400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

сабақ жоспары "Таңғажайып еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәнінен оқытушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


«№4 КОЛЛЕДЖ» МКҚК







«Таңғажайыптар мен сиқырлар

әлемінде!»

атты интеллектуалды ойын сабағы.









Шымкент 2018-2019 оқу жылы












Орындағандар: Ануарова Г.Т.


Шымкент 2018-2019 оқу жылы

«Бекітемін»

директордың оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

Тулепбекова У.М.


---------------------------


Сабақтың тақырыбы: «Таңғажайыптар мен сиқырлар әлемінде!» атты математика және жаратылыстану пәндері бойынша интеллектуалды ойын сабағы.


Мақсаты:


Білімділік: Жаратылыстану және математика ғылымдардан алған

білімдерін тереңдету. Шығармашылық ізденістерін арттыру,

сөздік қорын байыту.

Дамытушылық: Ұйымшылдық қабілетін арттыру,өз бетінше жұмыс істеуге, ой қорытуға, ізденімпаздыққа үйретіп, пәнге

қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа,еңбекқорлыққа

тәрбиелеу.


Көрнекілігі:Қабырға газеттері,интерактивті тақта,диопроектор,

баяндамалар, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар,

слайдтар, фильмдер.



ЖОСПАР:

Ойынның шарттары:


  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ өз ұранын айту).

  2. «КІМ ЖЫЛДАМ?» (викториналық сұрақтар).

  3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ» (логикалық есеп).

  4. «КІМ ТАПҚЫР» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру).

  5. «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын». (Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді).

  6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік).

  7. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру).

  8. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару).


- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 12-20 сәуір айы аралығында колледжіміздің математика және жаратылыстану пәндерінің «МИФ кемесі – білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгін №4 колледж аралына келіп тоқтады.



Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазы мүшелерін айта кетейік.

4 колледж директоры: Асылбекова Л.А.

ДӨОҚО Тоқмұрзаев Ж.Н.

ДОІЖО Абилдаев Ғ.А.

ДОӘІЖО Кемалова А.Ж.

әдіскер Тастемирова Г.С.

ДТІЖО Тулепбекова У.М.



- Олай болса, «Таңғажайыптар мен сиқырлар әлемінде!» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!


Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

МИФ теңізі елінде,

МИФ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Жаратылыстың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

- Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Ойынға 2 топ қатысады.



  1. «Ойшылдар» тобы 2. «Тапқырлар» тобы


І. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)


1-топ: «Ойшылдар» тобы


Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.


2-топ: «Тапқырлар» тобы


Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


ІІ. «КІМ ЖЫЛДАМ?» (викториналық сұрақтар)


2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай


  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

  2. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

  3. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

  4. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

  5. Мұнай қандай зат?

(май тәрізді сұйықтық, жанғыш, судан жеңіл)

7.Бензин, керосин, мигройн, газойль бұның бәрі неге жатады?

( ашық түсті мұнай өнімдері)

  1. Маңғыстау мұнайы неге бай?

а) парафиндерге

ә) қаныққан көмірсутектерге

б) циклопарафиндерге

10.Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

11.Физика не туралы ғылым? /табиғат/

12.Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

    1. жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

14.Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

15.Дәлелдеусіз қабылданатын атау?

( аксиома)

16. Шеңбердің диаметрі 10 см радиусы неге тең?

(5см)

17.Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 30°С . Екінші бұрышы неге тең?

(30°)

18.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық атау?

( теорема)

19.Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

20.Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/



III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ» (логикалық есеп)


Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.



50 теңге 10 теңге 1 теңге


- Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.


IV. «КІМ ТАПҚЫР»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру)


- Оқушылар біздің «МИФ» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық. Қандай тапсырмасы бар екен? (Оқытушы 2 топқа арнап кезекпен кемеге қолын созып, бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.) Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай


Берілетін приборлар:



Амперметр Вольтметр Реостат


Катушка Электроскоп Трансформатор



1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/

4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/

5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/

6. Трансформатор /Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/


V. «ОЙЛАН ТАП» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау)


2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.


VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)


Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Жауабы: МЫСЫҚ

VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);


Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастырып,келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.


Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.


VIII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)


Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші шешкен адамға - 500 теңге ұтыс беріледі.


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту)



2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)



3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ» (логикалық есеп)



4

«КІМ ТАПҚЫР» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру)



5

«ОЙЛАН ТАП» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау)



6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік)



7

«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру)




Жалпы ұпайы




Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған -математика және жаратылыстану пәндерінің оқытушылары.

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!









Орындаған: Ануарова Г.Т.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.05.2019
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі