400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Тұсау кесу"3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарын пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Білім беру саласы : Шығармашылық
Бөлімі : Музыка
Тақырыбы: Тұсау кесу

Мақсаты: Музыканың сезімдік мазмұнын сипаттай, ажырата, бейнелей білуге үйрету.

Әнді табиғи дауыспен, нәзік орындауға төселдіру.

Қазақтың ұлттық салт-дәстүр, рәсімдеріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындауға тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Тұсау кесуге қажетті заттар: қайшы, ала жіп.

ІС – әрекет кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар біздер сендермен бүгін

Қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелесеміз.

Балалар мұқият сұрақтар арқылы түсініктерін айтады.

Негізгі бөлім

Ән тыңдау







Ән айту







Сұрақ – жауап







Сергіту сәті





Дәптермен жұмыс


Ән тыңдау. «Тәй-тәй». Ө. Байділдаев.

- Музыка қалай орындалды?

- Көңілді ме, әлде көңілсіз музыка ма?

- Музыка тыңдау барысында қандай оқиғаны елестеттіңдер?

- Музыка сендерге ұнады ма?

Ән айту. «Тұсау кесу жыры». Халық әні. Өңдеген Б. Жүсіпәлиев.

- «Тұсау кесу рәсімі» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ол рәсім не үшін жасалады?

- Рәсімді кім жасайды?

- Тұсау кесу рәсімін жасау үшін не қажет?

- Тұсау кесу рәсімін жасаған соң қандай ән орындалады? (Тәй-тәй).

- Тұсау кесу рәсімін сахналау (Рәсімді әже болып тәрбиеші орындайды, балалар қуыршақты жетелейді.)

Сергіту сәтін өткізу.

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Әліппе дәптермен жұмыс.

Әліппе дәптердегі сурет бойынша әңгімеле.

Сәбидің тұсауын не үшін кеседі?

Тұсау кесу рәсімін жасау үшін қандай заттар қажет?Қоршап сыз.

Балалар сұрақтарға жауап береді.








Әнді бірге хормен айтады



Сұрақтарға жауап береді









Өлеңді қайталау арқылы би – қимылдарын орындайды



Тапсырманы мұқият орындайды

Қорытындылау

Бүгінгі сабақта қазақтың ұлттық рәсімі «Тұсау кесумен» таныстық. «Тұсау кесу» рәсімінен басқа қан-дай рәсімдерді білесіңдер? Ән ұнады ма? Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі көбірек ұнады?

Балаларға жекелеп баға беріп, марапаттау, мадақтау.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білді: Табиғи дауыспен орындауды біледі.

Игереді: Қазақтың салт – дәстүрін игереді.

Меңгерді: Музыка ырғағына би қимылдарын меңгереді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі