400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Түлкі мен қырғауыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 _ сыныпта сабақ беретін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

III бөлім.Қазақстандағы жан жануарлар мен өсімдіктер әлемі


Мектеп: «Новобратск орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Канафина Н.К

Сынып: 5-cынып Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Түлкі мен қырғауыл» ертегісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.О3 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

5.А5 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Мәтінді түсініп оқу

Көбі: Мәтіннің тақырыбын анықтау

Кейбірі:Сұрақты түсініп, шағын диалогке қатысу

Бағалау критерийі

1.Көркем әдеби шығарманы түсінеді.

2.Тақырыбын анықтайды. (білу, түсіну)

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Айлакер, қу.

Тапқыр, ақылды

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Түлкі қандай аң?

Қырғауыл қандай а?

Қырғауыл не себепті түлкіге иттер келе жатыр деді?

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, орыс т ілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы берілген суреттер мен бейнені көрсету

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Тауда мекендейтін құстар м ен аңдарды атай алады, жаңа сөздерді біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут






5минут


















3 минут





1.Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Шаттық шеңбері. Тілек тілеу. Оқушылар бір-біріне тілек тілейді

3. Сұрақ- жауап (« Кофе араластырғыш таяқшалар» әдісі) арқылы үй жұмысын тексеремін

-Тауда мекендейтін қандай аңдар мен құстарды білесіңдер?

-Олар қайда мекендейді?

-Барыс туралы не білесіңдер?

-Олардың арасында қандай ұқсастық байқадыңдар?



4.Оқушыларды сабаққа уәждеу

(М.К Ұ.) Жұмбақ шешу

Бұлаңдаған құйрығы, бір алдарлық қулығы (Түлкі)

Бір топ жыңғыл ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл. (Қырғауыл)

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Түлкі мен Қырғауыл» ертегісі.Бұл ертегіні оқымас бұрын оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін түрлі түсті стикерге байланысты топқа бөлінеді

1 топ- түлкі

2 топ-қырғауыл

3 топ- ит












































Сабақтың ортасы

8 минут



























7 минут















2 минут






5 минут






















10 минут












(ТЖ.) Мәтінмен жұмыс. Бірлескен оқылым.

(ЖЖ.) Мәтінді мұғалім оқиды.

«Қос диаграмманы» толтырады.

Топта ақылдаса отырып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыздар.

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:

         — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.

         Түлкі:

         — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.

         Түлкі:

         — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

         Қырғауыл:

         — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.

         Түлкі:

         — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.


Сөздік жұмысы

«Сөзді бейнеле» – «Суреті бойынша анықта» ойынының нұсқасы. Қатысушылар жәшіктен сөзді алып шығады да, 30 секунд бойы топтың басқа мүшелері үшін оның суретін салады

(ҚБ) Кері байланыс: Смайликтер арқылы.

Сергіту сәті «Қазақия»


Сараланған тапсырмалар.


(Т) 1тапсырма (А). Мәтінді рөлге бөліп оқу, әр кейіпкердің дауыс ырғағын келтіру

Дескриптор

-мәтінді оқып, түсіне алады;

-рөлдік ойында әр кейіпкердің дауыс ырғағын келтіре алады;

- мәтіннен бойынша қос диаграммасын толтырады

(Ұ) 2.Тапсырма(В). Суретке қарап, сұраққа жауап беру



  1. Түлкі қырғауылға не айтып жатыр деп ойлайсың?

  2. Түлкінің ойы қандай?

  3. Қалай ойлайсыңдар, ертегі не туралы?

Дескриптор

- Түлкінің қырғауылға не деп айтқанын болжайды

- Ертегінің не туралы екенін түсінеді.



(ЖЖ) 3 тапсырма (С).Тірек сөздер арқылы диалог құрастыру

Айлакер, қу –хитрый (- ая), тапқыр-находчивый (-ая), ақылды- умный (-ая)

Дескриптор: Білім алушы

- бір-біріне сұрақ қояды;

- сұраққа сай лайықты жауап береді.

















Оқулық






















Үлестірмелі материал 12.2













Үлестірмелі

Материал 12.2



videoplayback (1).mp4


ҚБ жинағы



Үлестірмелі

материал















Сурет























ҚБ жинағы



Сабақтың соңы

(2-3 минут)








Үйге тапсырма



Рефлексия: Смайликтер арқылы

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





«Түлкі мен қырғауыл» ертегісін оқу






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі