400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Сыйластық бастаулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

№: 13

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Сыйластық бастаулары

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық.

Мақсаты: Оқушылардың өзара құрмет, сыйластық туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға риясыз қызмет жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. http://bilim-all.kz/

2.ttps://angimeler.wordpress.com/page/2/

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №12 – сабақ. Досыңа хат жаз.

2. Келесі сабақ. №13, «Бақыт қайда барасың» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Өлең жолдарында не туралы айтылған?

  2. «Бақыт» пен «сыйластық» ұғымдарының байланысы қандай?

  3. Адам бақытты болып туа ма әлде қалыптаса ма?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Сыйласаң сыйымды боларсың.

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. «Сыйластық» ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Дәйексөзден қандай ой үйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ата ақылы1


Ата, мен сенің жалғыз ұлдан көрген тұңғыш немерең едім.Ұзақ күткеніңнен шығар, мені өте жақсы көрдің. Бірақ, ешқашан есірте еркелетіп, бетіммен жіберген жоқсың. Көбіне қасыңнан тастамайтынсың. Не туралы сөйлессең де, сөз аяғын үнемі сыйластыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, т.б. толып жатқан жақсы қасиеттерге әкеліп тірейтінсің. Әрине, оның бәрін түсіндім, қабылдадым деп айту қиын. Бірақ, жақсылыққа деген ынтызарлық, жамандыққа деген жиіркеніш, адалдыққа, шыншылдыққа ұмтылушылық хылқымыздың кейбір жақсы салт-дәстүрлерін қадірлеушілік сияқты қасиеттер біртіндеп болса да көкірегіме жинала берді.

Ата, жалғыз менімен ғана емес, кез-келген адаммен тіл табысып, ашық-жарқын әңгімелесіп кететінсің. Танысын-танымасын, әйтеуір, кездескен кісілердің бәріне жақсылық жасауға ұмтылатынсың. Бір жанұяның түтіні түзу шықпай, отбасында жанжал өрбісе, болмаса ауыл адамдарының арасында негізсіз кикілжің, қақтығыс етек алса, үнемі сол жерден табылатынсың. Елдің тату-тәттілігі мен отбасы сыйластығы үшін бар күшіңді салатынсың. Сондықтан, жұрттың бәрі сені ардақтайтын, құрметтейтін.

Әсіресе жас балаларды жақсы көретінсің. Қашанда қамқор болып жүретінсің. Әсіресе, жетім-жесір мен тәрбиесі қиын балаларға келгенде көмегіңді аямайтынсың. Бар өмірін ұстаздыққа арнаған өзіңе, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі» деген атақ берілген-ді. Иә, шын мәніндегі нағыз ұстаз едің-ау... Бала, бала деп соққан жүрегің өзгеше болатын.

Ата, өзіңнен әр нәрсені бір сұрай беретінмін. Бәріне де салмақты жауабың дайын. Бар ықыласыңмен түсіндіретінсің.

Тағы да сондай бас қосуда:

– Ата, жақсы деген не? – деймін ғой, баяғы.

– Е, айналайын жақсыны білгісі келетін өзіңнен. Жақсы дегеннің бойында ізгілігі, қайырымдылығы, адалдығы болады.

– Ата, ал жаман деген немене?

– Е – е, жаманның бойында қараулығы, арамдығы, күншілдігі сезіліп тұрады.

– Ата, қашан мен жақсының қатарында боламын?

– Е, айналайыным-ай, үлкейгенде жақсының қасиеттерін игеріп, кездескен қиындыққа көне білсең, бәле-жалаға сабыр етсең, жақсының қатарында болғаным деп есептегін.

Иә, онда бар-жоғы жеті жастағыбалдырған едім ғой. Соданбері қанша жыл өтсе де, осынау сөз жадымнан шыққан емес. Ата, өзің берген тәрбиенің арқасында қанаттанып өстім. Әйтеуір, жаманның қатарында жоқпын деп есептеймін. Ал жақсының қатарын толықтыру мақсатында талмай ізденіп, өзің айтқан сөздерді жадымда сақтап келемін.


  • Атасының бойындағы басты қасиеттер қандай болған?

  • Немересінің сұрағына атасының жауабы қалай болды?

  • Қандай адамды жақсы адам деп білуімізге болады екен?

  • Ата-әжелерімізден көп нәрсе сұрап білуімізге мүмкіндігіміз мол екенін ұмытпайық.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Сыйластық»

2 – топ: «Мейірімділік»

3 – топ: «Сүйіспеншілік»

Тапсырма: «Сүйіспеншілікке толы ғұмыр» тақырыбына плакат жасау.


6. Топпен ән айту.

М.Өрісбаев «Өмір сыры»

1)Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам

Өмірге қайта айналып келер болсам

Сезер – ек бақыттың шын бағасын

2)Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы

Ақымақ деген –

Жүректің жұбанышын көз ілмейтін

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың

Қ/ы

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы


7. Үй тапсырмасы.

1. №13 – сабақ. Сыйластық туралы эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №14, «Сөз анасы - сәлем» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!






















1 Ысқақ. Ә. Абзалдық әліппесі.– Шымкент: Шекер, 1996. – 97 бет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1055
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі