400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сабақ жоспары "Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемі"8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
түсіндірмелі салалас курмалас сөйлем туралы толық мәлімет береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 28.01.2017 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8в

Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Түсіндірмелі салаластан алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,шығамашылықпен жұмыс

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап,ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай,талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз,іргелес байланысады.Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны,мынау,сол,соншалық,сондай) болады.

Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.Сызықша сонша,соншалық,сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кездеседі.Мысалы: Әйел де ай сәулесі сияқты:есікті жапсаң,түндіктен түседі .Жамандық жалын секілді:өзін де,өзгені де жалмай береді.Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.Сіздерге де айтарым сол:сағат төртте осында келіңіздер.

Түсіндірмелі салаластың ара жігіне қойылатын тыныс белгілері





Қос нүкте Сызықша

Сол, ол т. б. Сонша, соншалық, сондай

1. Байжанның дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса - сонасы мен құрт - құмырсқа, бақа - шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері. (С. М.)

2. Сіздерге айтар тілегім сол: мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз. 1. Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі парыздан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды. (Б. Соқп.)

2. Адам баласы керуен сияқты – тоқтады, көшті де кетті. (Қорқыт)

Жаттығумен жұмыс: 109-жаттығу. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін анықтаңдар.



Тақтамен жұмыс: 110-жаттығу. Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі,қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар.

Шығармашылық жұмыс: Түсіндірмелі салаласқа байланысты айтылған нақыл сөздерден мысалдар жазады.

Мысалы: Үш нәрсемен қоңсы қонба: күйдірер отпен, ағызар сумен, атақты әкіммен.

(Ж. Баласағұни)

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?

Жалғаулық арқылы байланыса ма?

Қандай тыныс белгілері бар?



Үйге тапсырма: 111-жаттығу. Қосымша тапсырма: әдеби кітаптардан мысал теру.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі