400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Сабақ жоспары .Тақырыбы:Білім – өмір шырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға білім – өмір шырағы екенін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды шындықты айтуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: 19ЖОББМ

Күні:____________

Мұғалімі: Сеитова Т.М

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: №6. Білім – өмір шырағы

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, шындықты айту, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға білім – өмір шырағы екенін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды шындықты айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilimdiler.kz

2.https://infourok.ru

3.https://www.zharar.com/kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену».

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №4 – сабақ. Оқу, білім туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №6, Жазира Жайлаубекқызының «Бізге сабақ болған бата» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Оқушылар неліктен атайдың батасынтүсінбеді?
2. Атайдың батасынан қандай құндылықтар менқасиеттерді байқадыңдар?
3. Мұғалімнің «Кім болсақ та, біздің жақсы адам,жақсы дәрігер, жақсы қаржыгер болғанымызмаңызды» дегенін қалай түсінесіңдер?
4. Өздерің үлкендерден қандай бата алдыңдар?Әңгімелеп беріңдер.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Оқу инемен құдық қазғандай

Халық даналығы

Сұрақтар:
1. Білімдеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жақсылардың жақсысы

Қ.Толыбаев

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты.Үйдің айналасы бау-бақша екен.Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.Ол ылғи жабық тұрады екен.Сонда әкесіне қызы:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын,-деді.

-Оның дұрыс, қызым.Жақсылардың ең жақсысы сонда.Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін.Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді қыз есейіп бой жетеді.Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады.Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді.Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлаптұрып:

- Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің.Мен одан ұршық, өрмек,кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,-дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!

- Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады.Ал кітап оқысаң, білімің артады.Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ.Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,-деп түсіндірді әкесі.

Сұрақтар:

1. Сіздер қыздың әкесінің өрмек,ұршық және кітапты«жақсылардың жақсысы» дегенімен келісесіздер ме? Неліктен?

2. Кітаптың адамға берер пайдасы қандай?

3. Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Еңбектің қай түрімен айналысқанды жақсы көресіздер


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді

Тапсырма:Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Атасы немересіне:
– Тек қана кітаптан ғана білім алмайсың, білімді барлығынан да ұшқан құстан, жорғалаған жәндіктен де алуға болады.
«Білген адамға табиғат та, дос та, ұстаз да, іні-қарындас та кітап», – деді.
Алайда немересі атасының сөзіне түсінбей ойланып қалды...
-
Сендер қалай түсіндірер едіңдер?
- Ө
здерің білімді қайдан аласыңдар?


6. Топпен ән айту.

Мұғалiм – ол бiздiң
Өлеңін жазған: Мұзафар Әлiмбаев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Бiлiмнiң кiлтiндей
Әлiппе ұстатқан.
Оқуға iркiлмей,
Тоқуға ұстартқан.
Қайырмасы:
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалiм – ол бiздiң!
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалiм – ол бiздiң!
Қиынға төзуге,
Үйреткен қашан да.
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.


7. Үй тапсырмасы.

1. №6 – сабақ. Күнделік жазу .

2. Келесі сабақ. №7, Жазира Жайлаубекқызының «Менің мектебім» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
1101
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі