400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Терезелер" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жас мамандарға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні________ Сыныбы_________________

Сабақтың тақырыбы: Терезелер.

Сабақтың мақсаты: Терезенің элементтеріне түсінік беру

Білімділік: Оқушыларды терезелермен, терезе элементтерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптер, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма беру

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

  1. Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерін ата?

  2. WINDОWS ХР ОЖ-қандай жүйе оның негізгі объектілері қандай түрмен бейнелейді?

  3. Маустың көмегімен WINDОWS ХР -дің абъектілерімен қандай әрекеттер орындауға болады?

  4. Маустың батырмаларына сипаттама бер

  5. Жұмыс орнының негізгі объектілерін ата, объект деген не, windwsтың объектілерін ата

  6. Файл, қатқыл диск объектісінің қасиеттеріне сипаттама бер

  7. Қапшықтың қызметі қандай

  8. Іске қосудың қызметі қандай ? Бас меню,бағыныңқы меню дегенді көрсет?

  9. Командалар деген не? Ұзын,қысқа команда деген не?

  10. Мауспен жұмыс істеу қалай орындалады?Маус деген не?Шерту,оң жақ батырмасын шерту, екі рет шерту, мауспен алып беру, оң жақ батырмамен алып беру деген не?

  11. Динамикалық, контекістік меню деген не?

Жаңа түсініктер:

Терезе-жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады.Жұмыс аймағында объектілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады.Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірне терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында есеп тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады.

Барлық терезелердің түрін төмендегі төрт топқа бөлуге болады:

1.Қапшық(папка) терезелері;

2.Қолданбалы терезелері;

3.Диалог (сұхбат) терезелері;

4.Анықтама терезелері.

Қапшық (папка) терезелерінде, оны басқару элементтерінен басқа Windows-тың басқа обьектілерінің де белгішелері бар-белгілі бір обьектінің белгішесін мауспен екі рет шерту, оны ашады. Белгілі бір қолданбаны іске қосатын болсақ, онда экранда сол қолданбаның терезесі пайда болады. Қолданба терезелері қолданбаға жүктелген құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады, сондай-ақ онда терезені басқару элементтері де бар. Белгілі бір қолданбаны іске қосқанда, экранда осы қолданбаның терезесі пайда болады. Қолданба-бұл да бағдарлама, ол Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істегендіктен, қолданба деп аталады. Диалог терезелері- қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе. Олар Windows-ты және оның қолданбаларын басқару мен баптау үшін қажет, олрда басқару элементтері бар. Өздеріңе таныс сағат терезесі мұның мысалы бола алады. Анықтама терезелері-Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады. Менің компьютерім терезесінің негізгі элементтерімен танысайық. Шекара Терезе төрт жағынан қоршалған жақтаулардан тұрады. Оны терезенің шекаралары деп атайды. Терезенің жақтаулары арқылы оның өлшемі өзгертуге болады. Маус нұсқағышын терезе жақтауына апарып қос бағдаршаға айналған кезде қалауымызша өзгертеміз. Тақырып жолы. Терезенің жоғары терезесінің астында орналасқан. Терезенің аты орналасқан. Немесе басқару қатары деп те атайды. Себебі бұл қатар арқылы терезені басқарамыз. Жималаймыз, Жабамыз, Қалпына келтіреміз. Осы қатарда жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оған маус нұсқағышын бассақ, терезені басқару тізімі шығады.Ол арқылы терезенің өлшемін өзгертуге болады. Терезенің жабу түрлері х белгісі арқылы немесе АlТ+F4. Меню жолы. Меню жолына АLТ+F4 арқылы кіреді. Маус нұсқағышын да пайдаланады.

Құрал-саймандар қатары. Құрал саймадар қатарын Вид командасы арқылы қанат белгіні белгілеу арқылы шығарады.

Жұмыс аймағы: Терезенің ішкі аймағы, онда негізгі объектілер орналасқан. Ол объектілердің түрлерін келесі түрде көрсетуге болады. Терезе: крупные значки, мелкие значки, список, таблица түрінде беріледі.



Электронды оқулықпен жұмыс 1,2,3 тапсырмалар

Сабақты бекіту сұрақтары:

    • Терезе дегеніміз не?

    • Терезенің қандай түрлері бар?

    • Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар.

    • Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметі қандай№

Үйге тапсырма: Windоws терезелері, терезе элементтері мен құрылымы.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі