15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары Тақырыбы: Табиғатпен үйлесім
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 27
Мұғалімі:
Сыныбы: 3
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Табиғатпен үйлесім
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, достық, жан-жануарларды жақсы көру
Мақсаты: Оқушыларға табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылардың өзара достық сезімдерін дамыту 3. Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жануарларды жақсы көруге тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru
|
Сабақтың барысы:
1. №26– сабақ. Оқулықта берілген 3 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №27, «Жақсы ата – орман, жақсы бала - қорған» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Тоғайдың бастапқыда жағдайы қалай еді? 2. Зейнеткер кісі тоғайға қандай қамқорлық жасады? 3. Атайдың немерелері қандай істермен шұғылданды? 4. Ел ішінде қандай нақыл сөз қалыпты? |
|
« Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» Халық даналығы Сұрақтар: 1. Табиғат тазалығын қалай сақтау керек? 2. «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
Т. Молдағалиев Бұлақтарға жан бітті, Тау демалып жаңғыртты. Толқындарын көтеріп, Тастан-тасқа қарғытты.
Бір-бірінен қалмайды, Қанаттары талмайды. Қосылғанша өзенге, Жүгіруден танбайды.
Шанқылдайды шағала, Жыр сыйлайды далаға. Сыңғырлайды көп толқын, Жұпар шашып жағаға.
Құстар бері, ары ұшып, Жүр бұлттарға жабысып. Мен де бірге жүгірем Толқындармен жарысып Сұрақтар: 1. Өлеңдегі «Бұлақтарға жан бітті» деген жолды қалай түсінесіңдер? 2. «Тау демалады, тастар қарғиды, шағала жыр сыйлайды» - деген жолдардан табиғаттың қандай бейнелерін көре аласыңдар? 3. Сендер қандай әрекет арқылы қоршаған ортаның сұлулығына қамқорлық көрсетіп жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер. |
|
Оқушылар төрт топқа бөлінеді. «Күн, су, жер, өсімдіктің адамға қандай пайдасы және адамның оған тигізер пайдасы» |
|
Туған жер 1. Алыс кетсем мен сеннен ансай жүрем Сағыныштың сазынан ән сап жүрем туған жер Ауылымның түтүні ай қымбат маған Қымбат маған белдері ай күн қақтаған туған жер Қайырмасы Туған жер өзін дегенде Жүремін әр кез елендеп Бір сезім билеп алады ай Жүрегім дүрсүл қағады ай
А-а-а-ай Бір сезім билеп алады ай Жүрегім дүрсүл қағады ай
2. Көзді тартып жайнайды ай далан гүлден Қасиетінді қашанда балан білген, туған жер. Бұл өмірде шіркін ай не жетеді Құшағымда әкен мен анам жүрген
Қайырмасы Туған жер өзін дегенде Жүремін әр кез елендеп Бір сезім билеп алады ай Жүрегім дүрсүл қағады ай
А-а-а-ай Бір сезім билеп алады ай Жүрегім дүрсүл қағады ай |
|
7. Үйге тапсырма 1. №27– сабақ. Оқулықта берілген 6 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №28, «Обал» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген