400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары Туған өлке табиғаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

.

Сыныбы: 2

Тақырыбы: №27. Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; командада (топпен) жұмыс істеу.

Мақсаты: Оқушыларға туған өлкенің табиғатын сақтауды үйрету арқылы, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға ешкімді ренжітпеуді үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы топпен жұмыс істеу қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2.https://massaget.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу. Орманға ойша серуен.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №26 – сабақ. Отан туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №27, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» 
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Табиғатты кім қорғау керек?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жер - Ана

Қ. Сәрсекеев

Бейбіт бақша ішінің балшығын бей-берекет шашып, қопарып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария:

– Әй, балам, Жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені асыраушы анаң ғой, –деді.

Балшықты анаң дегеніне аң - таң болған Бейбіт:

– Менің анам үйде, аты – Зейнеп, – деді.

– Балам, онда сол Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер,– деп, қария ұзай берді.

Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңіл жайланған соң, Бейбіттің есіне манағы қарияның айтқаны түсті.

– Апа, – деді ол, – мана бір шал маған жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң деді. Ол не дегені?

– Сен не дедің? – деп сұрады Зейнеп.

– Менің анам үйде дедім.

– Балам-ай, неге осынша кір, балшық болып келгеніңді енді білдім. Ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.

Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады.

– Жер – анамыз дейтін себебіміз, – деді анасы, – ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Дұрыстап ұғып алшы, тіпті адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді, Мысалы жаңағы жеген қаймағың сиырдың сүтінен алынады. Сиыр жердің шөбін жемесе, сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам. Содан да Жер – бәріміздің асыраушы анамыз.

Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға кіріп, қопарып, шашып ойнаған топырақты тегістеді. Тіпті, ақырын ғана алақанымен аялап сипап қойды.

Сұрақтар:

1. Әңгімеде қандай құндылықтар мен қасиеттер туралы айтылады?

2. Бейбіттің жасаған әрекеті туралы өз ойыңды айтып көр.

3. Сендер Жер анаға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

4. Үлкендердің айтқан ақылынан сендер қандай тәлім аласыңдар. Әңімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма : 98 - бетте берілген шығармашылық иелерінен өзіңе біреуін таңдап алып, табиғатты суреттеңдер.

  • Суретші,

  • жазушы,

  • ақын.


6. Топпен ән айту.

Әдемi
Өлеңін жазған: Ақылбек Шаяхметов
Әнiн жазған: Ғұсман Наурызбаев
Күн сәулесi төгiлгенi әдемi,
Кемпiрқосақ керiлгенi әдемi.
Көк шалғында асыр салып жүргенде,
Көк көбелек көрiнедi әдемi.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемi,
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемi.
Қариялар жол үстiнде кездесiп,
Амандықты сұрасқаны әдемi.
Бұлбұл құстың сайрағаны әдемi,
Қозы-лақтың ойнағаны әдемi.
Ақ боз атын ерттеп мiнiп атамның,
Қойды өрiске айдағаны әдемi.


7. Үй тапсырмасы.

1. №27 – сабақ. Төменде берілген суреттерден қандай
құндылықтар мен қасиеттерді үйренуге болатынын тауып, дәптерге жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №28, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
2212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі