жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге"
Күні: 01.02. Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау. 5.А1 Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу. 5.05 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу. |
||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтай алады. Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтай алады. Кейбір оқушылар: Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала біледі. |
||||||||
Тілдік мақсат: |
Оқушылар... (істей) алады: Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала біледі. |
||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Шыққан жылы,бейне,төл теңге,өңір, мерейтой,арнайы,ерекше |
|||||||||
Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер): |
|||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: Ақшаның адам өміріндегі маңызы қандай? |
|||||||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
|||||||||
Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге дегенге сенің көзқарасың қандай? |
|||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: оқулықтағы тапсырмаларды орындау. |
|||||||||
Бағалау критерийлері |
Өз көзқарасын дәлелді жеткізеді, баға береді. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді қолданады. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала біледі. |
||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, жомарттық ұғымдарын түсінеді |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану,көркем еңбек, әдебиет сабағы |
||||||||
Алдыңғы сабақ |
Тәуелсіздік нышандары |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасы Қызығушылықты ояту Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижелері айқындалады. Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі. |
|
|||||||
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақты меңгеру
Жұптық жұмыс
|
Мағынаны тану. 1-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап жаз. Дескриптор -тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды; -өз көзқарасын дәлелді жеткізеді, баға береді; -мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Дескриптор -өз көзқарасын дәлелді жеткізеді, баға береді; -мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды; -тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды.
ҚБ Кері байланыс
3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің антонимін тап. Дескриптор -мәтінді түсініп оқиды,тыңдайды; -қою қаріппен берілген сөздердің антонимін табады; -тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді қолданады.
ҚБ Кері байланыс
4-тапсырма. Мәтінге сүйеніп,ақпараттың дұрыстығын тексер.Түсіндір.
Дескриптор -мәтінге сүйеніп,ақпараттың дұрыстығын тексереді; -себебін түсіндіреді; -өз көзқарасын дәлелді жеткізеді, баға береді; -тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді қолданады. |
Таныстыры-лым, оқулықпен жұмыс
|
|||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия «3 Қ» стратегиясы
Бүгінгі сабақта не қажет болды? |
|
|||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіп-сіздік техн. сақталуы |
|||||||
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлем-дердің көпшілігін дұрыс қайталайды. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||
Тексерілді : _____________
Сабақ тақырыбы: |
Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге. |
|
Білімділік: |
Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушылардың ұлттық теңге жайлы ақпараттық ұғымын қалыптастыру. |
|
Дамытушылық: |
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру. |
|
Тәрбиелік: |
Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы патриоттық тәрбие беру. |
|
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
|
Жетістік крирерийлері: |
ОТЖ: ұлттық теңге жайлы ақпарат береді. ООЖ: ұлттық теңге жайлы айтады, сипаттайды, өойылған сұрақтарға жауап береді. ОЖЖ: тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, ұлттық теңгеге байланысты шағын мәтін құрайды. |
|
Жаңа сөздер: |
Шыққан жылы, бейнесі, төл теңге, өңір, мерейтой, арнайы, ерекше. |
|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. |
Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. |
Өткен сабақты тексеру |
28 бет, 7-тапсырма. жазбаша жұмыстарын тексеремін. Сонымен қоса жаңа сөздерді сұраймын. (А4 парағына жазып отырады) |
Жаңа сөздерді жазады. |
І.Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Ұлттық теңге» деректі бейнежазбаны көрсету. |
Бейнежазбаны тамашалайды. |
ІІ.Мағынаны тану |
1.Сөздікпен жұмыс. А) жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту. Оларды оқып, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Жазылым. Сөздік дәптерлеріне жазып алады. |
|
2.Мәтіналды жұмыс. А.Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. 1.Баланың қолында не бар? 2.Ол ақшаны не үшін қолданады? |
Жазылым. Сұрақтарға жауап жазады. |
Сергіту сәті |
3.Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындату. Аталған елдердің ұлттық валюта атауларын жазу. Ресей – рубль Қытай – юань Қызғызстан - сом Өзбекстан – сум Үндістан – рупия Германия – евро Египет – фунт Англия – фунт стерлинг АҚШ – доллар Түркия - лира (8-тап) |
Тыңдалым. Оқылым. |
|
Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тап.орындату. Менің ақшам. Сенің ақшаң Сіздің ақшаңыз Оның ақшасы. Біздің ақшамыз. Сендердің ақшаларың. Сіздердің ақшаларының. Олардың ақшалары. |
Сөздерге қосымша жалғап жазады. |
IV.Бекіту. |
«Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастыру. |
Екі топқа бөлінеді. Жеребе тастау арқылы елтаңба мен ту туралы айтып береді. |
V.Үйге тапсырма. |
32 бет, 9-тапсырма. Жаңа сөздерді жаттап келу. |
Үй тапсырмасын жазып алады. |
VII.Рефлексия. |
|
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарын жапсырады. |
Сабақ: қазақ тілі |
Мектеп:№16 ОМ ММ |
Бекітемін: |
|||
Күні: 06.02.18ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Картбаева С.Е |
||||
Сынып: 5 «а» |
Қатысқандар саны: 14 |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Тәуелсіздік символы – ұлттық тенге |
||||
Оқу мақсаттары: |
Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу. 5.Т3.Күнделікті жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. 5.Т6.Тыңдалым материалдары негізінде сұрақтарға жауап беру. |
||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану. |
||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді түсініп оқиды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақтарға жауап беріп, сұрақ құрастыра алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді, талдау жасай алады, өздігінен тапсырмаларды орындай алады. |
||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шыққан жылы, бейнесі, төл теңге, өңір, мерей той, арнайы, ерекше. |
||||
Құндылықтарға баулу |
Өз Отаның тарихын құрметтеуге, оны дәріптеуге баулу. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Түсіндіру, кеспе қағаз, суреттер, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, видеоролик, ПОПС формуласы |
||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Балалардан алдыңғы тақырыптан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік нышандары» туралы не білетіңдерін анықтау. |
||||
|
|
|
|
|
|
Жоспарланған уақыт
Сабақтағы
жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Психологиялық ахуал
Дайынсың ба сабаққа?
Қарап алшы жан-жаққа
Бәрі бар ма орнында?
Қалам, дәптер, кітап та.
«Жүректен жүрекке»
Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.
Үй тапсырмасын тексеру. 6-тапсырма. Қате жазылған сөйлемдерді тап.
жүрекше
Сабақтың
ортасы
25 минут
1 минут
Суретке қара, жауап жаз.
-Баланың қолында не бар?
-Ол ақшамен не істемекші?
3-тапсырма. Мәтінді оқы.
1992 жылы 12 қарашада еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы Жарлыққа» қол қойды. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Ұлттық валютаны «теңге», жүзден бір бөлігін «тиын» деп атайды.
Ұлттық теңгені жасауға екі жылдай уақыт кетті. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғалары бейнеленді. Қазақ валютасының жобасын жасаған суретшілер – тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов.
Алғашқы ұлттық валютамыз Англияда, алғышқы тиындар Германияда жасалған. Теңгені елге төрт «ИЛ-76» ұшақтарымен әкелді.
Ұшақтар Альбион еліне 18 рет қатынады. Төл теңгеміздің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер-асты қоймалары дайындалды. Осы қоймалардан ұлттық теңгеміз еліміздің барлық өңіріндегі банктерге 8 күн ішінде жеткізілді.
Ұлттық валютада елдің өткені, бүгіні және болашағы бейнеленді.
4-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексер.
Сөздік жұмыс. Шыққан жылы-год выхода, бейнесі-вид, төл теңге-первый тенге, өңір-окрестность, мерей той-юбилей, арнайы-специальный, ерекше-особый.
Видеоролик көрсету.
Сергіту сәті
«Мен не сыйлаймын?»
Мен бір әріпті көрсетемін, оқушылар сол әріптен келетін сыйлық ойлап табу керек. Мысалы: А – әрпі. Мен досыма айна сыйлаймын.
Әріптер: А, С, Т, Д, Е, Қ, М, Б, Р, Ә
кеспе қағаз
суреттер
оқулық
сөздік дәптер
видеоролик
әріптер
Сабақтың соңы
15 минут
«ПОПС» формуласы бойыша оқушыларға өз ойларын айтқызады. Қорытынды пікір айту.
Менің ойымша, ... »
• «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
• «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »
Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өздеріңе қандай ақпараттар алдыңдар?
Сендерге не қиын болды?
Үйге тапсырма: 8-тапсырма. Төменде аталған елдердің ұлттық валюта атауларын жаз..
«ПОПС» формуласы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген