жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары «Тосап дайындау» 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:Практикалық жұмыс: №5 «Тосап дайындау» Жеке кәсіпкер немен айналысу тиіс?
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
- екі топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату, жұмыс жоспармен
таныстыру;
- сабақтың тақырыбы мен мақсатын
хабарлау.
І. Қызығұшылығын
ояту
Тамақтану физиологиясы мен мәдениетін қалай түсінесіздер?
Оқушылырға сұрақ қойылады, флипчарт арқылы жазады, түсінігін
айтады.
Жауаптары:
⦁
Тамақ өнімдерін дұрыс
пайдалану (тазалық, уақыт пен мөлшері), яғни құрамын, тағамның
құндылығын, рационын дұрыс құра
білу;
⦁
Ағзаның дұрыс қалыптасуы, яғни
“энергия-тағам” балансын сақтау;
⦁ Тағамның әртүрлілігі – маңызды
шарт:
⦁
Ішкі және сыртқы факторлардың
әсеріне ағзаның төзімділігін
тәрбиелеу;
⦁
Тағамның биологиялық
маңыздылығы түсіну;
⦁
Дастарқан басында тамақтану
мәдениетін сақтау т.б.
«Тағам – бұл тіршілігінің негізгі көзі» тақырыпта үйге берілген
эссе оқыту.
ІІ. Мағынаны
ашу
Білімділер
сайысы:
⦁
І топ Қазақтың ұлттық
тағамдарының ерекшелігі. Ет тағамдардың құнарлылығы. Ет түрлері. Ет
сапасын анықтау. Қамыр түрлері. Қамырдан жасалған өнімдер. Негізгі
шарттар.
⦁
ІІ топ Бірінші тағамдар.
Көжелер. Көжелерді жіктеу. Сорпа дайындаудың технологиялық процесі.
Жалпы шарттар. Көкөністерді маринадтау. Тосап дайындау. Негізгі
шарттар.
І-ІІ топтар: Мерекелік және фуршет дастарқанның ерекшелігі мен
кемшлігін талқылау.
ІІІ. Ой толғаныс. Семантикалық картаны
толтыру
III. Сарамандық жұмыс
(мүмкіндіктеріне қарай)
Кіріспе нұсқау
⦁ қауіпсіздік ережелерін, санитарлық гигиеналық
талаптарды сақтау
⦁ түсіндіру
⦁ практикалық жұмысқа дайындығын
тексеру
⦁ нұсқаулық бойынша жұмыс, топ басшының, кезекшінің
мідеттерін айту.
Ағымдағы нұсқау:
⦁ Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай
тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау
жасау.
⦁ Дайындау технологиясының сақталуына, шикізат
мөлшерінің дұрыс салынуына назар аудару, қажет жерінде практикалық
көмек көрсету.
⦁ Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.
Қорытынды нұсқау:
⦁ Дайын тағамдардың дәмін, сапасын
тексеру
⦁ Әр бөлімшеге бір-бірінің дайындаған тағамдарына
сараптама жасап, өз ойларын айту.Әрбір оқушының жұмыстағы
жетістектері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір
жұмыс тәсілдерін көрсету.
Қорыту сұрақтар.
Бағалау.
ІҮ. Э және ҚСН. Жеке кәсіпкер немен айналысу
тиіс?
Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?
Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей
немесе заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе,
онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден
өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді
жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге
асырылады: 1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне
жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке
тұлғадан құрылады. Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке
кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайынан келісім алуының
қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға
жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің
келісімін алуы қажет болады. 2. Бірлескен
кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын
мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке
кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке
кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен
міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары
арқылы іске асырылады.
Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары туралы:
⦁ адамның еңбекпен қамтамасыз етілу және ақша табу
проблемаларын шешеді;
⦁ қымбат емес әрі тез арада тіркеуге
болады;
⦁ мемлекеттік реттеуге аз
ұшырайды;
⦁ тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.
Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:
⦁ мұраға қалмайды;
⦁ алғашқы капитал жинау
қиындығы;
⦁ кәсіпкер жеке мүлкін тәуекелге тігеді:
«Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері үшін Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес, өндіріп алуға жатпайтын мүліктерін
қоспағанда, өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте
болады».
Жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жұмыстарын әділет департаменті,
статистика басқармасы және аумақтық салық басқармасы жүзеге
асырады. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей,
қызмет етуге рұқсат етілмейді. Одан бөлек бұл заңмен қудаланады,
мұндай жолмен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне
жатқызылады. Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін құрылтай
құжаттарын әзірлеу: жарғы (егер тіркеу кезінде типтік үлгідегі
жарғы ұсынылмаған болса) және де заңды тұлға бір тұлғадан көп
адамнан құрылатын болса, құрылтай келісімшарты қажет болады.
Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы кіші кәсіпкерлік
субъектілер үшін, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында тіркелетін заңды тұлғалар үшін жасалған
айтарлықтай мәні бар, жақында ғана күшіне енген өзгерістердің бірі
бастапқы жарғылық капиталдың айтарлықтай төмендетілуі болып
табылады. Бүгінгі күні бұл 100 теңгені құрайды. Кәсіпкерлік
қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар ғана іске асыруы
керек, ал ұйымдар мемлекеттік тіркеу көмегімен шаруашылық
субъектісі ретінде заңдастырылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
тіркеуден өткізбей іске асыру құқық бұзушылық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 357-1-бабында: «Тиісті тіркеусіз
әрекеттер (операциялар) жасау, сондай-ақ, кәсіпкерлік немесе басқа
да қызметтермен айналысу жеке тұлғаларға жиырмаға дейінгі, шағын
және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын лауазымды
тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға отыздан қырыққа
дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге апарып
соғады…» делінген. Қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
тестке дайындалу, қайталау, «Сенің ойын, жас
кәсіпкер немен айналысу керек?» эссе

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген