жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Т.Ұзақов "Жантаза" 7-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақ тақырыбы: Б.Ұзақов «Жантаза» |
7 -сынып |
Мұғалімнің аты-жөні: Семеева Лаура |
Тексерілді |
|||
|
Күні, айы: 14.11.2017ж |
Сабаққа қатысқандар: |
Сабаққа қатыспағандар: |
||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау 7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну. |
|||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді |
|||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініп, өз ойымен жалғастыра алады. |
||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін тақырыбына қатысты ойын жеткізіп, оны дәлелдер келтіріп түсіндіре алады және тақырыпқа қатысты презентация жасап, қорғайды. |
||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы: 2- 5 минут |
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. «Галерея» әдісі. Алдыңғы және жаңа сабаққа қатысты мәліметтер ілінеді
Суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашып, тылсым күштер, ерекше құбылыстар туралы әңгімелесу. |
|||||
|
Ортасы: |
Мәтін тақырыбымен танысу. «Жантаза» сөзіне қатысты болжам айтқызу. Мәтінмен танысу. «Болжау» стратегиясы. Оқушыларға мәтіннің кітаптағы бөлігін оқытқан соң, оқиға әрі қарай қалай өрбитінін өз ойларынан жазғызу. Соңында оқушылардың нұсқаларын оқытып, мәтіннің жалғасын оқып беру. «Жантаза» сөзінің шығуына себеп болған жайт туралы оқушылардың пікірін тыңдау. 9-тапсырма. Өздері білетін ертегі кейіпкерлеріне тән қасиеттерін жазып, кестені толық толтыру. Топтық жұмыс. Кластер жасау. «Жаны таза адам» Қандай адамды осылай атаймыз? Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. |
Оқулық
|
||||
|
Соңы |
Кері байланыс «Басбармақ» әдісі |
|
||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||
|
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
1.Сабақ барысына өзгерту енгіздіңіз бе? Неге? 2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
|
|||||
|
Қорытынды бағалау |
||||||
|
Ең жақсы өткен екі нәрсе: 1. 2. |
||||||
|
Қандай екі нәрсе \тапсырма\ сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? 1. 2. |
||||||
Мәтіннің толық нұсқасы
ЖАНТАЗА
Əшейінде жеті қабат тозақтың күнəһарлар салынған алып қазаны іспетті қыз-қыз қайнап жататын Қызылқұм жұ- маққа айналып кеткен тəрізді құлпырып тұр. Таяуда ғана құралайдың жаңбыры жауып өткен. Қалы кілемнің түгіндей боп раң тегіс өскен. Қызғалдақтар көздің жауын алады. Сексеуілдерге əлдеқашан жан еніп, сан түрлі азапты бастан өткерсе де, жау алдында тізерлемей, тік тұрып өлетін хас ба- тырша көкке бой созған. Бейне бір айналаға сұқтана қараған көздерге қадалуға дайын тұрған секілді жүзгіндер өте ұсақ əрі ұзыншақ ине секілді жапырақ шығарған. Жусанның жұ- пар иісі аңқиды. Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақ- ты қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тас- тап келе жатқан жасы əлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай ке- ше берсе ғой деген арман ұлғая түсті. «Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! – деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қыз- ғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Қып-қысқа ғұмырында жадырап-жай- нап өтуді жазған екен бұларға. Ана сексеуіл, жүзгін, жусан фəни жалғаншыға мойынсұнғысы келмей біраз қасарысады. Адамдар да солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...» Осындай зілмауыр ойлар санасын сан-саққа жүгіртіп бара жатқан бұл жігітті бірде бетін, бірде сыртын беретін баянсыз дүние ертерек есейткен. Əйтпесе, қазір жылт еткен сезімге желігіп, өмірдің қайталанбас көгілдір көктем шағының қы- зығын көретін жаста емес пе? Қой үстіне бозторғай жұмырт- қалаған заман көзден бұл-бұл ұшқалы жеке бастың арман- тілегі əдіра қалды ғой! Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар- толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың əскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе- жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Жау өзара соғыста күйрей жеңіліп, тырқырай қашқанымен иен дала- ны еркін жайлап жатқан елге ара-тұра еңістен еніп, лаң сап тұрады. Терістіктегі аюдай азынаған азулы ел билікті қолына ап, қуыршақ сұлтандарды сайлап қойған. Екі тараптағы жау да өз əмірін жүргізіп, бодандықта ұстағысы келеді. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап, ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтырумен əлек. Бес саусақтай жұмыла алмай жатқан қарақұрым жұрттың жау шапса, барымташы басса ғана есі кіріп, тұяқ серпеді. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл – құлға, бұрымды қыз – күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктірумен əуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді. Ебі барлар жаңа кəсіпті тез-ақ меңгеріп алды. Өзі де біраз алқапқа егін еккенімен, алған өнімін кедей-кепшікке түгел таратып береді. «Алқапқа самалмен көршінің бидайының дəні ұшып түсуі мүмкін, байқаусызда бөтеннің ақысын жеп күнəға батпайын» деген оймен қырдан құмаршақ теріп талғажау етеді. Егіншілікті үйретуден мақсат – шашыраңқы елді жи- нау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде бейілі кеткен би, сұғанақ сұлтанға емес, аттандаса, атой сап шығар əскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы болмағанымен жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі əскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігі- мен айналыса береді. Бұғанасы бекігелі бері ел қамын жеп жүргендіктен бо- лар, беделі артып келеді. Жұрт түбінде қорғанына айналар жанның осы боларына бірте-бірте сене бастаған... Екі күн бұрын ауылына хабаршы барды. Қызылқұмның түкпіріне ендей еніп кеткен ағайынның əлдеқандай лаңға жолыққанын естіген бойда торы атқа мініп, жолға шықты. «Атың тынықсын, өзің бір-екі күн демал» деп хабаршыны ауылына тастап кетті. Астындағы торы ат – жылқының төресі. Құйрық-жалы бір тұтам. Жайдақ жүрген кезінде көзі түскен біреу-міреу болмаса, бір қабырғасы артық біткенін өзінен басқа жан біле бермейді. Бірде-бір рет жануардың сауырына қамшы ұрып көрген жоқ. Тізгінді босатсаң болды, өзі жосыла жөнеледі. Екі күннен бері əлдебір қалтарыста қаңғыған жау, барымта- шы жоқ па екен деп, ара-тұра тізгінді тарта ұстап, айналаны жіті бақылап келеді. Намазын да оқып үлгереді. Мітіресінен су ішіп, көздің шырымын да алады. Жануар қазанат десе, қазанат қой, мұндай кезде босқа кеткен уақыттың есесін тізгінді бос қойғанда шығарып отырады. Екі күннен бері далиып жатқан даланың ұшы-қырына жетер емес. Қызылқұмның нағыз бабына келген шағы ғой бұл! Тіпті, шөп өспеген жерлерде сусып жатқан құмның да əдемілігі соншалық, он сегізге толған қыздың қол тимеген құлын денесін еске түсіреді. Бабаның жаз жайлауы мен қыс қыстауының арасы айшылық жол. Осынша жерді ақ найза- ның ұшы, ақ білектің күшімен алған. Оны көздің қарашы- ғындай асырап, келер ұрпаққа табыстау бүгінгілердің мін- деті... Кенет дүр етіп ұшқан қарға-құзғындар ойын бөліп жі- берді. Бетін əжім басып, білек тамырлары білеуленіп кеткен кəрі шалдай тырбиған сексеуіл жаққа қарай назар тастады. Жылқының өлексесі теңкиіпжатыр. Өлгеніне көп уақыт бола қоймаған сияқты. Құзғындар əлі етін түгел тауыса қоймапты. Сонадай жерден қолаңса иіс қолқаны қауып кетті. Айналаны көзімен дереу шолып шықты да, бір қолымен мұрнын басып, құйғытып өте шықты. Мына мүңкіген өлексе айналадағы əсем көріністің сəнін бұзғандай болды. Желмен жарыса жүйткіп жүрген жылқы қалайша мұндай халге душар болды екен? Барымташының оғына ұшты ма, əлде шығынып кетіп, қасқырға жем бол- ды ма? Жақын маңдағы ауылға əлі бір түндік жол бар. Қайткенде де жаттан жазым болғаны анық. Бірақ, айналада із көрінбейді. Көкпеңбек майса тапталмағанына таңғалды ол. Басқа келген пəлеге мал қалқа болады деуші еді. Малмен кеткені рас болсын! Əр кемелге – бір зауал! Жамандықтың да шегі бар. Əйтеуір ел аман болсын, – деген ой өтті қиялынан. Ертеңіне түс болмай жатып, дүрлігіп жатқан ауылға жетті. Торы аттан ақырын түсіп, жүгенін шешіп ап, құранды ердің басына байлады да бос жібере салды. – Жанқожа батыр келді. – Жанқожа батыр келді, – деп алдынан шулап шыққан ауыл адамдарына сəлем берген соң хабаршыдан естіген то- сын оқиғаның мəн-жайын сұрады. – Ойбай, біз пəлеге жолықтық! – Əр күні бірнеше малымызды əкетеді. – Бүйте берсе, қу таяқты құшақтап қалатын шығармыз...– деп, шулап қоя берген адамдарды оң қолын көтеріп сабыр- ға шақырды да, өзі тағайындаған жасақ басшысына иегін қағып сөйле дегендей кейіп танытты. – Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Əр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп ке- теді. Атқан оқ дарымайды. Əзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білсін? – деді садақ ұстаған дембелше жігіт. – Шарасын таппай дал болдық. Сол кезде жиырма қадам жердегі қараша үйден əйелдің шыңғырған дауысы шықты да, күрт үзіліп қалды. ‒ Ойбай... əне... тағы келді, – деп сөзін жалғастырды дем- белше жігіт. – Аждаһа Күлəн деген... жесір əйелдің... үйінің жанындағы... суы тартылып кеткен... ескі құдықтан шығады. Жанқожа қылышын қынабынан суырып солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа тырқырай қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы жəне сауыт, дулыға киіп қа- ру асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Қараша үйдің іргесінде жұпыны киінген əйел талып жа- тыр. Екі қадам ар жағындағы желіде тұрған құлынды алып мақұлық жұтқалы тұр екен. Жанқожа жылдам кəлимасын қайтарды да, ақырып, қасына жетіп барған бойда шабуға оқтала, қылышын көтерді. Лезде айбатынан айырылған мақұлық көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп алдына жа- та кетті. Оның мүсəпір халін көрген Жанқожа қылышын түсірді. – Ағарған əкеліңдер! – деді сосын, одан отты жанарын алмастан... Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де, ентелей жетті. Артына қарамастан қолын созған Жанқожа одан зе- рен кеседегі сүтті алып мақұлықтың басына шашып жіберді. Ол көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожаға бір қарады да, кері бұрылып, ақырын-ақырын жылыстап, жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар үйге кіргізіп, бетіне су сепкен соң талып жатқан əйел өзіне келді. Ешбір жері зақымданбаған, аждаһаны көріп қорыққанынан құлап қалған екен. ‒ Бұл байғұс та құлап жаман үйренді, – деді біреу. – Үш ай бұрын қайтыс болған байының аруағы əкетуге кеп тұрған- дай шошитын шығар. Күлкі арсыз деген рас екен. Қазір ғана зəре-құты қалмай қалшылдап тұрғандар ду етіп күлгенін байқамай да қалды... Жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. Аждаһа қайта оралмады. Ауыл адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні елге оралатынын айтты. Қаумалаған жұрт ба- тасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Олар- мен қоштасқан соң ысқырып жіберіп еді, еркін жайылып, тынығып қалған торы ат қасына жетіп келді. Құранды ерге байланған жүгенді шешіп ап аттың басына салды да, қарғып мінді. Біраз жерге дейін жай жүрді. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты... Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық байқалады. Қызылқұмның ішінде Торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, бұл жердің жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен, əйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғаламның тылсымын кім түсінер дейсің! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында əскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Əдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылықпен басын сəл иіп сəлем берді. – Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қо- нақ боп тынығып алыңыз. Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы то- рысы аман болса, ауылының алыстығы білінбейді. Айдала- дағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жер- де қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тəрізді. Құранды ердің басына байлаулы тұрған мітірені1 алған соң, атын əдеттегідей қоя берді. Мітіредегі суға жуынып ап қыздың соңынан үйге кірді де, төрге озды. Дастархан жай- нап тұр екен. Жоқ жеміс пен тағамның өзі жоқ... Мынадай таңсық тағамдар ел дастарханында болса ғой деп ойлап отырды. Қыз өзінің саятшылық құрып жүрген хан қызы екенін, нөкерлері екі қырдың артында жатқанын, мына отауда жал- ғыз қап тыныққысы келгенін айтты. Жанқожа оның сөзіне сенген сыңай танытып отырды. Алдында тұрған неше түрлі тағамнан жеу үшін қол созғанда тылсым бір күштің əсерімен аузына тек жабайы құмаршақ дəні түсе берді. Біраздан соң қызға өзінің алыс жолдан шаршап келе жат- қандығын, тыныққысы келетінін айтты. Қыз дастарханды жиып алды. Сол жаққа – қонаққа, оң жаққа – өзіне төсек сал- ды. Шам өшкен соң сауытын шешіп, дулығасын бас жағына тастаған Жанқожа қыз екеуінің ортасына қылышын қойып ұйқыға кетті. Түнімен əлдеқандай ала-тасырдан ұйқысы бөліне берді. Бірақ, жатқан орнынан қозғалған жоқ. Таң атып, айналаға түгел жарық түскен кезде орнынан тұрып, дулығасын сауытын киіп, беліне қылышын ілді. Іргеде жатқан мітіресін алып далаға шықты. Мітіреде қалған суға беті-қолын жуды. Қыз қырқадан жаңа көтеріліп келе жатқан күнге қарап тұр екен. Қыздың қасына келген Жанқожа, оған қонақжай- лылығы үшін алғысын білдіріп, кететінін айтты. Ақ отаудың іргесінде тұрған торы атқа мінген кезде қыздың дау- сы дірілдеп, сəл кідіре тұруын сұрады. – Бір-екі ауыз айтар сөзім бар еді...– Айтыңыз, – деді Жанқожа ат үстінде тұрып. Қыз неден бастарын білмегендей сəл бөгелді де, ойында- ғысын түгел ақтарғысы келді білем, сөзін əріден бастады. – Мен... перінің қызымын... Сізге сырттай ғашық болып жүргеніме көп болды. Қасыңызға жолай алмадым... Жан- дүниеңіз таза болғандықтан сізді үнемі періштелер қалқалап жүреді. Жолығудың амалын таппағасын аждаһа кейпіне еніп, ана ауылға лаң салған мен болатынмын. Біз жын-перілер лас жерді иемдене саламыз. Ескі құдықты таңдағаным сон- дықтан. Еліңізге жаныңыз ашып, сіздің жетіп келеріңізді сезгем. Қылышыңызды көтеріп шабуға ұмтылғаныңызда жанарыңыздан шашылған отқа төтеп бере алмай буыным бо- сап, көзімненжас шығып кетті. Сіз аяғандықтан өлтірмей, ба- сыма ақ құйып жібердіңіз. Сізге соңғы рет жақындаспақ боп осы жерде жолыңызды тосып жатқам. Бұл өлексе жатқан жер болатын. Оны байқап қойдыңыз. Дастархандағы тағамнан ауыз тигеніңізде мендік болар едіңіз. Бірақ, «Біссімілдə» де- ген кезіңізде бір тылсым күштің əсерімен менің тағамдарым аузыңызға түспеді. Ғайыптан құмаршақ дəні пайда болып, соны жеп отырдыңыз. Жатқанда ортаға қылышты қойып жаттыңыз. Мен қылышты күзеткен періштелермен айқасып таңды атырдым. Егер менімен болғаныңызда мəңгілік қара күшке ие болар едіңіз. Бірақ... екеумізден тараған ұрпақ... азып кетер еді. Жаныңыздың тазалығын сақтап қалдыңыз, – деп, мұңайған қыз сөйлеуден тоқтап, көз жасын сүртті. – Енді не болмақ? – деді Жанқожа қызықсынып. – Енді... – Қыз сөзін жалғастырды. – Енді бүкіл өміріңіз қылыш ұстап еліңіздің жауларымен айқасумен өтеді. Адал- дығыңыз басым. Түнде алатасырды естісеңіз де қылышқа ұмтылмадыңыз. Жау өзі килікпесе, ешкімге ұрынбайсыз. Аңдысқан жау ақыры бір қапыңызды табады. Алайда, арам- нан дəм татпаған адамнан өрбіген ұрпақ – еліңізді арманы- ңыздағыдай іргелі елге айналдырады. Қыз Жанқожаға қимастықпен қиыла бір қарады да, «қош бол, жаны таза жігіт!» деп көзден ғайып болды. Ұшты-күйлі жоғалған ақ үйдің орнында қалы кілемнің түгіндей раң, хош исі бұрқыраған жусан қалды... «...жаны таза жігіт... жаны таза... жантаза... жан... таза...» – де- ген сөздер жаңғырып тұрды да, бірте-бірте семіп бара жат- ты... Жанқожа алдыңғы екі аяғын көкке көтере кісінеген аты- ныңтізгінінбосатыңқырап, «шүу» деді. Торыат күншығысты бетке алып, жүйтки жөнелді...
1 Мітіре – киізбен қапталған, су құйылатын ыдыс.



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген