|
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «жер»,
«су», «ауа», «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейте отырып, «Қиянат
жасамау» құндылығының мәнін ащу.
Сабақтың
міндеті:
Білімділігі: Оқушыларға табиғат байлығының
адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік
беру;
Дамытушылығы: оқушыларды табиғатты сақтап –
қорғауға, аялап – баптауға баулу
Тәрбиелігі: сүйіспеншілікке,
мейірімділікке, қамқорлыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Оқулық, үнтаспа, қосымша
материалдар,
компьютер,
сурет
|
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі
тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының
«5-Т» ережесін қайталаймыз.
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық,
татулық.
Тыныштық сәті Нұрға
бөлену.
Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ
- қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып,
көздеріңізді жұмып, елестетіп
көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай
бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.
Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл
сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -
қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің
бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе
түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді
атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп,
басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр шұғылана
бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы
нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген
адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға
толсын. Осы нұр бүкіл
әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық
тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр
бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы
бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады.
Рахмет.
Сұрақтар:
Қандай сезімде болдыңыздар?
Жаттығу сіздерге қалай әсер
етті?
|
|
|
Үй тапсырмасын
тексеру (сұрақ –
жауап)
Қ.Толыбаев«Ақ гүл»
мәтінін оқып келу.
1. Гүлдер өз бойындағы қандай қасиеттерді
мақтаныш етті?
2. Гүлдер кімге өздерінің разылығын
білдірді?
3. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сыры
неде?
4. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі
қандай сезім тудырады?
5. Сүйіспеншілік сезімі қандай қасиеттер
арқылы орын алды?
6. Сүйіспеншілікті күнге теңестірудің сыры
неде?
Табиғат сені қандай әсерге
бөлейді?
• Адам мен табиғаттың арасында үйлесім бар
ма?
• Адамның табиғатқа, табиғаттың адамға ықпалы
қандай?
• Аппақ ай, жарық күн, жасыл жапырақ келбеті
адамға қандай ой салады? Өздерің осыны
бастан кешіріп көрдіңдер ме
|
|
|
Дәйексөз
«Қыстағы қар жерге –
ырыс,
Жердегі ылғал – елге
ырыс»
мақал
(Оқушылар дәйексөзді
бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын
түсіндіреді)
|
|
|
Соңғы тыныштық
сәті
Табиғаттың сұлулығы
соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да,
нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте
Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем
көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды.
Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап,
мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы
бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған,
қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа
бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты, сабақтан алған әсерді
жүрегімізге орналастырайық.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық,
тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
|
|