Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. Тақырыбы: Күн тәртібі 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру.Барлық оқушылар: Күн тәртібін сақтау маңыздылығын біледі. Көптеген оқушылар:Тәулік бөліктерінің ерекшеліктерін айта алады. Күн тәртібінің адам өміріне маңыздылығынтүсінеді. Кейбір оқушылар: Өзінің күн тәртібін құрады, әңгімелеп айта алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Дүниетану Мектеп: Павлодар облысы Екібастұз қаласы Майқайың ЖОББМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам

Күні: 17.09.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Ташмаганбетова Каламкас Хабибуллаевна

Сынып:1 Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:


Күн тәртібі.

Оқу мақсаттары:

1.1.2.4.Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Күн тәртібін сақтау маңыздылығын біледі.

Көптеген оқушылар:Тәулік бөліктерінің ерекшеліктерін айта алады. Күн тәртібінің адам өміріне маңыздылығынтүсінеді.

Кейбір оқушылар:

Өзінің күн тәртібін құрады, әңгімелеп айта алады.


Бағалау критерийлері:

  • Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралы

әңгімелейді.

* Өзініңкүнтәртібінқұрастырады

Тілдік мақсат

Терминология:Күн тәртібі, уақыт, апта күндері, сағат,таң ату, таңертең, тал түс, күн, кеш, түн,күні бойғы әрекеттер мен оқиғалар

Диалог тіркестер:

-Тәулік уақытын ажырата аласың ба?

-Күн тәртібі не үшін керек?

- Тәулік мезгілдерін білесің бе?

Құндылықтарды дарыту

Күн тәртібіне бағыну

Уақытты үнемдей білуге баулу

Диалогтық сөйлеу мәдениетін қалыптастыру


Пәнаралық байланыс

Математика дене шынықтыру.


АКТ қолдану

Бейнеролик «Балапан және оның достары» мультфильм (Ютуб)

Алдыңғы оқу

Оқушылар сурет бойынша күнделікті өмірде бізге қандай заттар қажет екендігімен танысқан.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс -әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Шаттық шеңбері. «Арайлап атсын әр таңым» Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Тәулік уақытының суреттері бойынша оқушыларды топқа бөлу. ( таңертең,түс,кеш,түн)

Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

«Балапан және оның достары» мультфильм

(Ж) Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша күн тәртібі туралы жұпта талқылайды. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша өз ойымен бөліседі.

Дескриптор:

-сурет мазмұнын түсінеді

-сурет бойынша әңгіме құрастырады

-күн тәртібінің ретін сақтайды

«Баспалдақ» әдісімен бағалау

Суреттер

оқулық


1-тапсырма. (Т.Ж)

«Елші» әдісімен Баланың күн тәртібінің ретін анықтап, күн тәртібі туралы топта талқылайды, көрші топтарға өз ойымен бөліседі. Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?



Дескриптор: Білім алушы

- суреттегі күн тәртібінің ретін анықтайды;

- күн тәртібін сақтау туралы ой бөліседі

Бағалау. "Алма ағашы" әдісі арқылы .

Оқушыларға сабақ басында екі түсті алма беріледі.Тапсырманы орындап болғасыналма ағашына ілу керек.Жасыл түсті-бүгін барлығын жақсы орындадым.Қызыл түсті алма-мен тапсырманы орындай алмадым.

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Оң аяқ,сол аяқ,

Жаттығу оңай -ақ

2-тапсырма

(Ұ)«Қар кескіні» әдісі

- таңертең нешеде оянасың?

- күндіз немен айналысасың?

- нешеде ұйықтайсың?


Дескриптор: Білім алушы

- Күн тәртібін сақтау туралы ой бөліседі

"Бес саусақ"әдісі арқылы оқушылар бірін -бірі бағалайды..



Қалыптылық бағалау №1 тапсырма



























Қалыптық бағалау №2 тапсырма



Саралау.

Тапсырма тәсілі

«Кластер» әдісімен қима суреттерден постерге оқушының күн тәртібін құрастырыңыз. Оны өз күн тәртібіңізбен салыстырыңыз


Күн тәртібін сақтау маңызды ма? Неліктен? Топта талқылаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- қима қағаздардан күн тәртібін дұрыс құрастырады;

- өз күн тәртібімен салыстыра әңгімелейді;

- күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді


«Бағдаршам» әдісімен бағалау



Қима суреттер


Сабақтың соңы

Рефлексия

"Білім ағашы" әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

  • Түсіндім

  • Сұрағым бар

  • Түсінбедім



Тапсырма

Дереккөзі

Қарқын

Қорытынды

Тапсырматәсілінсабақтыңортасында жоспарлаймын

Т. «Баспалдақ » әдісі арқылы топтық жұмыстарды бағалаймын.

Ж. "Алма ағашы" әдісі арқылы оқушылар бірін- бірі бағалайды..

Ұ. «Бес саусақ» әдісімен бағалайды

Ж. «Бағдаршам» әдісімен бағалайды


АКТ жұмысы барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
842
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12