400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы. Алдыңғы. Кейінгі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобы жетекшілеріне. сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы. Алдыңғы. Кейінгі.

Мектеп/МҰ: Жаңаөзен мектеп гимназиясы

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Елемесова Айдана Таңатқызы

Сыныбы: МАД «А» тобы

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-ның мақсаты

Кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан шығатынын түсіну. Кез келген саннан бір санды кемітсе одан бұрынғы (алдындағы) сан шығатынын түсіну.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

-кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын түсінеді. Көптеген тəрбиеленушілер:

-кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды анықтайды.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-алдыңғы, кейінгі.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

– Осы санға қатысты кейінгі сан қалай туындайтынын жəне осыған қатысты алдыңғы сан қалай туындайтынын түсіндір.

– Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне келесі сандар орындарын ауыстыра ала ма?

– Санаудың қандай түрлерін білесің?

Жазу: -түрлі түсті қарындаштармен бояу.

Алдынғы оқыту

Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы 0–5 минут











Ортасы 6–15


16-25 минут

Ынталандыру.

Педагог балаларды өздерінің отбасы туралы əңгімелеулерін сұрайды. «Отбасы» сөзінің мағынасын түсіндіреді.

Өзектендіру. Педагог балалардан отбасы деген не, оның бала өміріндегі маңызы қандай деп сұрайды. Əрбір адам үшін отбасы – бұл бала кезімізден бері бізбен бірге болған туған адамдар. Отбасында адамның жеке басы, оның тəрбиесі қалыптасады. Сондықтан əдетте адамның кім болатыны отбасының қандай болуына байланысты.

Үйренгенді бекіту Балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақ-əнді орындайды.

Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-суретке қарауды ұсынады. Балалар отбасы мүшелерін, содан кейін олардың вагондарға орналасу тəртібін атайды.

Педагог балаларға сызықпен вагонды оның реттік нөміріне сəйкес келетін цифрмен біріктіруді ұсынады.

Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)

Бұрын үйренгенді бекіту

Əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы орындау ұсынылады. Балалар қалдырылған цифрды тауып, оны төмендегі карточкалармен сызып қосып, бояйды. Осы тапсырманы орындау реттік санау жəне цифрлық бейнені санның сандық сəйкестігімен беттестіру білімін бекітуге ықпал жасайды.











Əліппе-дəптер. Компакт-диск, 20-ға дейін санамақ-əн.




Əліппе-дəптер

Қорытынды бөлім

26-30

Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
1078
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі