400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Сабақ жоспары "Термодинамиканың бірінші заңы, газдың және будың жұмысы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 8 сынып оқушыларына арналған. Оқушыларға термодинамиканың бірінші заңы, және оның жалпы сипатының мәні , газ бен бу ұлғайғандағы жұмысы, изопроцесстер туралы түсінік алуға жағдай жасайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негiздерi.

Мектеп

«Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беретін мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні:

Есентаева Айгерим Ануарбековна

Күні: 19.10.18ж

Қатысқандар саны: 28

Қатыспағандар саны: 0

Сыныбы: 8

Сабақ тақырыбы:

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.17 Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.

Оқушылардын көбі: термодинамиканың бірінші заңын қолданып есеп шығару.

Кейбір оқушылар: термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттеу.

Бағалау критерийі:

1.Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.

2. Термодинамиканың бірінші заңының формулаларын есеп шығарғанда қолданады.

3. Термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттейді.

Тілдік мақсаттар:

Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіреді, жеке пікірлерін айтып,өз ойларын дамыта отырып,ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

Температура

Температура

Temperature


Энергияның сақталу заңы

Закон сохранения энергии

law of energy conservation

Термодинамикалық жүйе

Термодинамические система

thermodynamic system

Ішкі энергия

Внутренняя энергия

Internal energy


Ішкі энергияның өзгерісі

Изменение внутренней энергии

change in internal energy

Жылу мөлшері

Количество теплоты

heat quantity

Газ жұмысы

Работа газа

gas work

Қызметі: оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым.

Құндылықтарға баулу:

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру. Оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру, өз пікірін айта алуды қалыптастыру. Мұқият болуға, тиянақтылық пен ұқыптылыққа бейімдеу. Топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономиялық өсу.

Пәнаралық байланыстар:

Математика, ағылшын, орыс тілі.

Алдыңғы білім

Ішкі энергия, жылу мөлшері ұғымдарымен таныс. Ішкі энергияны өзгерту әдістерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Жаттығулар бойынша жазбалар

Ресурстар


Сабақтың басы (10 мин)






І. (W) Ұйымдастыру: (2 мин)

    1. Сәлемдесу,түгелдеу

Психологиялық ахуал туғызу үшін бір-біріне «Шаттық шеңбер» құру арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтып сәттілік тілейді.


ІІ. (W) Үй жұмысын тексеру: Сыныппен жұмыс.

Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру.  Өткен тақырып: «Жылу мөлшері, ішкі энергия».

"Конверттегі сұрақ" (4 мин)

Сұрақтар

  • Ішкі энергия дегенді қалай түсінесің?

  • Ішкі энергияның құраушы бөліктерін ата?

  • Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?

  • Ішкі энергия өзгерісінің өлшемі қандай шама?

  • Жылу мөлшері қалай белгіленеді?

  • Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі не?

  • Жылу мөлшері қай шамаларға тәуелді?

Кері байланыс «Бас бармақ»


ІІІ. (W) Топқа бөлу (2 мин).

Оқушыларды топқа бөлу «Молекула әдісі» бойынша.



(W) Сыныппен жұмыс. «Ой қозғау» әдісі. Қызығушылықты ояту сәті. (2 мин)

Берілген бейнебаян арқылы тақырыпты ашу.

Сол бейнебаян арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Жабық пробиркадағы су қайнағанда, пробирка тығыны атылып кетуін түсіндіру барысында сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын айқындау:

Қандай құбылысты бақыладыңдар? Мұндағы құрғақ отынның жылу мөлшері қайда жұмсалды? Осы бу жұмыс жасады ма? Ендеше бігінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсындар?

Жарайсыздар!

Оқушылар әр қайсысы өз түсінгендері бойынша ортаға ойларын салу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды.

Әр топтан бір оқушы сабақ мақсатын айтады.

Жалпы сыныппен жұмыс. Жұмыстың психологиялық ахуал жақсарту.





Оқушылар өтілген тақырып бойынша конверттегі сұрақтарды оқып стикерге сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конвертпен алмасады.

Тапсырма орындалған соң, оқушылар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды.

Оқушылардын тыңдалым, және айтылым қабілеттері қалыптасады.





Оқушылар үш-үштен атом құрайды және сол бөлінген бойынша топқа бөлінеді.


Берілген бейне материал бойынша проблемалық жағдай туғызу арқылы оқушылар тақырып мен оның мақсатына шығады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылар жаңа тақырыпты айтып,мақсатын қояды.




Конверт, үлестірмелі қағаздар






Рисунок 2

Бейне материал


Сабақтың ортасы

(25 минут)

ІҮ. (G) Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі (10минут)

1 тапсырма

І топ- Термодинамиканың І заңы, ІІ топ- Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы, ІІI-топ макроскопиялык параметрлер. Топ пікірлерін тыңдалады. Топтарда оқулықтың бетіндегі мәліметті және басқа дереккөздерді пайдаланып ақпарат жиналады.

Бұл тапсырманы топта меңгеріп, жұппен, топпен талқылап, постерге түсіреді, басқа топқа таныстырады.

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»



2 тапсырма (G) (5 мин) « Есептер жинағынан әр түрлі деңгейлі есептер шығаруға тапсырма беріп, шығарылу жолын түсінуге жетелеймін.

1)Газға 3 кДж жылу мөлшері берілді. Бұл кезде газ 2 кДж-ға тең жұмыс жасады. Газдың ішкі энергиясының өзгеруі:?

2)15 л көлемді алып тұрған газ 2* қысымда изобаралық ұлғаяды. Егер оған Q = 5 кДж жылу беріліп, газ көлемі екі есе артса, газдың атқарған жұмысы мен ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?

3)тапсырма «Эксперименттік тапсырма» (10 мин)


І топқа- Шарды үрлеп, дөңгеленген кезде екі жағына пластик стақан жабыстырып, стақандар неге жабысты?Қандай заң негізінде түсіндіріледі?



ІІ топ-поролон цилиндрге басы бар инелерді тығындап мензуркаға салып, үстіне поршень қою, не болады? Қандай заңмен түсіндіріледі

Әр тапсырманың сонында «Блоб ағашы» бағалау әдісін қолдану.

W. (сыныппен жумыс) Оқушыларды сергітіп, демалту мақсатында сергіту сәтін өткіземіз.




Оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары қалыптасады. Әр топ бір-бірін есепке құрылған бағалау критерийлері мен дискрипторға сәйкес бағалайды.





8 сынып оқулығы

«Термодинамика негіздері» тарауы


































Сабақтың соңы (5 мин)


J.(жеке жұмыс) Рефлексия: (4 мин)

«Чемодан.Ет тартқыш.Себет» әдісі бойынша жүргіземіз. Окушыларға смайликтер таратылады. Үш суреттің біреуін таңдап, смайликтерді жабыстырады.

Оқушылар чемоданды таңдаса, оңда оқушылар алған білімдерін өздерімен салып алып кетеді.

Егер оқушылар еттартқышты таңдаса, оқушылардың білімін бекіту жұмыстарын жүргізу керек.

Оқушылар қоқыс себетін таңдаса, онда оқушылар сабақты меңгермеді. W. Үйге тапсырма: (1 мин)

§20-21Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы оқу, сұрақтарға жауап беру.


Смайликтер , қалам


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізілді.

Оқушылырдың материалды қабылдау деңгейі, жұмыс жасау жылдамдықтары әр түрлі. Сондықтан жеке жұмыс жүргізуді

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқұшылар оқу мақсатына және сабаққа қойылған мақсаттарға жету үшін:

1.«Джигсо» әдісін қолданып термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.

2. Термодинамиканың І заңының формулаларын қолданып әр түрлі деңгейлі есептер шығарғады.

3. Термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттейді.

 Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды.


1. Бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді.

2. Бағалау критерийлері мен дискриптор бойынша есепті бағалау

3. Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар орындалады және оқуды қолдайды

4. Рефлексия қорытындысы бойынша кері байланыс.


Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

























Қосымша №1

Сабақтың тақырыбы

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.17 Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.


Ойлау дағдылары

Білу, түсіну

Бағалау критерийлері


Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.

Тапсырма 1

Әр топқа үйлестірме материал беріледі, оқушылар тапсырманы орындайды, постерге түсіреді, басқа топқа таныстырады.




Бағалау критерий

Дескриптор

Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.


  1. Термодинамиканың бірінші заңының тұжырымдамасын біледі.

  2. Термодинамиканың бірінші заңының формуласын өрнектеді.

  3. Термодинамиканың бірінші заңының жалпылама сипатын қорытындылап мысал келтіреді.

  4. Термодинамикалық процесстерді біледі.

  5. Термодинамикалық процесстерді бір бірінен ажырата алады.

  6. Термодинамиканың бірінші заңын формуласын әр түрлі процесстерде кесте арқылы сипаттайды.

  7. Газдың немесе будың ұлғайғанда атқаратын жұмыстарына мысалдар келтіреді.








Қосымша №2

Сабақтың тақырыбы

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.17 Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.


Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері




Термодинамиканың бірінші заңының формулаларын есеп шығарғанда қолданады.


Тапсырма 2

1) Газға 3 кДж жылу мөлшері берілді. Бұл кезде газ 2 кДж-ға тең жұмыс жасады. Газдың ішкі энергиясының өзгеруі?

2) 15 л көлемді алып тұрған газ 2* қысымда изобаралық ұлғаяды. Егер оған Q = 5 кДж жылу беріліп, газ көлемі екі есе артса, газдың атқарған жұмысы мен ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?


Бағалау критерий

Дескриптор

Термодинамиканың бірінші заңының формулаларын есеп шығарғанда қолданады.

  1. Есептің шартын дұрыс жаза алады.

  2. Физикалық шамаларды ХБЖ-ға келтіреді.

  3. Термодинамиканың бірінші заңының формуласын біледі.

  4. Есептің шартын формулаға қойып есептей алады.

  5. Жауабын жазады.













Қосымша №3

Сабақтың тақырыбы

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.17 Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.


Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, синтез

Бағалау критерийлері




Термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттейді.

Тапсырма 3

Эксперимент жасау

Бағалау критерий

Дескриптор

Термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттейді.

  1. Эксперимент нәтижесін термодинамиканың бірінші заңына байланыстыра алады.

  2. Зерттеу кезінде изопроцесстерді анықтай алады.

  3. Өзгерген және өзгермеген термодинамикалық параметрлерін сипаттай алады.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
9734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі