жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
САБАҚ ЖОСПАРЫ ТАҚЫРЫБЫ: “Табиғатпен үйлесім ”
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Бекітемін:_______ Колледждің әдіскері:
Аманбаева.Х.А. «Келісемін»_______ Сынып жетекшісі:
Музафарова.Р.К.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ТАҚЫРЫБЫ: “Табиғатпен үйлесім ”
Өтетін орны: № 4 ЖОББМ КММ
Дәрісхана: 40
Сынып: 3 “Ә”
Мерзімі: 10.04.2020
Тобы: 210
Машықкер: Ашимгазина Балнұр
Семей, 2020 жыл
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №4 ЖОББМ КММ
Мерзімі: 10.04.2020ж
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үйлесім Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Қоршаған ортаға қамқорлық, тілалғыш болу, батылдық. Мұғалім : Музафарова Р.К
Сынып: 3 «ә»
Сабақтың мақсаты: Туған өлкенің табиғатын сақтау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру Міндеттері: Білімділік: -табиғатты қорғауда үлкендрдің орны ерекше екендігін үйрету. Дамытушылық: - тілалғыштыққа баулу: Тәрбиелік: - батылдыққа тарбиелеу. |
Интернет Ресурстар: |
Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» - ережесін сақтау. Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Оқушылар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнді татулықпен өткізейік.елу |
|
«Өз күлкінді щеңбермен көршіне сыйла» жаттығуы. Щеңберде тұрып, «Мен саған өз күлкімді сыйлаймын, ал сен көрші сыйла» деп жалғастырамыз.
|
|
3 .Дәйексөз «Табиғат тал бесігің – аялай біл» Нақыл сөз
|
А3 форматта |
Наурызгүл Ертеректе Қаратау өңірінде бағасы асып, дәулеті тасыған жылқылы бай өтіпті. Сол төрт құбыласы түгел мырзаның жалғыз қызы ұзатылуға санаулы күн қалғанда мұрттай ұшып, ұшына ауырады. Қолы ұзын, қалтасы терең, уәлі ауызды адамға не тұрады, ат тұяғы жететін жерден бақсы – балгер, емші – тәуіп, құшнаш – тамыршыларды тегіс алдырып, апталап, айлап қаратады. Бірақ ештеңеден тапшылық та, таршылық та көрмей бұла болып өскен қыздың дертіне дауа табылмайды. Бір мезгілде қырын келген қыс қайтып, мұз бұзылып, қар еріп,көктем иісі бұрқырап біліне бастайды. Күннің осы жылт еткенін қапы жібермейтін байдың жылқышылары малды таудың еңіс етегіне түсіріп, өздері кір – қоңын жудыруға үйлеріне келеді. Жылқышылар арасында «бай болып көрмеген, кедей болып өлмеген» аса намысты, кеудесін ешкімге бастырмайтын еті тірі сері жігіт болыпты.Байдың ерке қызы « ерді кебенек ішінен танып», әкесінің осы жылқышысын көптен ұнатып жүреді. Бірақ «қызға қырық үйден тыюдың» дәуірлеген шағында әдептен озбай, іш құсадан дерті меңдей түседі. Дауасыз дерттің неден екенін қапысыз білетін жігіт таудан етекке түсерде кез келгеннің қолы жете бермейтін, мұзарт шыңда өсетін наурызгүлдің бір уысын алып келіп, есебін тауып, ардақ тұтқан аруына ұсынады. Жігіттің жүрек сәлемі дер кезінде, дәл мезгілінде тиеді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, мең – зең күйде жатқан қыз қасат қарды жарып шыққан қайсар гүлді көріп, басын жастықтан жұлып алыпты. Ол ештеңеге елең етпей, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін гүлге қадап: «О, айналайын сенен, қадірлім де қасиеттім, сарғайтып, сағындырған Наурызгүлім, жанымның шипасы» , - деп емірене иіскеп, кеудесіне құшырлана қыса беріпті..... Сырқат қыздың сол күннен бастап беті бері қарайды. Тазалық пен пәктік, төзімділік пен қайсарлық тал бойына дарып, жинақталған осы асыл өсімдіктің емдік дәруінен бай қызы сауығып, әрі «ел мақтаған жігітке» көңілі толып, ауруынан айыққан екен дейді көнеден қалған аңыз.
1.Қызды Наурызгүл қалай сауықтырды ? 2.Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма ? Неліктен ? 3.Наурыз гүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?
|
Оқулықтан
|
5.Шығармашылық жұмыс З топқа бөлу: 1-топ: Биллингвалды компанент. Осень -Күз Листья -Жапырақ Табиғат -Природа Құс -Птица 2-топ: «Табиғатты аялайық» сурет салу. 3-топ . «Орман», «қамрқорлық» сөзіне ребус құрау.
|
А4 форматтағы ақ беттер, түрлі – түсті қарандаштар, тарапта материалдар |
7. Топпен ән айту Ертегілер әлемі. Ғажайып
түс көрдім, Гүлдерден,
бұлттардан, Сый
әкеліп жатты |
https://mus.nur.kz/text-1067972-ajgerim-kalaubaeva-ertegiler-alemi
тарапта материалдар |
Үйге тапсырма. Келесі сабақ: 130 бет «Таңғы тыныштық» оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рефлексия Бас бармақ әдісімен бағалау.
|
https://www.youtube.com/watch?v=xcIUxFJGL9Q&feature=share
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген