Материалдар / Сабақ жоспары тақырыбы: Адамның еркіндігі 9 сынып

Сабақ жоспары тақырыбы: Адамның еркіндігі 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам еркіндігінің маңызы туралы айта отырып, ішкі тыныштық құндылығың мәнін ашу. өз өмірі мен денсаулығының құнын түсінеді, салауатты өмір салты туралы білімін тәжірибеде пайдаланады, өмірлерінен жағымсыз әдеттерді шығару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
1044
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім:2

II. Адам болам десеңіз...

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 9 «А»

Қатысушылардың саны

Қатыспағандардың саны

Сабақтың тақырыбы №16

Адамның еркіндігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


  1. өз өмірі мен денсаулығының құнын түсінеді, салауатты өмір салты туралы білімін тәжірибеде пайдаланады, өмірлерінен жағымсыз әдеттерді шығаруға тырысады;


Құндылық

Ішкі тыныштық

Қасиеттер

ұстамдылық, сыпайылық, табандылық


Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам еркіндігінің маңызы туралы айта отырып, ішкі тыныштық құндылығың мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік


1. Білімділік: Оқушыларды ұстамды болуға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы табандылық қасиеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру/ кезеңі


1.Жағымды көңіл күй


3 минут

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. «5Т» ережесін еске түсіреді.


Мұғалім «Нұрға бөлену»жаттығуын өткізеді.

Нұрға бөлену

Оқушылар

Нұрға бөлену

жаттығуын жасайды.

Әуен.

Волшебная композиция Хрустальная грусть

https://mp3party.net/music/3230260

2.Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелесу)


3-5 минут

1. №16 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №16, «Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: халыққа алғысымды осылай білдіргім келеді» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Сұхбат кейіпкерінің «Өмірін күреске, бос уақытын жаттығуға арнаса, әлбетте, нәтиже шығады. Шыңға шығудың оңай әдісі болмайды» деген тұжырымынан қандай ой түйдіңіздер?

2. «Әркімнің несібесі, ырзығы бар, істеген ісін өлшеп, еңбегін бағалайды» деген пікірді қалай түсіндіңіздер?

3. «Олимпиадаға дейін алдымызда екі үлкен біріншілік бар. Сол жерде көк туымызды желбірететіндер көп болса екен» деген сөздерден кейіпкердің бойындағы қандай қасиеттерді байқауға болады?

4. Сіздің ойыңызша, ата кәсіпті қолға алу арқылы адам кейінгі ұрпаққа үлгі бола ала ма?


Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беріп, өз ойларын анық айтады.

9 сынып оқулығы.

Суреттер,

қалам, дәптер.

Слайд.

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)


3 минут

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.

Әл-Фараби

Сұрақтар:

  1. Сіздің ойыңызша, толық еркіндікке жету деген нені білдіреді? Бұл мүмкін бе?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылар дәйексөзді үш рет айтып,

дәптерлеріне жазады.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)


7 минут

Адам еркіндігі

Адамзаттың аспанында жарқырап тұратын жұлдыздар сияқты өте биік сөздердің арасында «еркіндік» сөзінің орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай қажет екенін барлық адамдар түсінеді және келіседі, ол керемет құндылық, байлық: еркіндіксіз өзің бола алмайсың, өз қылықтарың үшін жауап бермейсің, өзіңді өзің көрсете де алмайсың. Бірақ осы «азаттық», «еркіндік», «бостандық» дегеннің өзі не, оны қалай түсінуге болады? «Еркіндік» және «жауапкершілік» ұғымдарының бір-біріне қандай қатысы бар, қандай байланысы бар? «Сөз бостандығы», «ар бостандығы», «баспасөз бостандығы», «демократиялық бостандық», «ерікті, азат қоғам» – біз бұл сөздерді үнемі естиміз және пайдаланамыз. Бірақ бостандық, азаттық деген не? Ол шын мәніндегі байлық, игілік пе? Көпшілік кейде адамның күші, байлығы, билігі және де басқа ресурстары қаншалық көп болса, ол кез келген мәжбүрлеуден азат, тағдырдың кез келген сынынан соншалықты азат деп ойлайды. Алайда билік пен байлық кей жағдайда өзін өзі қолдаудың жүйесіне, құралына айналады. Адам оларды өзі үшін сақтап қалуға қаншама күш, жігер, көп уақыт жұмсайды, мұндайда азаттық, еркіндік, бостандық туралы ой миыңа кіріп те шықпайды. Бенедикт Спиноза бостандықты санамен, оқу-ағартумен, адамның білімділігімен байланыстырып, еріксіздікті, тәуелділікті надандықтың көрінісі, соның салдары деп санаған. Орыс философы Н.А.Бердяев адамды азат, ерікті жасайтын оның таңдауға, шығармашылыққа, өзі мен қоршаған ортасын өзгерту мүмкіндіктері деп есептеді. Өз тағдырын, іс-әрекетін өзі анықтай алатын адамды ғана азат деп атауға болады. Г. Спенсер «Еркіндіктің не екенін өте түсінбейтін адамдар оны өте тез жоғалтып алуы мүмкін» деп ескерткен. Нағыз адамгершілік әрекет жақсылық пен жамандықты еркін айыра алусыз мүмкін емес, сондықтан да бүкіл этикалық жүйелер адам еркінің бостандығын мойындайды.


Сұрақтар


1.«Еркіндік» дегеніміз не?

2.Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Бұл орайда еркіндік қаншалықты маңызды? Мысал келтіріңіздер.

3. Белсенді өмірлік ұстанымы бар адамның әрекетінде жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс береді деп санайсыз?


Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беріп, өз ойларымен бөліседі.

Плакаттар,

суреттер,

оқулық

5. Шығармашылық жұмыс/ Жобалау қызметі

12 минут

3-тапсырма. Төменде берілген тапсырмамен мұқият танысып шығып, сахналық қойылымдар дайындаңыздар. • Оқушылардың шағын топтары (3-5 адамнан) адамның басты құқықтары мен бостандықтары көрсетілген карточкалар алады. • 7-10 минут ішінде карточкадағы сөздермен аяқталатын жағдаят ойлап, оны сахналау қажет. • Әр топ өзі даярлаған сахналық қойылымын көрсетеді.

Карточкалар

Әрбір азаматтың өз пікірін және ойын айтуға құқығы бар.

Әрбір азаматтың қай жерде тұрғысы келсе, сонда тұра алады. Әрбір азаматтың өз елінен кетуіне және қайтып оралуына құқығы бар.

Әрбір адам өз елінің азаматы болу құқығы бар. Ешкім азаматтығынан айрылу немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айрылған жоқ.

Ешкім басқа біреудің құлы бола алмайды.

Әрбір азамат билік органына сайлауға және сайлануға құқықты. Сайлау жалпыға бірдей, еркін және тең болуы тиіс!

Ешкімнің басқа адамды ренжітуге, кемсітуге және аяусыз жазалауға құқығы жоқ!

Әрбір азаматтың мүлікке ие болу құқығы бар және оған тиісті мүлікті ешкімнің тартып алуға құқығы жоқ!

Ешкімнің басқа азаматтардың жеке өміріне араласуына, рұқсатсыз бөтен үйге кіруге және бөтен хаттарды оқуға құқығы жоқ!

Әрбір азаматтың мектепке барып, тегін білім алуға құқығы бар!

Барлық адамдар тең және азат болып туады, барлығының бірдей құқықтары мен қадір-қасиеті бар. Барлық адамның ақылы бар және олар бір-біріне аға мен қарындас сияқты қарауы керек ...

Сенің түр-түсіңнің қандай екені, қай ұлтсың және қай тілде сөйлейсің, саяси көзқарасың қандай, дінің қандай, қандай

отбасынансың, байсың ба, кедейсің бе, әйелсің бе, ер адамсың ба, қандай елде тұрасың – Декларацияда көрсетілген барлық құқықтар мен бостандықтар әрбір азаматқа тиісті!

Оқушылар

Адамгерші-ліктің 7

қағидасын атайды.

Қанатты сөздерді оқып, ой-пікірлерін ортаға салады.


7.Үй тапсырмасы

2 минут

1. №16 – сабақ. 7 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №17, «Қайран менің жан анам...» мәтінін оқып келу.


Оқулық,

дәптер,

қалам

Топпен ән айту

3 минут

Біздің елдің жігіттері Сөзін жазған Есенқұл Жақыпбек

Әнін жазған Жәкен Омаров

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,

Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы?

Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден,

Өйткені олар –ақиқат пен шындық сөздің жебесі.

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,

Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі.

Осы жұрттан бақ пен Қызыр қашпаса екен деп тілеп,

Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны,

Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.

Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,

Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.

Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр,

Солар жүрген жолдарменен дәтің болса, жүріп көр.

Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,

Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.

Оқушылар

мұғаліммен

бірге

ән айтады

Әні-Ербол Байырбеков, Сөзі-Ақмарал Леубаева)

https://www.youtube.com › watch


8. Сабақтың қорытынды сәті.

3 минут

Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!


(әуенмен)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ