400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Танымға бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама үлгісіндегі 5-сыныптарға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

«--------» ------------ 2018ж

---------------------------------


Мектеп: «Үстірт орта мектебі» КММ Мерзімі: 10.10.2018ж

№6 сабақ Тақырып: Танымға бастар жол

Мұғалім: Н. Уразниязова Сынып: 5 «а», «ә», «б», «в»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, жігерлілік, шыншылдық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзін, өзгелерді, әлемді танып- білуге ұмтылыстың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларға танып-білудің қажеттілігін түсіндіре отырып, адалдық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды алға қойған мақсатына жетудің жолдарын үйрету арқылы жігерлілік қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеуааааа

Ресурстар:оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі 5«Т»еске түсіру.

Жағымды күйге келу. Тыныс алу жаттығуы

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6- 8 рет)

Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы «Қайырымдылық» Әбу Насыр Әл-Фараби туралы аңызды оқып мазмұндау

Адамның адамға бөлінген мейірім –шапағаты дегенді қалай түсінесіңдер?

Қайырымдылық жасаудың мәні неде деп ойлайсыңдар?

Риясыз қызмет ету дегеніміз не?

Өздерің басқаларға қандай қайырымдылық жасап жүрсіңдер?



Дәйексөз

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Халық мақалы

* Ұлдарға хормен оқыту.

* Қыздарға хормен оқыту.

* Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру.

* Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау


Әңгімелеу

Жақсылық

М. Құрманалин


Күн – жексенбі. Үлкенге де, кішіге де – демалыс. Нығыздап таптап тастаған биік қар үйіндісінің төңірегі толған бала. Бәрінің де жетегінде бір-бір қолшана. Қарлы төбенің басына шығып, төмен қарай кезек-кезек құлдилайды. Тайдан құлағандай, аударылып қалып жатқандары да аз емес. Оған ренжу қайда, қайта бәрі қосыла мәз болып күледі.

Осы думанға, шанасын сүйретіп, жеті жасар Жақсылық та қосылған. Ол да ақ қарға әлде неше рет аунап тұрды. Биіктен сырғанағанда, қар құшып құламасаң, қызығы бола ма. Ол, буы бұрқырап, екі беті бал-бұл жаньш, қарлы төбс басына қайта өрмелейді. Бала жаны биікке, жылдамдыққа құштар!

Жақсылық кезекті сырғанаудан кейін аптығын басайын деп тұрған. Базар жақтан иығында қапшығы бар карт балалардың тұсына келіп тоқтады. Ол қапшығын жерге қойып, мандайының терін сүртті. Аялдауына қарағанда қапшығы ауыр болу керек.

Жақсылық шанасын сүйретіп қарттың жанына барды.

– Ассалаумәликум, ата!– деп сәлем берді.

– Әликумсәлам! Бақытты бол! Қай баласың? – деді қарт жөн сұрап.

– Жақсылықпын!

– Е-е-е. Жақсылық болсаң, өзің бір тәуір жігіт екенсің. Әке-шешең бар ма?

– Бар!

– Олар нендей жұмыс істейді?

– Екеуі де теміржолшы, – деді Жақсылық.

– Ал, өзің оқисың ғой, қай класта?

– Екінші класта. Бәрекелде... оның дұрыс екен... Қой мен қозғалайын. Сен ойыныңнан қалма! – деді қарт. Жақсылық қартқа жақындай түсіп:

– Ата мына қапты менің шанама салып апарайық! Арқалап жеткізу сізге ауыр ғой! – деді.

– Біздің үй бұл жерден төрт-бес көше төменірек. Қайтарда адасып кетерсің. Өзім арқалап жеткізем ғой! – деп еді. Жақсылық алған бетінен қайтар емес. – Адаспаймын. Сіздің үйді білем. Сіз Шолпанның атасысыз ғой. Ол менімен бір класта оқиды, – деді.

– Е-е-е, өзіміздін бала екенсің ғой! Онда не сөз бар!– деп қарт қапшығын қолшанаға салды. Жақсылық оны сүйрей жөнелді.

Екеуі әнгімелесіп, үйге қалай жеткендерін білмей қалды. Қоштасарда қарт:

– Айналайын, Жақсылык, әке-шешең атыңды тауып қойған екен! Атаңды сыйлағаның –жұртыңды сыйлағаның! Бақытты бол! Өркенің өссін! – деп арқасынан қақты.

Жақсылық қарлы төбеге қайта оралып, ойынды одан сайын қыздырды.


  • Әңгімеде қандай жағдаят бейнеленген?

  • Жақсылықтың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?

  • Мәтіндегі «Атаңды сыйлағаның – жұртыңды сыйлағаның!» деген ойды қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің басқаларға көмектескен кезде қандай сезімде боласыңдар?Әңгімелеп беріңдер.



Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма: «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты қайырымдылық акциясын өткізудің жоспарын құру тапсырылады.

2-тапсырма: «Мейірімділік – жүректе» тақырыбында сахналық көрініс көрсету


Топпен ән айту Бала тілегі

С.Молдасанұлы

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан- байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.



Үй тапсырмасы: Оқулықтағы Сухомлинскийдің «Қарапайым адам» атты әңгімесі берілген оқып мазмұндау


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымыздан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі