көп болады?Неліктен? 4. Өздеріңнің достықты қалай бағалайтындарыңды әңгімелеп беріңдер. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Досыңның жақсы жақтарын, оған тілейтін жақсы қасиеттер мен құндылықтарды естеріңе түсіре отырып, дәптерге досыңа тілек жаз. |
|
6. Топпен ән айту. Ағайынбыз бәріміз Өлеңін
жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. № 22 – сабақ. «Досыңа сыйла» сурет салу. 2. Келесі сабақ. №23, Лариса Кобзеваның «Шынайы сүйіспеншілік» әңгімесін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Пән: Өзін – өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы: №23. Жақсы көруді үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.www.zharar.com |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену. 2. Үйге тапсырманы тексеру 1. № 22 – сабақ. «Досыңа сыйла» сурет салу. 2. Келесі сабақ. №23, Лариса Кобзеваның «Шынайы сүйіспеншілік» әңгімесін оқып келу. 1.
Адам өз сүйіспеншілігін қалай білдіре
алады? |
5Т-ережесі 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Кімде-кім
жақсы көрсе, сол күшті. Сұрақтар: 1. Жақсы көру дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ақ тиіннің ақылы Қалың орман ішінде бір аю өмір сүреді. Оның кішкентай ғана сүйкімді қонжығы болады. Қонжыққа айналасындағы заттардың бәрі қызық болып көрінетін. Бір күні ол араның ұясын көреді. Қонжық араның балын жегісі келіп, жанталасып ұяны бұза бастайды. Мұны ағаштың басында отырған ақ тиін көріп қалады да:
Қонжық ойланып қалады да, сәлден кейін: - Мен балды өте жақсы көремін, - деп жауап береді. - Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да, оғанда. Ал сенің жақсы көруің оларға тек жамандық әкеліп жатыр,- деді ақ тиін. - Енді не істейін? – деді ұялып қалған қонжық. - Әрине бал өте тәтті. Бірақ араның ұясын бұзбай-ақ тәтті табуға болады ғой. - Қалайша? – деп сұрады қонжық таң қалып. - Байқап қарасаң, орманда тәтті зат көп. Әне түйежапырақтардың астында құлпынай өсіп тұр. Мына теректің түбі таңқурайға тұнып тұр. Жеп көрсең, дәмі аузыңнан кетпейді. Қонжық содан бері араның ұясын бұзбай жеміс-жидектермен қоректенетін болды. Сұрақтар: 1. Қонжықтың бойынан қандай қасиеттер көрдіңдер? 2. Ақ тиынның «Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да, оған да» айтқан сөзін қалай түсінесіңдер? 3. Сендердің бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар? 4. Өз қателіктеріңді түсініп, дұрыс емес әрекеттеріңді түзеген кездерің болды ма? |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма:
Риясыз
сүйіспеншіліктеріңді сахналап |
|
6. Топпен ән айту. Құттықтаймын
мама, туған күніңмен! |
|
7. Үй тапсырмасы. 1.
№23 – сабақ.Төменде ұсынылған сөйлемдерді
жалғастырып жазыңдар. 2. Келесі сабақ. №24, Михаил Андриановтың «Шегіргүл мен Бәйшешек» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Пән: Өзін – өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы:№24. Жақсы көруді үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.www.zharar.com |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. 2. Үйге тапсырманы тексеру 1.
№23 – сабақ.Төменде ұсынылған сөйлемдерді
жалғастырып жазыңдар. 2. Келесі сабақ. №24, Михаил Андриановтың «Шегіргүл мен Бәйшешек» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.
Шегіргүлден қандай қасиеттерді
байқадыңдар? |
5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Жақсы көру жақсы қасиет Нақыл сөз Сұрақтар: 1. Сендерге өздеріңнін жақындарың мен туыстарынды жақсы көресіңдер ме? 2. Сендер кімдерді жақын көресіңдер? Өз махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Үш жолдас В. Осеева Үлкен үзілісте барлық балалар тамақтанды, ал бір бала шетте тұрып қалды. Ол бала ертеңгі асын жоғалтып алыпты. – Сен неге тамақ ішпей тұрсың? – деп сұрады баланың бір жақын жолдасы. – Ертеңгі асымды жоғалтып алдым ... – Қап, әттеген-ай, түске дейін біраз уақыт бар, – деп сол сұрақты қойған дос бала ақ нанын үлкен ғып тістеп алды. – Сен тамағыңды қайда жоғалтып алдың? – деп екінші жолдасы сұрады. – Білмеймін. Асын жоғалтқан бала ақырын жауап қайтарып, басқа жаққа бұрылды. – Сен, мүмкін асыңды қалтаңа салған шығарсың, оны сумкаға салу керек еді, – депқоймады екінші досы. Ал осыны естіп тұрған үшінші досы ештеңе сұрамады. Ол өзінің май жағылған нанын бөліп, жартысын досына берді. Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма:
Өздерің
жақсы көретін адамдарға |
|
6. Топпен ән айту. Құттықтаймын
мама, туған күніңмен! |
|
7. Үй тапсырмасы. 1.
№24 – сабақ. Жасы кіші балаларды қалай
қуантар едіңдер? Қарт адамдарға қандай
сыйқұрмет көрсетуге болады? Өз ойларыңды
жазып 2. Келесі сабақ. №25, ел аузынан «Қарлығаш би» оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Пән: Өзін – өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы: №25. Біз өсіп жатқан өлке
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкесін жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.www.zharar.com |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. 2. Үйге тапсырманы тексеру. 1.
№24 – сабақ. Жасы кіші балаларды қалай
қуантар едіңдер? Қарт адамдарға қандай
сыйқұрмет көрсетуге болады? Өз ойларыңды
жазып 2. Келесі сабақ. №25, ел аузынан «Қарлығаш би» оқып келу. Сұрақтар: 1.
Төле
бидің елінен, жерінен көшпей отыруына
не
себеп
болды? |
5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Отанды
сүю
отбасынан басталады.
Сұрақтар: 1. Сендер туған жерге қандай қадір-құрмет көрсетіп жүрсіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Күн мен түннің жермен достығы І. Мұсаұлы Бір күні Жер Күн мен Түнге: – Сендер мені үздіксіз айналып, адамдардың өмірі үшін қызмет етіп келесіңдер. Түн, сен адамдар демалса екен, ұйықтаса екен дейсің, ал сен, Күн, адамдар күндіз еңбек істесе екен дейсің. Екеуіңнің де адамдарға жақсылық жасап келе жатқан еңбектерің зор,– деді. – Сенің де еңбегіңді жақсы білеміз, – деп жауап берді оған Күн мен Түн. – Сен де адамдарға ырыс бересің, олар сенде тұрып, өмір сүріп жатыр, олар сенен ырыздығын алып жейді. Сен оларды шаршамай көтеріп келесің, олардың бақытты өмір сүруін тілейсің, сенің де еңбегің өте зор. Олар бір-біріне қарап, ризашылықпен күлісіп алды. Бірақ бұлардың әңгімелерін адамдар естіген жоқ. Олар әрқайсысы өз мемлекеттерінде – біреуі күндіз, біреуі түндегі тіршіліктерімен өмір сүріп жатты. Сұрақтар: 1. Күн мен түн және жер не туралы әңгімелесті? 2. Олар адамдарға қалай жасайды? 3. Сендер олардың жақсылығына ризашылықтарыңды қалай білдіресіңдер? 4. Риясыз жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Өздерің қандай риясыз жақсылық жасап жүрсіңдер? |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Төмендегі қасиеттерді қатыстыра отырып, «Қазақстан – бейбітшілік бесігі» тақырыбына шағын қойылым дайындап,сахналаңдар.
|
|
6. Топпен ән айту. Елімізді
сүйеміз |
|
7. Үй тапсырмасы. 1.
№25 – сабақ. Көп нүктенің орнына тиісті
сөздерді қойып мақал - мәтелдерді
аяқтаңдар. 2. Келесі сабақ. №26, Бауыржан Момышұлы мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Пән: Өзін – өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы: №26. Біз өсіп жатқан өлке
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкесін жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.https://massaget.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.
2. Үйге тапсырманы тексеру 1.
№25 – сабақ. Көп нүктенің орнына тиісті
сөздерді қойып мақал - мәтелдерді
аяқтаңдар. 2. Келесі сабақ. №26, Бауыржан Момышұлы мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.
Отанды
сүю неліктен үй ішіңнен, отбасынан
басталады
деп ойлайсыңдар? |
5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Отаншылдық
– ең ізгі сезім. Сұрақтар: 1. Отаншылдық деген ұғым нені білдіреді? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Елтаңба
Ғ.Момынәлиева
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол –елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді. Болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, биікке самғау талабы. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің жарық жұлдызы. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті. Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Сұрақтар: 1. Неге шаңырақ елтаңбаның жүрегі іспеттес етіп салынған деп ойлайсыңдар? 2. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл сөзін қалай түсіндіңдер? 3. Еліміздің дамуына қандай іс-әрекеттеріңіз арқылы өз үлестеріңізді қосып жүрсіңдер? Ойланып, ой бөлісейік. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: «Таңдауымыз – тыныштық пен татулық» тақырыбында шығармашылық (эссе, коллаж, сурет) жұмыс жасаңдар. |
|
6. Топпен ән айту. Елімізді
сүйеміз |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №26 – сабақ. Отан туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №27, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. |
|
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Пән: Өзін – өзі тану
.
Сыныбы: 2
Тақырыбы: №27. Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; командада (топпен) жұмыс істеу.
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкенің табиғатын сақтауды үйрету арқылы, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға ешкімді ренжітпеуді үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы топпен жұмыс істеу қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.https://massaget.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Орманға ойша серуен. 2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №26 – сабақ. Отан туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №27, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. |
5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Табиғат
тазалығы - адамзат амандығы» Сұрақтар: 1. Табиғатты кім қорғау керек? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Жер - Ана Қ. Сәрсекеев Бейбіт бақша ішінің балшығын бей-берекет шашып, қопарып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария: – Әй, балам, Жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені асыраушы анаң ғой, –деді. Балшықты анаң дегеніне аң - таң болған Бейбіт: – Менің анам үйде, аты – Зейнеп, – деді. – Балам, онда сол Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер,– деп, қария ұзай берді. Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңіл жайланған соң, Бейбіттің есіне манағы қарияның айтқаны түсті. – Апа, – деді ол, – мана бір шал маған жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң деді. Ол не дегені? – Сен не дедің? – деп сұрады Зейнеп. – Менің анам үйде дедім. – Балам-ай, неге осынша кір, балшық болып келгеніңді енді білдім. Ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ. Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады. – Жер – анамыз дейтін себебіміз, – деді анасы, – ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Дұрыстап ұғып алшы, тіпті адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді, Мысалы жаңағы жеген қаймағың сиырдың сүтінен алынады. Сиыр жердің шөбін жемесе, сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам. Содан да Жер – бәріміздің асыраушы анамыз. Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға кіріп, қопарып, шашып ойнаған топырақты тегістеді. Тіпті, ақырын ғана алақанымен аялап сипап қойды. Сұрақтар: 1. Әңгімеде қандай құндылықтар мен қасиеттер туралы айтылады? 2. Бейбіттің жасаған әрекеті туралы өз ойыңды айтып көр. 3. Сендер Жер анаға қандай қамқорлық жасайсыңдар? 4. Үлкендердің айтқан ақылынан сендер қандай тәлім аласыңдар. Әңімелеп беріңдер. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма : 98 - бетте берілген шығармашылық иелерінен өзіңе біреуін таңдап алып, табиғатты суреттеңдер.
|
|
6. Топпен ән айту. Әдемi |
|
7. Үй тапсырмасы. 1.
№27 – сабақ.
Төменде
берілген суреттерден қандай 2. Келесі сабақ. №28, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Пән: Өзін – өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы: №28. Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; командада (топпен) жұмыс істеу.
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкенің табиғатын сақтауды үйрету арқылы, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға ешкімді ренжітпеуді үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы топпен жұмыс істеу қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.https://massaget.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына саяхат 7. Үй тапсырмасы. 1.
№27 – сабақ.
Төменде
берілген суреттерден қандай 2. Келесі сабақ. №28, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.
Неліктен анасы қызына «Табиғатта не
нәрсенің
болса
да өз орны, заңдылығы бар» – деді? |
5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы. Қазақ мақалы. Сұрақтар: 1. Табиғатты не үшін жер байлығы деп айтамыз? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Талшыбық А. Жақсыбаев «Балалар терезе алдында ағаш отырғызып жатқан. Ермек солардың кетуін күтіп, әлі аңдып отыр. Жас шыбықтарға қызыға қарайды. Жіп-жіңішке. Бұтақтары да көп емес. Балалар жұмыстарын бітіріп, кете бере, олжүгіріп далаға шықты. Жан-жағына қарады. Ешкім көрінбейді. Бір шыбықты тартып көріп еді, қозғалар емес. Едәуір бекіп қалыпты. Ол қос қолдап бар күшімен тартып қалды. Шыбық тамырымен қоса жұлынды. Ермек оны ат қып мініп алды да, көшемен жүгіре жөнелді. Бір кезде оны көрші тұратын қария айқайлап шақырды. – Қалқам, маған аздап көмектесіп жіберші, – деді ол шыбығын сүйретіп жанына келген Ермекке. Атай үйінің қасына ағаш отырғызып жүр екен. Әлі тігілмеген бірнеше жас шыбық жатыр. Атай оларды қурамасын деп, суға малып қойыпты. – Мен шыбықты ұстап тұрайын, сен күрекпен түбін көм, – деді атай Ермекке. Екеулеп жүріп, олар барлық шыбықты қадап болғанда: – Рақмет көмегіңе! – деп, қария баланың арқасынанқақты. – Енді бірер жылдан кейін бұл шыбықтар зәулім бәйтерек болады. Сонда екеуміз көлеңкеде отырып демаламыз. Солай емес пе, Ермек? Ермек төмен қарады. Көзі өзінің шыбығына түсіп кетті. Күннің көзінде жатып солайын деп қалыпты. – Ата, – деді Ермек бір кезде. – Әне, бір шыбық қалып қойыпты ғой. – Ә, иә, иә, ұмытып кетіппіз ғой, – деді атай да қулана, ойланған болып. – Бар, алып келе ғой. Біз оны сенің үйіңнің алдына отырғызайық. Енді ол күнде жас шыбыққа су құйып, күтіп жүретін болды. Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: 100 - бетте Берілген суреттерді пайдалана отырып сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, ерекше торкөзден жақсы қасиетті оқуға болады. |
|
6. Топпен ән айту. Әдемi |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №28 – сабақ. «Табиғатты қорғайық» тақырыбында шығарма жазу. 2. Келесі сабақ. №29, Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» үзіндіні оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Пән: Өзін – өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы: №29. Біз өмір сүріп жатқан ел
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Мақсаты: Оқушыларға өмір сүріп жатқан елімізд сүюге баулы отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру керектігін үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://www.zharar.com 2.https://massaget.kz |
||||||||||||
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №28 – сабақ. «Табиғатты қорғайық» тақырыбында шығарма жазу. 2. Келесі сабақ. №29, Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» үзіндіні оқып келу. 1.
Ахмет ақсақал неліктен неміс баласын
таңдады? |
5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.
|
||||||||||||
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Ынтымақ
түбі — игілік. 1. Ынтымақ деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
||||||||||||
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын. Төле би бала кезінде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп қалған Әнет баба ел бірлігі жайында әңгіме айтып отырады. Төле:
Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын,бір бума солқылдақ шыбық алдырып:
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп,сындыра алмайды.
Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,біртіндеп оп-оңай сындырып береді.Әнет баба:
- Түсіндім,баба,бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықтыелді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі,ынтымағы жоқты жау да,дау да оп-оңай алады»дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам,дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті Әнет баба. Сұрақтар: 1. Әнет бабаның тапсырмасында қандай мән жатыр? 2. «Бірлік», «ынтымақ» сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер? 3. Сендерге ата-аналарыңмақал-мәтел арқылы ақыл, кеңес бере ме? 4. Қандай мақал-мәтелдер естеріңде қалды? 5. Ынтымақ пен бірлікте болған іс-әрекеттерің туралы жағдаяттарды айтып беріңіздерші. |
|
||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Қазақ және орыс халқының мақал - мәтелдерінің ішінен мазмұны ұқсастарын табыңдар.
|
|
||||||||||||
6. Топпен ән айту. Отан |
|
||||||||||||
7. Үй тапсырмасы. 1.
№29 – сабақ. Өзіңе таныс бір ұлтты
таңдап алып, «Түріміз басқа болса да,
Отанымыз бір» тақырыбында шағын
зерттеу жүргізіңдер. Ол үшін сендерге
төмендегілерді табу керек. 2. Келесі сабақ. №30, «Біз бәріміз бірдейміз» мәтінін оқып келу. |
|
||||||||||||
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген