жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары. Торт, пирожный дайындау.
Технология сабағына арналған маршрут парағы
Сыныбы |
11 |
Пәні |
Технология |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
Оқулық |
|
Сабақ № , тақырыбы |
Торт, пирожный (панкейк) дайындау |
Оқу мақсаты
|
Барлық оқушылар бисквит қамырынан торт пен рулет дайындау технологиясын меңгереді ; Басым бөлігі өз беттерімен дайындай алады; Кейбір оқушылар шығармашылықтарын арттырып әртүрлі рецеппен торт , рулет жасай алады. |
Оқушының аты-жөні |
|
Іс –әрекет түрі |
Ресурс ( Мұғалім толтырады) |
Уақыты |
Орындалуы ( оқушы толтырады ) |
Оқы |
Сілтеме: видео, презентация, мұғалмінің түсіндірмесі, интернет-ресурстары , оқулық беттері http://engime.org/saba-biskvit-tortinruletin-dajindau-206-2017-ou-jili-tehnologi.html https://www.youtube.com/watch?v=leq6T1kbnO0 https://www.youtube.com/watch?v=OAh3nwSnWPA
Торт. ( итал. torta . исп.tortilla-нан) – сироп немесе тосап сіңірілген текшеленген тәтті нан түріндегі еуропалық мерекелік десерт. Торттың бетің креммен өрнектермен жасап, жеміс-жидектермен безендіреді. Туылған күндерде, тойларда торт дәстүрлі тағам. Тойларда торттың бетің жастар бейнеленген фигуралармен безендіреді. Туылған күндерде туылған күн иесінің есімін жазуға , жаңа туған нәрестенің салмағын, бойын жазуға , шамдармен безендіруге болады . Тортты қаттама қамыран, бисквитті қамырдан, қайнатылған қамырдан ,үгілмелі қамырдан , дайын үгілмелі печеньелерден де дайындауға болады. Торттың негізгі құрамдас бөлігі - ұн: жоғары сорт, бірінші сорт, екінші сорт, сұлы ұны. Сұйық заттар: сүт, су, майонез, сұйық май, сары май, маргарин майы, сарыағаш суы, айран, құрғақ сүт, қойыртылған сүт , жұмыртқа жұмыртқа ұнтағы. Торт түрлері: Қаттама қамырдан: «напалеон» тортын , үгілмелі қамырдан: «бал» тортын, қайнатылған қамырдан: «дамские пальчики», бисквитті қамырдан: «тасбақа», «зебра», «шоколад» тортын т.б. торттарды дайындауға болады. Тортты әшекелеу үшін: шоколад, какао, қаймақ, жемістер, түрлі жаңғақтар , дәндер пайданылады.Торттарды сонымен қоса, қайнақты, майлы, нәруызды, қоюландырылған сүтті, қаймақты кремдермен әшекейлейді. Крем дегеніміз- қант пен дәмді қоспалар қосып, сары май , жұмыртқа, кілегей, қаймақ, жұмыртқаның нәруызын араластыру жолымен алынған жоғары тағамдық құндылығы, тамаша дәмдік сапасы бар қоспа. Кремдердің қоймалжың түрде болуы одан сан алуан әшекейлер жасауға мүмкіндік береді. Алайда кремдер бактерияларға өте сезімтал тез бұзылатын өнім. Крем бар өнімді 36 сағаттан, ал қайнатылған крем қосылған өнімді 3 сағаттан артық сақтауға болмайды. Крем түрлері: нәруызды, қайнатылған майлы крем, қоюланған сүт кремі, қаймақ кремі .Торттар мен пирожныйларды қалай безендіруді әркім өзі біледі. Қаншалықты қарапайым безендірілсе , соншалықты өнім тартымды көрінеді.Кондитерлік өнімді әрлеу үшін арнайы қағаз немесе мата немесе пластмасса ұштықтар, кондитерлік шприцтер пайданылады. Осы құралдардың көмегімен кондитерлік өнімдердің бетіне кремдерді өзінің қиялындағыдай етіп жағып шығуға болады. Үшбұрышты оралған қағаз құйма қалтаның ұшын тегістеп қиып кондитерлік өнімдердің бетіне креммен өрнектер салуға, жазуға, тор жасауға , иректеуге ,т.б. болады.
Классикалық
бисквит қамыры үшін: 1 жұмыртқаға 25 г
қант және25 г ұн қажет. Нәтижесінде 60г
бисквит шығады.Бисквит қамырын дайындау
үшін бірнеше ережені сақтау керек. Немен араластыру керек және температура қандай болуы керек? Миксермен бір бағытта ,үнемі тоқтамай араластыру керек. Жұмыртқаның сарысының температурасы бөлме температурасындай болғаны дұрыс,қаншалықты бөлмеде тұрса ,соншалықты сапалы бисквит шығады. Ал, ақуызы керісінше суықты ұнатады. Сондықтан ақуызды салқында тоңазытқышта ұстай тұрған дұрыс.
Жұмыртқаның
ақуызы мен сарыуызы міндетті түрде
бөлініп, араластырылады. Ақуызы суық
күйінде ештеңе қосылмай өзін ғана
көпіршітеді. Мысалы
қамырды көп араластыру , өте көп
араластырып тұрып алса, резеңке сияқты
қамыр болады.Екіншіден қамыр «отырып»
қалады, себебі ақуызды ертерек
араластырып қоюға да болмайды.Бірінші
қантпен сарыуызды езіп алып, ұнды
елеп қосқан соң ғана ,
ақуызды араластырып ,қосады және де
ақуызды ағаш қасықпен ,еппен араластырған
дұрыс. Бисквитке нені және қай уақытта қосқан зиянсыз? Корицца,
анис, какао-порошок қосуға болады
мөлшермен ғана және бисквит неге
арналғанына байланысты қосады. Бисквит қамыры қалың болса -180 градусте, ал жұқа бисквит қамырын-200 градусте пісіреді. Пісіп жатқанда жалын пештің есігін ашуға болама? 20 минут өткенше есігін ашуға болмайды. Сіріңкенің шиін алып, қамырдың піскенің тексеруге болады. Егер сіріңке құрғақ болса қамыр дайын .
|
|
Өзің білетін материалдарға + таңбасын қой
|
Сұрақтар |
Тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары :
|
|
|
Орында |
Міндетті деңгей |
|
|
Тапсырмалар, жаттығулар, тест тағы сол сияқты Бисквит рулетін дайындау Қажетті ингредиенттер: 5 дана жұмыртқа, 200гқант,200г ұн,75мл қайнаған су, ваниль қанты10г,1шай қасық қопсытқыш Дайындалу технологиясы
Жұмыртқаның сарыуызын ақуыздан ажыратып алу.
Сарыуызды езіп араластырамыз ,үстіне ваниль қантын, қантты салып араластырамыз ағарғанша,ақуызды тоңазытқышқа қоя тұру.
Ұнды елеп ,қопсытқышпен араластырып алу сарыуызбен қант массасына қосып араластыру.
Ақуызды тоңазытқыштан алып ағаш қасықпен бұлғап ,езу.
Массаға ақуызды қосып тағы бұлғап араластыру .
Формаға пергемент қағазын төсеу.
Дайын массаны формаға жайып құю.( қалыңдығы 1см)
200 градус алдын ала қыздырылған пешке 12 минут пісіру.
Таза орамалды жайып, төңкеріп, бисквитті түсіру , пергементті шешу. Орамалға орап ,салқындағанша қою.
|
|||
Рефлексия |
Мен білемін… |
|
|
Жазбаша түрдегі кері байланысқа мынандай даяр үлгілер беруге болады: Бір минуттық эссе Мен білдім Мен таңдандым Өзіме ашқан жаңалығым Мынандай қорытындыға келдім |
|
«+» немесе «-» |
|
Үй тапсырмасы |
Міндетті деңгей Бейне жазба, фото сурет, дайын өнім. |
|
|
Оқушымен кері байланыс ( ауызша бағалау немесе комментарий)
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген