жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: "Технология жаңалықтары. Біріңғай мүшелер"
БЕКIТЕМIН
Директордың оқу ісі жөнiндегi
орынбасары
________________М.В.Кем
Сабақ жоспары №69-70
Топ:_________________ Күні:________________
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Сән үлгілері. Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Сабақтың мақсаты: |
білімділік: сын есім және оның түрлері, жасалу жолдарымен |
таныстыру, сын есімдерді басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету |
|
|
|
|
|
|
|
тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, тәрбиелеу. |
|
|
|
|
|
дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл |
|
мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың |
|
ой - пікірін қалыптастыру. |
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Пәнаралық байланыстар: |
Орыс тілі «Имя прилагательные » |
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтардың жабдықталуы:
Көрнекіліктер: Электронды кесте «Сын есім»
Үлестірмелі материалдар: 7 оқулық, 7 таратпа материалдар.
Негізгі әдебиет: Қазақ тілі (для школ с русским языком обучения) А.: Мектеп, 2014
Қосымша әдебиет: Қазақ тілі C.Дюсебаев Г.Байтилеуова. Алматы «Мектеп», 2015
Сабақтың барысы
№ |
Сабақ кезеңдері |
Жұмыстың түрлері |
Уақыт |
I
II
III
IV
V
VI
|
Ұйымдыстырушылық кезең:
Тәжірибелік сабақтың орындалуы: Сән үлгілері. Сән сөзі киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі саласында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі дегенді білдіреді. Кез келген киім еңбектің нәтижесі, ол – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдері. Стиль дегеніміз мәнер, сипат, ерекшелікті білдіреді. Стиль түрлері: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық Сапалық сын есімдер "Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Қатыстық сын есімдер Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Сөздік
Сабақты бекіту. Тапсырмалар: 1.Берілген жыланжол сөздерді бөліңдер 3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар, сын есімді табыңдар 4. Қазақ тіліне аударыңдар Сабақты қорытындылау. Танымдық сұрақтар: Сын есім деніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Сын есімнің сөйлемдегі қызметі Үй тапсырмасын беру: Менің сән үлгім
Бағалау |
Білім алушылардың сәлемдесуі және жоқтарды анықтау
Конспектілеу
Терминологиялық сөздіктермен жұмыс
Жазбаша жұмыс
Сұрақтарға жауап беру
Эссе жазу Сөздік жаттау
|
3мин
60 мин
20мин.
5мин
2мин |
__________қолы
Лекция №69-70
Заттың сыны сапасын, түсін білдіріп Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.
Имя прилагательное — часть речи, которая обозначает признак предмета и отвечает на вопросы какой? чей?
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).
Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.
"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).[2] Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.
Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғабиден Мұстафин).
Сын есім түрлері (Виды прилагательных):
құрамына қарай:
◾Дара (простое – один корень)
Мысалы: әдемі, қызыл, ыңғайлы.
◾Күрделі (слож
ное – несколько корней)
Мысалы: қып-қызыл, жап-жасыл, өте көрікті.
тұлғасына қарай:
◾Негізгі (непроизводное – нет суффикса)
Мысалы: алтын, ауыр, кең.
◾Туынды (производное – есть суффикс)
Мысалы: ақылды, пайдалы.
мағынасына қарай:
◾Сапалық (качественное)
Мысалы: ыстық, қоныр.
◾Қатыстық (относительное)
Мысалы: таулы, өткір.
Сын есімнің шырайлары (Степени сравнения прилагательных):
1.Жай (простая) 2.Салыстырмалы (сравнительная)
Мысалы: ауыр, жеңіл. Мысалы: әдемілеу, үлкенірек.
3.Күшейтпелі (усилительная) 4.Асырмалы (превосходная)
Мысалы: жап-жасыл, қап-қара. Мысалы: ең жақсы, өте үлкен.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген