400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: «Тығыздықты есептеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

«Тығыздық»


ШҚО,Үржар ауданы

Мектеп: «Тасбұлақ орта мектеп-бақша» КММ-сі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Омракунова Тлеугайша Аскербековна

Сынып: 7

қатысқандар саны: 18

қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

«Тығыздықты есептеу»

Оқу мақсаты

7.2.2.15 Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Тығыздықтың анықтамасын біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тығыздықтың формуласын есеп шығаруда қолдана алады

Кейбір оқушылар:

  • Тығыздықтың физикалық мағынасын аша отырып эксперименттік және деңгейлік есептер шығарады

Бағалау критерийі

1. Тығыздықты анықтауға арналған формуланы біледі

2. Формуладағы физикалық шамалардың мағынасын түсінеді

3.Формуланы түрлендіре отырып деңгейі жоғары есептерді шығарады

Тілдік мақсаттар

Формулалармен берілген ақпарат пен жұмыс істегенде оқушылардың тілдік дағдылары дамиды, пікір алмасады, диалогқа түседі. Тығыздықтың анықтамасын формула бойынша жеткізеді, таңбалануын дұрыс оқиды.

Құндылықтар

ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау

Пәнаралық байланыс

Математика,жаратылыстану

Алдыңғы білім

тығыздық, масса, көлем шамаларын және өлшем бірліктерін біледі, тығыздықтың формуласын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Ағаш,темір, тас заттары арқылы топқа бөлу.


Ынтымақтастықты қалыптастыру.

«Тропикалық жаңбыр» әдісі арқылы орындалады.




Үй тапсырмасын сұрау:

«Cұрақша сандығы» әдісі (топтық жұмыс)

  1. Қандай тығыздықтың бірліктерін білесіңдер?

  2. Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай есептейді?

  3. Егер тығыздық г/см3-пен берілген болса, оны кг/м3-пен қалай өрнектеуге болады?

Қалыптастырушы бағалау: «Плюс, минус» стикерлері арқылы бағалау



DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1
















Сабақтың ортасы

  1. мин

I-тапсырма

«Төрт бейне, бір сөз»

Өтілген тақырыппен осы тақырыпты байланыстыру мақсатында беріледі.Әр топ берілген төрт бейнені өзара байланыстыра отырып бір сөзді анықтайды.




Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ»

II-тапсырма

«Ойлан, жұптас, талқыла»

Әр топқа (ағаш білеушесі, темір, тас кесегі) денелер беріледі.

Тапсырма:денелердің массасын электронды таразының көмегімен өлшеп, көлемін анықтап, дененің тығыздығын есептеуге арналған формуланы қолдана отырып шығару. Кесте бойынша денелердің тығыздықтарын салыстыру.

Дескриптор: денелердің-

  • массасын өлшей алады

  • биіктігін,ұзындығын,енін өлшей алады

  • ХБЖ келтіре алады

  • формуланы қолдана алады

  • кесте бойынша салыстыра алады


Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ»




«Оқулықпен жұмыс»

Тапсырма

I-топ №3.2-2

II-топ №3.2-3

III-топ №3.2-4

3.2-2. Пішіні күрделі ыдыстың көлемін табу үшін оны өлшейді, сонан соң толтырып, қайта өлшейді.Сонда бос ыдыстың массасы 10 кг, суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1,0*103кг/м3. Ыдыстың көлемін анықтаңдар.

3.2-3.Ұзындығы 8 см,ені 4 см,қалыңдығы 2 см алтын кесегінің массасын анықтаңдар.Алтын судан 19,3 есе тығызырақ.

3.2-4.Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4 м, ені 2,5 м, биіктігі 2 м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3 кг/м3 болса. Онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?

Әр топ берілген есепті шығарып, түсіндіреді.

Дескриптор: Тығыздықтың формуласын қолдана отырып

  • есептің шартын дұрыс құра алады

  • бөлшектің алымындағы белгісіз шаманы анықтай алады

  • бөлшектің бөліміндегі белгісіз шаманы анықтай алады

  • ХБЖ келтіре алады


Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ» әдісі



Сергіту сәті

«Түсін мені» әдісі арқылы физикалық шамаларды оқушылар іс-қимылмен көрсетеді

(2 мин)


«Саралау тапсырмалары»

А- деңгей

Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

В- деңгей

Қандай да бір тетік көлемінің 1/3 бөлігі қорғасыннан, қалған 2/3 бөлігі қалайыдан жасалған. Осы тетік жасалған материалдың орташа тығыздығы қандай?

С- деңгей

Табанының ауданы 0,4*0,2 (м) тікбұрышты параллелипед түріндегі аквариум 0,15 м биіктігіне дейін сумен толтырылған. Аквариумдегі судың көлемін анықтаңдар. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы1000 кг/м3.

Дескриптор:

  • есептің шартын құра алады

  • кестені қолдана алады

  • орташа тығыздығын анықтай алады

  • массасын анықтай алады

  • ХБЖ келтіре алады


Барлық орындалған тапсырмаларды топ басшылары бағалап отырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ»

Сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерін бағалайды















электронды таразы, ағаш білеушесі, темір кесегі, сабын, сызғыш, кесте

























карточка,маркер, А3, слайд















































карточка, кесте,дәптер,

таймер


Сабақтың соңы

10 мин









Кері байланыс

Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмысына талдау жасау. (2 мин)

Оқушылардың рефлексиясы:

VII.Берілген сөз тіркесін таңдап,пікірмен аяқта:

(оқушыларға оқыту) ( 5 мин)

Сабақтың мақсатына жеттік пе? (2 мин)

VIII.Үйге тапсырма беру (1 мин)

Теориялық зерттеу:Дүкеннен сатып алған алманың тығыздығын есептеудің бірнеше айла-тәсілдері болуы мүмкін.Өздерің ұсынған амалдар мен тәсілдерді жазба түрінде баяндап,сыныптағы достарыңмен талқылаңдар.




Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталу заңы

Саралау сабақтың көпшілігі үшін жеке жұмыс орындау кезінде жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға деңгейлік есептер шығару кезінде белгісіз шамаларды анықтау кезінде көмектесу арқылы қолдау көрсету, ал кейбір оқушылар деңгейі жоғары есептерді шешу барысында топ оқушылар арасында қарқын байқалуы

Сабақтың барлық кезеңдерінде қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырады. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде қалыптастырушы бағалау «Үш шапалақ» арқылы жүргізіледі.

«Берілген сөз тіркесін таңдап,пікірмен аяқта» әдісі арқылы рефлексия жүргізіледі.


Сергіту сәті шаршаудың алдын алу үшін барлық оқушыларға орындату.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі