400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Төлді қалай шақырады?" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы танымдарын жетілдіру және дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады » өлеңі туралы түсінік бере отырып, мәнерлеп дұрыс оқуға машықтандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 - сынып Ана тілі


Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады.?

Гүлжан Сағынбайқызы Төлегенова бастауыш сынып мұғалімі

Құмтоғай орта мектебі

Құмтоғай ауылы Ырғыз ауданы

Ақтөбе облысы


Жалпы мақсаты

Міндеттері

Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. «Төлді қалай шақырады?» өлеңінің мағынасын ашу.

  • Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы танымдарын жетілдіру және дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады » өлеңі туралы түсінік бере отырып, мәнерлеп дұрыс оқуға машықтандыру

  • Оқушылардың оқу жылдамдықтарын есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Төрт түлік малды сүюге, күте білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы танымдары жетіледі.. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуге үйренеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңнің мағынасын түсініп, мәнерлеп оқуға машықтанады.Төрт түлік төлін шақыруды үйренеді.. Оқу жылдамдықтарын артады,есте сақтау қабілеттерін дамиды.Сөздік қорлары молаяды.. Әдемі жазуға дағдыланады. Төрт түлік малға деген сүйіспеншілігі артады.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру



Топқа бөлу



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.

- Менің атым Айнұр мені анам «қошақаным» деп еркелетеді..

-Менің атым Айғасыр, маған анам «құлыншағым» дейді.

Оқушылар төрт түлік төлдерінің суреті бойынша төрт топқа бөлінеді.

І қошақан тобы

ІІ Құлыншақ тобы

ІІІ бұзауқан тобы

ІІІ ботақан тобы

Оқушылар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.



Оқушылар топқа бөлінеді.


Бота, қозы, құлын, бұзау суреттері



Үй тапсырмасын тексеру

«Қай топ шапшаң?» ойыны 4мин

-Балалар үй тапсырмасын пысықтаймыз.

Қоян туралы не білеміз?

«Қоян» сөзіндегі дауысты дыбыс әріптерін табу.

Дауысты дыбыс әріптері – а,я.

-Жарайсыңдар, балалар.!

-Осы сөздегі дауыссыз дыбыстарды тауып көрейік?

- қ,н

-Дұрыс балалар, Дауыссыз дыбыстар айтылуы кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады. Мысалы:т,с,қ біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.

Оқушылар

үй тапсырмасын пысықтайды


Жаңа сабаққа

даярлық кезеңі.

«Болжау «стратегиясы


"Ой қозғау» әдісі.

-Балалар мына сурет бойынша қандай ойларың бар айтатын?

- Рахмет , жарайсыңдар!

«Жұмбақтың шешуін тап».

Аласа ғана бойы бар.

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)

Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты,

Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты

Оқушылар

сурет бойынша ойларын айтып, тақырыпты ашады

А4 қағазы.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі


-Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар және төрт түлік мал туралы болмақ. Мен сендерге жаңа сабағымыз туралы қысқаша мағұлмат беріп өтемін. Зейін қойып тыңдап отырамыз.

- Балалар, қазақ халқының барлық тұрмыс тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланысты. .Яғни, жесе тамағы, мінсе көлігі, ішсе сусыны, кисе киімі, сатса ақшасы болған. Сондықтан ұрпақтарын малдың иес,і пірі, атасы болады

Қой атасы - Шопаната,

Жылқы атасы – Қамбарата,

Ешкі иесі – Сексеката,

Түйе атасы – Ойсылқара,

Сиыр атасы – Зеңгібаба,

деп, түрлі тыйымдар арқылы төрт түлік малға ерекше көңіл бөлуге тәрбиелеген.


Сатылай түсіндіру

Сергіту сәті.



-Қанекей балалар, шаршаған болармыз, сергіту жаттығуын орындайық.

Сергіту сәті

«Қай малдың төлі қалай дыбыстайды?

-Шаршағанымыз басылған болар орнымызға отырамыз.

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

музыка

Топтық жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс


-Балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын тақырыпты, әдемі етіп жазамыз.

Оқулықпен жұмыс.

-Оқулықтың 23-інші бетін ашып, «Төлді қалай шақырады?» өлеңін мәнерлеп оқимыз.

1.Мұғалім оқып береді. 2. Әр топ өз шумақтарын оқиды.

І Қошақан тобы

Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шопаната түлегі,

Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт!

Жауын жауса бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың? Шөре, шөре!

ІІ Құлыншақ тобы

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім.

Қамбарата өсірген,

Құлыным менің қайдасың? Құрау, құрау!

ІІІ Бұзауқан тобы

Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған.

Көкке мұрнын шүйіріп,

Көз төңкеріп қараған,

Зеңгібаба өсірген,

Әукешім менің қайдасың? Аухау, аухау!

ІҮ ботақан тобы

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсылқара баласы,

Ботақаным қайдасың? Көс, көс!

-Қай төлді қалай шақырамыз?

17- жаттығу орнында отырып және тақтада орындайды.

Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызады.














Оқушылар топтық тапсырмалар орындайды.

Оқулық, дәптер.

«Ой сергек»


Әр топқа тапсырма жеке тапсырма беріледі.

Дидактикалық материалдар

І қошақан тобы

«Төлдерді жұптастыр».

ІІ Құлыншақ тобы

Суретті боя

ІІІ бұзауқан тобы

«Кел құрастырайық»

ІІІ ботақан тобы

«Ретін көрсет, 5 ерекшелігінтап»

оқушылар топтасып тапсырма

ларды орындайды

Сұрақтар


Рефлексия


Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» «Позитивті доп»

І қошақан тобы

Мал атасын атаңдар.

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІІ Құлыншақ тобы

Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

Төрт түлік төлдерін ата.

ІІІ бұзауқан тобы

Төлдерді қалай шақырады?

ІІІ ботақан тобы

Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін айтыңдар

«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?»

Кесте

«Рефлексиялық – бағалау» кезеңі


Кері байланыс

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.

Оқушылар берілген баспалдаққа суретті салады.

Баспалдақ суреті.

Үйге тапсырма

1 мин

Төлді қалай шақырады?

17- жаттығу.

Оқушылар

Ізденеді.


Бағалау.

Бағалау: Оқушыларды, топты мадақтап, бағалау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі