Сабақтың
тақырыбы: Трансформаторлар
Сабақ
мақсаты:
Білімділік:
студенттерге
трансформатордың жұмыс принципі,
трансформация коэффициентін және
трансформатордың құрылысы туралы
түсінік беру.
Дамытушылық:
студенттердің
трансформатор туралы білімін жетілдіру
арқылы кәсіби дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
техника
қауіпсіздігін сақтай отырып,
жауапкершілікке,
жолдастарының пікірін тыңдауға,
техникалық шеберлік пен ұқыптылыққа
баулу.
Сабақ
түрі :
жаңа
материалды меңгерту.
Сабақтың
әдіс – тәсілі:
сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау
Сабақтың
көрнекілігі:
слайд,
видеоролик, интерактивті тақта,
трансформатор макеті.
Пайдаланған
әдебиеттер:
М.Исаханов. Ш. Өмірзақов «Электр
машиналары» Фолиант.2010 жыл.
Сабақтың
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі – 3 мин
Үй
жұмысын жан жақты тексеру
-
15
мин
Жаңа
білімді
баяндау
-
52
мин
Жаңа
материалды
бекіту-
15
мин
Бағалау
– 3
мин
Білім
алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру,
оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі
– 2 мин
Ұйымдастыру
кезеңі
Үй
жұмысын жан жақты тексеру
Электр
машиналарының түрлері.
Генератор
дегеніміз не?
Электр
машиналарының атқаратын қызметі.
Асинхронды
машинамен синхронды машинаның
айырмашылығы түсіндіріңіз.
Жаңа
білімді баяндау
1.Трансформатордың
құрылысы.
2.
Трансформатордың жұмыс принципі.
3.
трансформатордың түрлері.
Трансформатор
электр энергиясын кернеуі бойынша
түрлендіруге және кернеуді реттеуге
арналған электрмагниттік құрылғы.
Трансформатордың қажеттілігі электр
энергиясының оны таратқан кездегі
шығынын азайту және сымдық материалды
үнемдеу мақсатынан келіп туған.
1831
жылы ағылшын физигі Майкл Фарадей
электрмагниттік индукцияны, трансформатордың
электрлік жұмысын зерттеп тапты.
Трансфооматорлар 1831 жылыдан бастап
біздің күнделікті өмірімізде үлкен
орын алды. Көптеген жағдайда бір ток
көзінен әртүрлі кернеуге арналған
құралдарды қоректендіруге қажет болды.
Трансформаторды
алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков
құрастырған. Қарапайым трансформатор
ферромагнитті өзекшеге кигізілген
өткізгіштердің екі жақты орамдарынан
тұрады. Бірінші ретті орам қоректендіруші
кернеу көзіне, ал екінші орам тұтынушыларға
қосылған. Олардың сәйкес орамдарының
саны n1
және
n2-ге
тең.
Трансформатордың
жұмыс істеу принципі электрмагниттік
индукция құбылысына негізделген. Бірінші
реттік орамдар арқылы айнымалы магнит
ағыны пайда болады. Бұл магнит ағын өз
кезегінде екінші реттік орамдарды да
тесіп өтетін болғандықтан осы орамдарда
индукциялық ЭҚК-ін туғызады. Егер екінші
ретті орамдар тұтынушыға қосылған
болса, онда бұл тізбектен де айнымалы
ток өтеді. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде
қайтадан өзінің айнымалы магнит ағынын
туғызады. Екінші орамдардың туғызған
магнит ағыны өзекшедегі толық магнит
ағынын кемітеді, бұл өз кезегінде бірінші
ретті орамдардағы өздік индукция
ЭҚК-інің кемуіне алып келеді. Орамдар
санының бір-біріне қатынасын
трансформация
коэффициенті деп атайды.
Трансформаторлар
келесі түрге бөлінеді: күшейткіш
трансформаторлар, төмендеткіш
трансформаторлар, автотрансформаторлар,
ток трансформаторлары, кернеу
трансформаторлары, импульстік
трансформаторлар, бөлгіш трансформаторлар
және т.б.
Трансформатордың
құрылысы: кеңейтілген бак, оқшаулағыш,
трансформатор өзекшесі, трансформатордың
бак қақпағы, салқындатқыш, төменгі
кернеулі орама және жоғары кернеулі
орама.
Жаңа
материалды бекіту.
Трансформатор
дегеніміз не?
Трансформатордың
атқаратын қызметі.
Трансформатордың
түрлері.
Трансформаторды
ең алғаш кім ойлап тапты?
Бағалау
.
Білім
алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру,
оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі.
Трансформаторлар
дәрісін оқып, түсінік айту. Өткен
тақырыптарды қайталау.