Күні:
Пән мұғалімі: Абилова
Н.Ж
Сыныбы:
9
Пәні:Биология.
Тақырыбы: §46.Тіршіліктің пайда болуы
туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы
теориялар Л.Пастердің тәжірибесі.
Мақсаты:
Білімділік:тіршіліктің пайда болуы
туралы, қазіргі көзқарастары туралы оқушылардың білімдерін
қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс арқылы ұйымшылдыққа баулу,тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету
,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде
ықыласпен қарау қажеттігін түсінеді.
Түрі: аралас
сипатта
Әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік,
нұсқаушы ойға түсіруші.
Көрнекілігі: тақта, суреттер,
таратпалар,слайд.
Жоспар:
I.Ұйымдастыру: сәлемдесу,
түгендеу.
II. Үй
тапсырмасы: сұрақ-жауап
арқылы
А –
деңгейі.
-
Организмд
-
ердің жаңа белгілер мен
қасиеттерге ие болуы.
а) Мутация в) Өзгергіштік с)
Үйлесімділік
2. Тұқым қуаламайтын және
тікелей сыртқы орта жағдайларына байланысты болып, бір түрдің
дараларында біркелкі байқалуы.
а) Мутация жиілігі в)айқын
емес өзгергіштік с) айқын өзгергіштік
3. Организмдердіңшексіз
көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресустарының
арасындағы қарама – қайшылық нені
туғызады?
а) Организмдердің көбеюі в)
тіршілік үшін күрес с)табиғи сұрыпталу
4. Әр түрге жататын даралар
арасында жүретін күрес.
а) түраралық күрес в)
Түрішілік күрес с) Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен
күрес
5. Нақты орта жағдайларында
тіршілік етуге қажетті, пайдалы өзгерістері бар даралардың
тіршілігін сақтап қалу процесі.
а) Тұрақтандырушы сұрыпталу
в)Табиғи сұрыпталу с) қозғаушы сұрыпталу
6. Белгілі бір аймақта
тіршілік ететін, генофонды ортақ, бір түр дараларының оқшауланған
шағын тобы.
а) түр в) гендер дрейфі с)
популяция
7.Қорғаныш рең неше түрге
ажыратылады.
а) 5 в) 3 с)
4
8. Түр түзілудің қандай
жолдары бар.
а) географиялық, оқшаулану в)
экологиялық, биологиялық с) географиялық,
биологиялық,экологиялық
9. Эволюцияның негізгі
бағыттары:
а) морфофизиологиялық
прогресс, биологиялық регресс в)биологиялық прогресс, биологиялық
регресс с) ароморфоз, идиоадаптация
10. Эволюциялық әрекеттің
жүзеге асырылуының қандай жолдары бар:
а) арофорфоз, идиоадаптация,
дегенерация в) дегенерация, аллогенез, арогенез с) идиоадаптация,
ароморфоз, биологиялық регресс
Терминдердің анықтамасы
дұрыс болса «+», қате болса «-» таңбасымен
белгілейміз.
-
Жеке бір организмде
байқалатын, сыртқы ортаның қандайда бір белгісіз жағдайларының
әсерінен қалыптасып, тұқым қуалайтын өзгерістер. (Айқын емес
өзгергіштік)
-
Табиғатта өздігінен таңдамалы
түрде бір даралар тіршілігін жойса, екінші біреулері көбейіп, әрі
қарай дамиды, бұл (Табиғи сұрыпталу)
-
Ұзақ уақыт бір аумақты
мекендейтін, морфологиялық – физиологиялық белгілері ұқсас, өзара
еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін даралар
жиынтығы.(Популяция)
-
Кішігірім популяцияларда
гендер жиілігінің бағытталмаған, кездейсоқ өзгерістері. (Гендер
дрейфі)
-
Жануарлардың немесе ұсақ
жәндіктердің тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене
жамылғыларының кез – келген
реңі.(Бейімділік)
-
Пайда болған жаңа түр бастапқы
түрден байланысын үзіп, олармен шағылысуы мүмкін болмайтын, өз
алдына дербес даралар жиынтығы.(Географиялық түр
түзілу)
-
Түрден жоғары деңгейдегі
жүйелік топтар: туыстар, тұқыымдастар, отрядтар, кластар, типтердің
түзілуі. (Макроэволюция)
-
Түрдің немесе басқа бір
жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. (Биологиялық
регресс)
III. Жаңа
тақырып.
Барысы
«Жер бетінде тіршілік қалай
пайда болды?» деген сұрақ адамзатты үнемі
қызықтырды. Жерде тіршілік қалай пайда болды деп ойласыңдар? Өз
ойларын айтады.Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының
алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі
температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер
ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми
дәлелденген.
Қорытынды: Алайда“Тірі организмдер өздігінен
пайда болмай, басқа тірі организмдерден дамып жетілген болса, онда
ең алғашқы тірі организм қайдан шықты???”
деген проблемалық сұрақ
туады.Бұл мәселе туралы қазіргі
теорияларда: Жер тарихының қандай да
бір кезеңінде бейорганикалық заттардан тірі денеге тән органикалық
қосылыстардың түзілуі, яғни абиогендік синтез
жүрген.
Яғни, жер бетінде тіршіліктің
пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясы деп
аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны
1947 жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің
үш кезеңін ажыратты. Оның
бірінші кезеңі — биологиялық
мономерлердің абиогендік жолмен пайда
болуы.
Екінші кезеңі — биологиялық
полимерлердің түзілуі.
Үшінші кезеңі — мембраналы
құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардьщ) пайда
болуы.
IV. Бекіту Сұрақтар
анимация арқылы шығады.
Креационизм теориясы нені
дәлелдейді ?
Жаратушы
күшті.
Панспермия теориясында жер
бетінде тіршілік кайдан пайда болды?
Ғарыштан
“Жер еш уақытта жаңадан пайда
болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетінде тіршілік
те мәңгі” – деп қай теорияда айтылады?
1. Тіршіліктің жаратылу
үдерісінде қандай екі қарама-қарсы көзқарас
болады?
2. Л. Спалланцани қандай
тәжірибелер жасады?
3. Л. Пастер тәжірибелері нені
дәлелдеді?
Үйге
тапсырма: Тіршіліктің пайда болуы туралы
алғашқы көзқарастар.(Оқу)Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы
теориялар атты кестені толтыру және өз ойларыңды
жазу.
Бағалау