|
І.
Кіріспе
1.Ұйымдастыру
бөлімі
|
1.Оқушыларды түгендеп,назарын
сабаққа аудару.
2.Шаттық
шеңбері.
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасып,үй тапсырмасына дайындалады.
|
|
2.Үй
тапсырмасы
«Ыстық
орындық» 10мин
|
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз
не?
2. Құрмалас сөйлемнің қанша
түрі бар?
3. Салалас құрмалас сөйлем
дегеніміз не?
4. Салалас құрмалас сөйлемнің
қандай түрлерін білесіңдер?
5.Түсіндірмелі салаластың
тыныс белгілері?
6.Мысал
келтір?
Уйге берілген жаттығуды
тексеру.
|
.
Оқушылар сұрақтарға
кезектесіп жауап береді. Үйге берген жаттығуды
оқиды.
|
|
-
Негізгң
бөлім
Жаңа сабақ
3мин
«Оқу-білім
негізі»
4. Оқулықпен
жұмыс.
|
Талғаулы салаластың
құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз,дербес әрекеттерді
баяндайды да,солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді.Жай
сөйлемдер салаласа және тек жалғаулықты шылаулар арқылы
байланысады,араларына үтір қойылады. Сөйлемге талғаулық мағына
беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын
жалғаулықтар:не,немесе,я,яки,болмаса,әйтпесе,әлде. Екі жай сөйлемнің
арасында немесе шылауы бір рет келсе,онда
сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.
Мысалы:
Мен не бұл адамдардың
ортасынан кетуім керек,не болмаса барша жанға тынышсыз болатын
зұлымдықты қоюым керек екен ғой.(Шәкәрім).Өзі кетіп құтылды,әйтпесе
өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік.Сөз бен қылық суық көңілді жылытады
немесе жылы көңілді суытады.(Ғ.Мұст.)
112- жаттығуды ауызша
орындайды. Төмендегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы
талғаулы салалас ? Ойларыңды ережеге сай
дәлелдеңдер.
|
Оқушылар жаңа тақырыпқа
байланысты берілген ережелерді, мысалдарды дәптерлеріне түсіріп
алады.
112- жаттығуды ауызша
орындайды.Ойларын ережеге сай дәлелдейді.
|
|
3.Жаттығумен
жұмыс
«Талдау-табысқа
жетелейді»
|
113- жаттығу. Мәтіннен
талғаулы салалас сөйлемдерді теріп жазыңдарда қалай құрмаласып
тұрғанын түсіндііңдер. Синтаксистік талдау
жасаңдар.
|
Оқушылар жаттығуды
тақтаға орындайды. Талғаулы салаласты тауып, синтаксистік талдау
жасайды.
|
|
-
Қорытынды.
Бекіту
«Венн» диаграмасы
толтыру.
Үй
тапсырмасы
|
Түсіндірмелі салалас Талғаулы
салалас
Ерекшеліктері:
Түсіндірмелі:
Жай сөйлемдері жалғаулықты
шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе
сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол,
сонша, соншалық, сондай) болады.
Түсіндірмелі салаластың
аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.
Ортақ
белгілері:
Екі немесе одан да көп жай
сөйлемдерден тұрады.
Екі баяндауышы болады.
Баяндауыштары салаласа байланысады, яғни тең
дәрежеде.
Екі жай сөйлемнен құралып,
күрделі бір ойды білдіреді.
Ерекшеліктері:
Талғаулы:
Жай сөйлемдерді салаласа ғана
және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір
қойылады. Талғаулық мағына береді.
Жалғаулықтары: не, немесе, я,
яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде. Немесе шылауы келсе үтір
қойылмайды.
114- жаттығу. Қосымша тапсырма
әдеби кітаптан талғаулы салаласқа қатысты 5 мысал жазып
келу.
|
Оқушылар түсіндірмелі ме
талғаулы салаластың ерекшклігімен ортақ белгісін табады. Сабақты
қорытындылайды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне
жазып алады.
|