400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. "Төрт түлік" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының төрт түлікті құрметтеуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Мектеп:

Ленин атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Почтаева Жанат

Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Төрт түлік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Іс-қағаздар стилінің түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жарнама, хат, хабарландыру мәтінін шығармашылық тұрғыда

құрастырады.


Бағалау критерийі

Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімдейді.



Құрылысын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырады.


Тілдік мақсаттар

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Төл атаулары, хат, хабарландыру, жарнама, іс-қағаздар стилі.

Жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Әкімшілік шақырады, өту уақыты, өту орны, мекенжайы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Іс-қағаздар түрлерін талдау.

Құндылықтарға баулу

Сыни тұрғыдан ойланатын, шығармашыл тұлға қалыптастыру.


Пəнаралық байланыс

Биология

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Төрт түлік түрлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен сәлемдесу.

-Психологиялық ахуал тудыру.

-Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

Қызығушылықты ояту

-Оқушыларға сурет көрсетіледі.


-Суретте не бейнеленген?

-Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?

-Төрт түліктің пайдасы туралы не білесің?

- Бүгінгі сабағымыз жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазамыз.


«Тілектен тілекке» әдісі

Пазл әдісі














Болжау әдісі
















Миға шабуыл

Сабақтың ортасы

5 минут































10 минут










10 мин

















































5 мин








10 мин










1-тапсырма.ТЖ

Үлгіге қарап, іс-қағаздар түрлерін ажыратыңдар.



Дескриптор:

-іс- қағаз түрлерін ажыратады.


2-тапсырма:ТЖ

Іс-қағаздар түрлерінің ерекшелігін кестеге жазыңдар.

Іс-қағаздар түрлері

Ерекшелігі

Хат


Хабарландыру


Жарнама



Дескриптор:

-іс-қағаздар түрлерінің ерекшелігін айқындайды.


3-тапсырма. ТЖ

Мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін салыстырыңдар.

1. Хабарландыру

 2017 жылдың 28 маусымында сағат 18:00 – де Диқан ауылдық мәдениет үйінде «Төрт түліктің пайдасы» тақырыбында ғылыми конференция өтеді.

Келем деушілерге есік ашық.


2.Жарнама


Асыл тұқымды жылқы сатылады. Әуезова көшесі.

Тел: 53269


3. Хат

«Мұрагер» ЖШС – нің директоры

М.Қ. Сериковаға

кадр бөлімінің меңгерушісі

И.А. Құрмановадан.


Баяндау хат

         Менің сізге баяндау себебім, белгісіз бір себеппен жұмысшы А.Б.Омаров 18-25 сәуір күндері жұмысқа шықпай қалды.


Кадр бөлімінің

Меңгерушісі:                            ________________                   Р.А. Нұрбекова

Күні: 26.04.2017

Shape1



Дескриптор:

-жанрлық ерекшелігін анықтайды.

- іс-қағаздардың рәсімделуін салыстырады,

-ортақ қасиетін табады.


4-тапсырма.ЖЖ

Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Асыл тұқымды, жүйрік ат, бір өркешті түйе, қазақтың сүйікті асы, дәруменге бай.


Дескриптор:

-тіркестерді пайдаланады.

- сөйлем құрады.

5-тапсырма:

Іс-қағаздар құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру жанрлық ерекшелігіне сай рәсімдеңдер.

1-топ: Хат. (Жылқы)

2-топ: Хабарландыру. (Сиыр)

3-топ: Жарнама (Түйе)

Дескриптор:

-іс-қағаздарды жанрлық ерекшелігіне сай рәсімдейді.

Қорытынды:

Өз жұмысын таныстырады.




Болжау әдісі

































Кестемен жұмыс









Венн диаграммасы






















































РАФТ әдісі







«Автор орындығы»


Сабақтың соңы

5 мин.

Кері байланыс алынады.

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді...

Бағалау парағы


Критерий

Дескриптор

-/+

Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімдейді.


Сурет арқылы ресми қағаз түрлерін анықтайды.


+

Кестеге іс-қағаздар түрлерінің ерекшелігін жазады.

+

Жанрлық ерекшелігіне қарай іс-қағаздардың рәсімделуін салыстырады.


+

Құрылысын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырады.


Тіркестерді пайдаланады.

Сөйлем құрайды.


+

Іс-қағаздар құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру жанрлық ерекшелігіне сай рәсімдейді.


+

Барлығы:





Үй тапсырмасы беріледі.



«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау


Іс-қағаздар құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру жанрлық ерекшелігіне сай рәсімдеңдер.


1.Барынша қолдау көрсету:

Іс-қағаздар үлгідегі мәтінді аяқтаңдар.

Хабарландыру

 2017 жылдың 28 маусымында сағат 18:00 – де ...


Келем деушілерге есік ашық.


2. Орташа қолдау көрсету:

Іс-қағаздардың үлгісіне қарап жазыңдар.


3. Қолдау көрсетуі аз: Іс-қағаздар құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру жанрлық ерекшелігіне сай рәсімдеңдер.

.








Сабақ бойынша рефлексия










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?





































Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды. Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді. 

(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
3662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі