Сабақ жоспары Танысу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалармен психологиялық жұмыстар жүргізу. Әлеуметтік өарым-қатынасқа даярлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-сабақ «Танысу»

Мақсаты: Балалардың өзін таныстыруға, дұрыс сәлемдесуге, басқаларды тыңдай білуге үйрету. Сәлемдесу арқылы, балалардың бір-біріне деген жылы сезім мен жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру.


Шаттық шеңбері. Сәлемдесу.

К әне, кәне, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды соғайық.

Оң жақтағы баламен,

Сол жақтағы баламен,

Сәлемдесіп алайық.

Сәлем, сәлем, сәлем! Салеметсіңдер ме балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!


Жұмбақ

Таңмен көзін ашады.

Әлемге нұрын шашады. (Күн)


- Балалар әрбір күн- таңертеңнен басталады. - Таңертен күн оянып, аспанға жоғары көтеріледі екен. Содан кейін ол жақсы істер істеуге кіріседі. – Балалар, қалай ойлайсыңдар күн қандай «жақсы істер» істейді?

-Дұрыс, күн жерді жылытады, айналаны жарық қылады. Бізге шуағын төгеді. Балалар бетімізді күнге қарай қойып жылытайық. - Не сездіңдер? -Енді саусағымызбен жаттығу жасайық.

СРисунок 216 аусақ жаттығуы.

«Күн сәулесін төгеді».

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын !

Жарайсыңдар балалар!

Тамаша!

  • Бүгін біз алғаш рет кездесіп тұрмыз, сондықтан да бір-бірімізді танымаймыз. Ендеше бүгінгі сабағымызды танысудан бастайық!


Ойын «Өз атыңды ата»

Мақсаты: топта балаларға етене жақын танысу үшін жағдай жасау. Жағымды қарым-қатынас түзу.


Ойынның барысы: Балаларға шеңбер құрып тұру ұсынылады.

-Балалар менің қолымда сүйкімді жүрекше бар. Осы жүрекшені бір-бірімізге беру арқылы танысып өтейік. ( Балаға өзін таныстыру ұсынылады, атын толық айту) Міне жүрекше де менің қолыма қайтып оралды. Одан мен жүректеріңіздің жылуын сезіп тұрмын. Ендеше, шеңбер бойынша «Танысқаныма қуаныштымын!» -деп бір-бірімізге қарап күлімсірейік.


Ойын «Сенің есімің қандай мағынаны білдіреді »

Мақсаты: балаларды өзінің жақсы жақтарын ғана ойлап, оны айта білуге үйрету.


Ойынның барысы:

-Айтыңдаршы балалар, адамдар бір-бірімен қалай танысады?

-Есімдерін атайды.

-Есім дегеніміз не?

-Ия балалар, ата-ана дүниеге келген сәбиіне мағынасына сай әдемі, сұлу есім беруді қалайды. Кез келген атты қойғанда, әр адамға есімін лайық етіп қояды. Мысалы: әдемі болсын деп-Әдемі, ақылды болсын деп-Дана, ержүрек, батыл болсын деп –Ербол , ойлаған армандар орындалсын деп-Арман, бай болсын деген ниетпен -Байжан деп атаған.

- Балалар, сендерге өз есімдерің ұнай ма?

- Сендердің есімдерің қандай мағынаны білдіреді, оны сендерге кім қойғанын айтып бере аласыңдар ма?

- Менің есімімді «айдай сұлу» болсын деп, апам Аружан қойыпты.

- Ал, менің атымды елге аяулы болсын деп атам Аяулым қойған.

- Ал, менің атымды Айша деп әжем қойған.

- Жарайсыңдар, балалар! Сендерге ата-аналарың көп үміт артып, әдемі есімдер беріпті. Сендер өскенде ата-аналарыңның үмітін ақтап, аттарыңа заттарың сай болып өсіңдер.


Сурет салу: «Өз бейнеңді сал» .


Балалар кілем үстіне ыңғайланып жайғасады.

Педагог балаларға жиегі жасыл түсті қағаздан жасалған «айна» таратып беріп, оған өз бейнелерін салып берулерін ұсынады.

(Педагог балалардың жұмысына араласпай, бақылап отырады)

Релаксация

- Ал енді, көздеріңді жұмып әр қайсың, өз есімдеріңді дауыстап атап, оның қандай әдемі естілетінін, әрі өздеріңе қалай тамаша жарасатынын сезініп көріңдер!

Талқылау:

1.Алғаш бейтаныс болған кезде қандай сезімде болдыңдар?

2.Танысу барысында не сездіңдер?

3. Сабақ соңында өздеріңе деген көз- көзарастарың өзгерді ме?

4.Ал, қазір көңіл күйлерің қандай?


Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық-деп жаттығу соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
2687
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі