САБАҚТЫҢ
ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ
|
Сабақ
барысы
|
Уақыт
(минут)
|
Оқытушы
іс-әрекеті
|
Білім
алушының
әрекеті
|
Оқыту ресурстары
мен материалдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. Ұйымдастыру
кезеңі
|
5 мин
|
1)Аудитория тазалығын
тексеру
2) Студенттерді
түгелдеу
3)Құрал-жабдықтарының
орнықтылығын қадағалау
|
Студенттер жаңа тақырыпқа
дайындалады.
|
Лекция дәптері,
интербелсенді тақта.
|
2. Үй тапсырмасын
тексеру
|
15 мин
|
Кроссворд:
-
Басқарушы адам (басқарушы
субъект) кәсіби басқарушы? (Менеджер)
-
«Менеджмент» ұғымы қандай
ұғыммен қатар кездеседі? (Бизнес)
-
Қандай әсер етуші орта
кәсіпорын жұмысына тікелей және бірден әсер етпейтін факторлардан
тұрады?(Жанама)
-
Ұйымдағы қай деңгейдің
басты тапсырмасы экономикалық шарттар жасау және тауарлар мен
қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету болып
табылады?(Даму)
-
1911 жылы жарық көрген
«Ғылыми басқару принциптері» кітабының авторы
кім?(Тейлор)
-
Меншік формасының бір түрі?
(Муниципалды)
-
Кәсіпорынның банкротқа
ұшырауының немесе жабылуының алдын-алуға бағытталған іс шаралар
кешені қалай аталады?(Санация)
|
Студенттер интербелсенді
тақтада көрсетілген кроссвордқа қарап жауап
береді.
|
Интербелсенді
тақта.
|
3. Жаңа оқу материалын
енгізу
|
5
мин
|
Сөздер:
Білім алушылар қоғамдық
тамақтандыруға қатысты сөздер айтады. Осы сөздерді пайдалана отырып
әңгіме құрастырып, студенттерге
баяндаймын.
|
Білім алушылар өз ойын
еркін ортаға салады.
|
Күзембаева Г.К., Базылханова
Э.Ч. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы
менеджмент: Оқу құралы
/ Г. Күзембаева, Э. Базылханова.
– Астана: Фолиант, 2016. – 152 бет.
|
4. Жаңа оқу материалын
түсіндіру
|
30
мин
|
Түсіндіру, баяндау,
талдау.
Қоғамдық тамақтандыру саласы
мемлекет экономикасының жетекші салаларының бірі болып табылады.
Қоғамдық тамақтандыру жұмысы әрбір адамның қажеттіліктерін
қамтамасыз етумен байланысты және күнделікті шешуді талап ететін
ұйымдастырушы-технологиялық, экономикалық және қаржылық сипаттағы
сұрақтардың кең ауқымын қамтиды. Қоғамдық тамақтандыру жұмысын
басқару – менеджменттің әр түрлі әдістерінің көмегімен жүзеге
асырылатын күрделі
процесс.
Тамақтандыру
кәсіпорындарындағы менеджмент кәсіпорынның барлық негізгі
аспектілерді басқару процесі болып
табылады.
|
Білім алушылар лекция
дәптерлеріне берілген мәліметтерді түртіп жазып
отырады.
|
Күзембаева Г.К., Базылханова
Э.Ч. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы
менеджмент: Оқу құралы
/ Г. Күзембаева, Э. Базылханова.
– Астана: Фолиант, 2016. – 152 бет.
|
5.Сергіту
сәті
«Күлкілі
тілектер»
|
10 мин
|
Кері байланыс орнату
алдындағы сергіту сәті.
Қағазға жазылған «күлкілі тілектерді» дауыстап
оқу.
|
Тапсырма:студенттер
қағаздан ұшақ жасайды, күлкілі тілектер жазып аудитория ішінде
ұшырып жібереді, студенттер бірде бір ұшақты жерге түсіріп алмай
қағып алулары қажет.
|
Қағаз,
қалам.
|
6. Жаңа оқу материалын
пысықтау, бекіту
«Трафарет»
әдісі
«Пресс конференция»
әдісі
|
10
мин
|
-
«Трафарет» әдісі бойынша студенттер
тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдардың бірнеше сипаттамаларын жазады
және арасында бір қате сипаттама көрсетулері керек, студенттер
кезектесіп жылдам дауыстап оқи бастайды және тыңдаушылар қате
сипаттаманы табулары қажет.
-
Бір студент ортаға шығады,
бүгінгі тақырыпқа қатысты қалған студенттер журналистер ретінде
сұрақтар қоя бастайды. Интервьюер жауап береді. Бірнеше студентпен
процесс кайталанады
|
-
«Трафарет» әдісі бойынша таза плакатқа
негізгі ұғымдар мен олардың сипаттамасын
бастайды.
-
Білім алушылар сұрақ жауап
әдісіне көшеді,ортаға салып ой
бөліседі.
|
Лекция дәптері,
қалам
|
7. Сабақты қорытындылау,
рефлексия (кері байланыс) графикалық
әдіспен
|
5
мин
|
Студенттерге қоғамдық тамақтандыру
орындарындағы менеджмент жайлы туындаған қандай да бір
сұрақтарымен жұмыс және студенттердің ұсыныстарын
тыңдау.
Сабақ барысында студенттердің
тамақтандыру орындарының менеджментпен байланысын анықтау,
талқылау. Туризм менеджері үшін тамақтандыру мекемелері түрлерімен
және атқаратын қызметтері жайлы білуі бағытында ақпараттар
алмасу.
|
Студенттер пікірі
тыңдалады. Плакатқа алдын ала дайындалған графика сызбасы және
стикерлер ұсынылады.
|
Плакат,
стикерлер.
|
8.Суденттерді
бағалау
|
5
мин
|
Студенттің сұрақтар арқылы
өзін-өзі бағалауы
1. Тақырып түсінікті болды
ма?
2. Мен қалай жұмыс
жасадым?
3. Мен үшін сабақтың
жаңашылдығы қандай болды?
4. Топта белсенді бола алдым
ба?
5.Досыма көмегім тиді
ме?
6.Сабақтағы жетістіктерім.
Оның себептері.
7. Сабақтағы кемшіліктерім.
Оның себептері.
8. Бағалау (3,4,5 балдық жүйе
бойынша)
9. Ой жүйріктігі,
тәртіптілікті сақтауы
|
Студенттер оқытушының
көмегімен өзін-өзі бағалауға көшеді.
|
|
9. Үйге тапсырма
беру.
|
5
мин
|
-
Тақырыпты толық
конспектілеу
Тамақтандыру
кәсіпорындарындағы менеджменттің мағынасы, мақсаты және
тапсырмалары тақырыбын оқып мәнін,
мағынасын ашу
|
Тапсырманы жазып
алады.
|
Күзембаева Г.К., Базылханова
Э.Ч. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы
менеджмент: Оқу құралы
/ Г. Күзембаева, Э. Базылханова.
– Астана: Фолиант, 2016. – 152 бет.
|