400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Судың маңызы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар жазылым тапсырмасының алдында эссе мазмұнындағы қолдануға мүмкін болатын сөздермен танысу арқылы дескрипторлардың көмегімен эссе жұмысын жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:қазақ тілі мен әдебиет

Мектеп: Ольгинка ЖОББМ

Күні: 25.11.2021

Мұғалім: Турсынканова А.М.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Судың маңызы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5.Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар жазылым тапсырмасының алдында эссе мазмұнындағы қолдануға мүмкін болатын сөздермен танысу арқылы дескрипторлардың көмегімен эссе жұмысын жазады.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): судың маңызы туралы қазақ тілінде ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы адамзат үшін судың маңызын айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың су ресурстарының ластануына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, жазалым тапсырмасына қатысты бейнебаян

Бағалау критерийлері:

Тақырыпқа қатысты оқиғаны сипаттайды.

Эссе құрылымын сақтайды.

Дескрипторлар:

эссенің кіріспе бөлімінде өзен жағасының қоқыс орнына айналғанын сипаттайды; (15 сөз)

эссенің негізгі бөлімінде достарымен өзен жағасын тазалау жұмысы туралы сипаттайды; (40 сөз)

эссенің қорытынды бөлімінде ауыл тұрғындарының ризашылығы туралы сипаттайды. (15 сөз)

эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:өзен жағасы, қоқыс, демалушылар, қоқыстан тазарту, риза болу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Сондықтан, өйткені, бірақ

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғаламшардағы су мәселесіне қатысты ақпаратқа өз көзқарасын білдірді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

6 минут


Қызығушылықты ояту

«Мусорные люди» на пляже Барселоны» шағын бейнебаянын көреді. 3 минут


Ой шақыру сұрақтары: 3 минут

Бейнебаянда қандай мәселе көтеріледі?

Сіздердің ауылдарыңызда өзен бар ма?

Оның айналасы ластана ма?

Оны кімдер ластайды?

Өзен жағасын қоқыстан кім тазалайды?

Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.


Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.


https://www.youtube.com/watch?v=qOUzw51fRTA



Сабақ ортасы

34 минут





Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады. 2 минут


Жазылымалды тапсырмасы

Сөздікпен жұмыс. 7 минут

Мұғалім оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті сөздер мен сөз тіркестерін таратып, мағынасын суреттер арқылы тақтадан көрсетеді. Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, ауызша сөйлемдер құрайды.

Сөз

Сөз тіркесімділік

Сурет

Өзен

Өзен жағасы

Демалушылар

Демалушылар демалады

Демалу, тынығу

Өзен жағасында демалады

Қоқыс

Қоқыстарды тастайды

Тазалау, тазарту

Қоқыстан тазалау

Қоқыстан тазарту

Қап

Қапқа салу

Риза болу, разы болу

Тұрғындар риза болды

Тақтайша

Арнайы тақтайша

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1,3-тапсырманы орында- тады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машық- тандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

4. Сергіту сәті. 7-тапсырма. «Сөйлемнің жартысы сен- де» ойынын ұйымдастырады.

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орында- тады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы- мен ауызша жаттығу жүргізеді.

Айтылым. Жұмбақты шешеді, сөз тір- кестерін құрастырады, сөйлемдердің әрқайсына екі сұрақ қояды.

Жазылым. Кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазады.


Жазылым тапсырмасы 22 минут.

Жағдаят. Сіз тұратын ауылда өзен бар. Жаз бойы оған демалушылар келеді. Өзенге демалуға барған сіз оның айналасындағы шашылып жатқан қоқыстарға тап болдыңыз. Көргеніңізді достарыңызға айтып, өзен жағасын қоқыстардан тазартуды шештіңіз. Достарыңызбен бірлесіп атқарған істеріңізді сипаттап жазыңыз. Сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. (60-70 сөз)


Кері байланыс. 3 минут

Эссе жазуда қандай қиындық туды?

Барлық дескрипторларды орындай алдыңыз ба?

Сөздікпен жұмыстың қандай пайдасы болды?







Сөздер және суреттері бар үлестірме парақтар































Қалыптастырушы бағалау парағы









Сабақ соңы

5 минут


Рефлексия 3-2-1

Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді. Бірнеше оқушылардың пікірлері тыңдалады.


1.Сабақта маған пайдалы болды.

1. ................... 2. .............................. 3. .........................

2. Маған қиын болды.

1. ................... 2. ..............................

3. Маған көмек қажет.

1. ...................

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау.

Таратпа парақшалар













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі