400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Түркітілдес халықтар. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркітілдес халықтар. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

1-бөлім Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Педагогтің аты-жөні:

Ильясова Х.Н.

Күні:

06.09.2023

Сыныбы: 5 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Түркітілдес халықтар. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. «Тіл бар жерде ғана ұлт бар» деген қанатты сөзге қосыласыңба?



2. Тілдің жойылуы мүмкін бе қалай ойлайың?





Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

№1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындатады.

1-тапсырма. Тыңдалым- Айтылым.

Мәтінді тыңдайды. Мәтінде не туралы айтылған? Қандай сөздер есінде қалжы?



2-тапсырма. Айтылым.

Суреттерге қарап, парталасыңа сұрақ қояды. Жауабының дұрыс- бұрыстығын бағалайды. « Сөлесіп, тіл табысудың адам өмірі үшін маңызы неде?» деген тақырыпта шағын диалог құрады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Мәтінмен жұмыс жасайды.

- Диалог құрады.


5-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері




№2-тапсырма

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3- тапсырма. Тыңдалым- Жазылым.

Мәтін мазмұны бойынша парталасына сұрақ қояды. Жауабын бағалайды. Кластер бойынша «Сөйлеу стилі» деген тақырыпқа әңгіме құрайды.

4-тапсырма. Жазылым.

Қоржындағы сөздерді қатыстырып, екі сөйлем құрайды.



Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

-Әңгіме құрайды.

-Оқулықта берілген сөздерден сөйлем құрайды


5-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері


3-тапсырма.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

5- тапсырма. Жазылым.

Сөйлемдердегі басы артық және қате қолданылып тұрған сөздерді тауып, өздері дұрыстап шығады.



6-тапсырма. Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттардың маңызын талдйды.Негізгі және қосымша ақпаратты табады.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Тапсырманы дұрыстайды

- Ақпараттарды табады.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі