Материалдар / сабақ жоспары "Табиғат - тал бесігің, аялай біл!" 8 сынып

сабақ жоспары "Табиғат - тал бесігің, аялай біл!" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету және оқушыларды қамқорлыққа, адамгершілікке, мейірімділіке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
605
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі

Мерзімі: 21.02.2017ж.

Сабақ: 22

Тақырып: Табиғат - тал бесігің, аялай біл!

Құндылық: «Қиянат жасамау»

Қасиеттер: қамқорлық, адамгершілік, мейірімділік

Мұғалімі: А.Борашова

Сынып: 8 «ә» Оқушы саны: 16


Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік және табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Қиянат жасамау» құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылығы: Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;

Тәрбиелігі: оқушыларды қамқорлыққа, адамгершілікке, мейірімділіке тәрбиелеу.

Ресурстар:

слайд, бейнебаян, сурет қиындылары, үнтаспа, стикер, А4

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақтар:

Қандай сезімде болдыңыздар?

Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?

Сабақ барысын талқылау:

Үй тапсырмасын тексеру.

Адам мен табиғат арасындағы жарасымдылық туралы ой толғау.


Дәйексөз

«Адам табиғатқа тәуелді болса,

Табиғат та оған тәуелді»

Анатоль Франс

(Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді)

1. Көзқарас – А. Франстың көзқарасымен келісемін
2. Себебі – табиғат пен адам өзара үйлесімді
3. Мысалы, қарапайым біздің тыныс алуымыздың өзі дәлел бола алады.
Қорытынды: Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда ғана, табиғат адам баласы кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.


Әңгімелеу

«Табиғат апаттары» видеоролик көрсету

Қорытынды: Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып - құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ. Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде. Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда, бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Егер адам баласының рухани әлемі мұнша ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

І топ: «Табиғатты аялайық!» эссе жазу

ІІ топ: «Мен табиғатты қорғаймын» өлең шығару

ІІІ топ: «Табиғатсыз дүние бос» мақал мәтел жазу

Қорытынды: Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады.

Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Адамзаттың әлемде алатын орны зор. «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек. Адамзаттың басты міндеті – табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу».


Топпен ән айту.

Ә.Қалаубаева «Ертегілер әлемі»

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем,
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттар тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...

Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.

Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...


Үй тапсырмасы

Қ.Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті» әңгімесін түсініп оқып, мазмұнын айту.


Соңғы тыныштық сәті.

Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ