400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Тіл дамыту" 0 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 0 сыныпқа арналған. Тақырып негізі қатынастан басталып. оқушылардың тіл дамытуларын дамыта түседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа»

Мақсаты: Балаларды мысалдың мазмұнымен және кейіпкерлерімен таныстыру. Шығарма кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата білуге тәрбиелеу. Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

Тәсілдер кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

Шеңбердегі амандасу.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Еліміз аман болсын,

Деніміз сау болсын.

Бәріміз күндей жарқырайық,

Бәріміз тату болайық.

Балалар қайталап айтады.

Ұйымдастыру-ізденушілік


Балалармен еңбек жайлы әңгімелесу.

-Балалар, адамдар, аңдар, құстар, шыбын-шіркейлер тамақсыз өмір сүре алмайды. Ол үшін еңбектену қажет. Олардың еңбектерін айтып беріңдерші.

Балалар еңбек туралы мақал білесіңдер ме?

Балалар еңбекке байланысты И. А. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» деген мысал өлеңін оқып беремін, зер салып тыңдаңдар. Мазмұны бойынша сұрақтар қойып сұрау.

-Балалар бұл мысалды кім жазды?

-Шегіртке жазды қалай өткізді?

-Шегіртке құмырсқадан қандай көмек сұрап келді?


Адамдар мал өсіреді, егін егеді, жеміс-жидек, көкөніс отырғызады, оларды күтіп баптайды.

Жануарлар қыстық қоректерін әзірлейді. Жаңғақ, саңырауқұлақтарды, өсімдіктердің тәтті шырынын жинайды.


Еңбек түбі – береке.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі.






Жетекші – жөндеуші

Сабақты қорытындылау.

Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

Балалар мақалды жатқа айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: Мысал бойынша түсінік айтып, кейіпкетлерге мінездеме бере білу.

Қалыптасқан түсініктер: Ейбек туралы мақалды жатқа айту.

Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын толық жеткізу.










Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімдері: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Кім күшті» ертегі.

Мақсаты: Балаларды оқылған ертегінің мазмұнын айтып беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің сәйлеу тәсілін білдіру. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын тиянақтау.

Сөздік жұмыс: мұз, жылтыр, білте.

Тәсілдер кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы

қозғаушы

қызмет түрі.

Психожаттығу. Тілек шоғы

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне мейрімді қарым-қатынастын білдіріп, жылы сөздер айтады.

Ұйымдастыру

ізденушілік.

Балалармен әңгімелесу.

-Балалар, сендер жан-жануарлар мен жәндіктер туралы қандай ертегі, әңгімелер білесіңдер?

- Бүгін сендер «Кім күшті» ертегісімен танысасыңдар, ертегіде жануарлар, жәндіктер бар.

Балаларға ертегіні оқу.

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегі қалай аталады?

-Балалар, қырғауыл мұзды өзінен неліктен күшті деп санады?

-Құмырсқа неге бәрінен күшті болды деп ойлайсыңдар?


Балаларға ертегі кейіпкерлерін бейнелейтін суреттер беріп, сөйлем құрату, рөлдерді бөліп беріп, диалог арқылы сөйлету.


Ойын. «Жоғалған буын».

Мыл..., тыш..., қас...

Балалар сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерімен бөліседі.




Балалар тәрбиешінің оқыған ертегін тыңдап, өз ойларымен бөліседі.


Балалар сөйлем құрап, ертегіні сахналайды.




Балалар жылдам ойланып буынды табады.



Жетекші - жөндеуші.

Сабақты қорытындылау. Мадақтау.




Күтілетін тәтиже:

Білу қажет: Ертегіні тыңдап, өз пікірлерімен бөлісіп.

Қалыптасқан түсінік: сөздің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білу.

Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға толық жауап бере білу.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі