400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сабақ жоспары. Туризм – ел дамуының кепілі 8 - сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ойдан құрылған сабақ жоспары, қазақ тілі мамандары үшін сабақта қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

10 бөлім. Қазақстандағы туризм және экотуризм.

Мектеп: Қостанай облысы, Арқалық қаласы М.Әуезов атындағы №5 ЖОББМ

Күні:

Сынып: 8

Мұғалімнің аты –жөні: Толеуханова А.Д

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Туризм – ел дамуының кепілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

«Туризм - ел дамуының кепілі» тақырыбы мәтінінің мазмұнын түсініп ,мәтіндегі ойды анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Туризм - ел дамуының кепілі» тақырыбы мәтініндегі ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтай алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жаза алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,қолдану

Бағалау критерийі

  • Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды;

  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады;

  • Мақала , аннотация,тезис құрастырып жазады

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын түсініп,мәтіндегі ойды анықтайды.Тілдік құралдарды орынды қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мемлекет, туризм, Қазақстан Республикасы, экономика, мәдени құндылықтар

Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Туризм дегеніміз.....

Қазақстандағы туризм...

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Туризм мемлекет дамуына қалай ықпал ете алады?

- Туризм – мемлекет жарнамасы дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қазақстандағы туризмды дамытудың мүмкіндіктері қандай деп ойлайсың?

Не себепті Туризм – ел дамуының кепілі болуы мүмкін деп ойлайсың?

Құндылықтарға баулу

«Туризм - ел дамуының кепілі» тақырыбы негізінде шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға баулу

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы білім

«Қазақ жері – киелі мекен» тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіріп,ұлттық құндылықтарды құрметтеуді үйренді.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Бағалау түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


  1. мин


  • Ұйымдастыру

  • Ширату жаттығуы.

«Құпия зат» әдісі.

Оқушыларға сурет көрсетіледі. Олар оның не екенін жəне сабақпен қалай байланысқанын анықтайды

  • Топқа бөлу.

Топқа 3 түрлі фигураларды таңдау арқылы бөлінеді.


Кері байланыс

АКТ, интербелсенді тақта


Суреттер


DrawObject2 DrawObject1

DrawObject3



Сабақтың ортасы


30 мин




























Білу

Тыңдалым.

Мәтінді тақтадан екі қайтара оқып шығамын.

1 - тапсырма. Мәтіннен астарлы ойды анықтайды. ЖЖ.ТЖ

«ПОПС» формуласының құрылымы:

1.Бірінші сөйлем: «Менің ойымша...»

2.Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

3.Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен , мысалдармен дәлелдей аламын...»

4. Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай ой түйдім...»


Дескриптор

  • «ПОПС» формуласының құрылымын сақтайды;

  • Өз ойын жеткізіп, дәлелдер келтіреді.

  • Өз ойын жинақтап,түйіндейді


Қолдану.

2- тапсырма.Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді жан – жақты КӘМҚ (SWOT) талдауына салып жасайды. ЖЖ.ТЖ

1 топ

Күшті жақтары


1 топ

Әлсіз жақтары

2 топ

Мүмкіндіктер

3 топ

Қауіптер



Дескриптор

  • Мәтін мазмұнындағы ойды анықтайды;

  • Күшті,әлсіз жақтарын ажыратады;

  • Мүмкіндіктер мен қауіптерін анықтайды;

  • Нақты 3 сөйлеммен жазады



3 тапсырма. Мақала, тезис, аннотация құрастырып жазады.

Бейнежазба көреді

Тапсырма

1 топ

«Туризм – ел дамуының кепілі» тақырыбында мақала жазады.

2 топ

Мәтін бойынша тезис құрастырады

3 топ

Мәтін бойынша аннотация жазады

Дескриптор

  • Публицистикалық стиль құрылымын сақтап мақала,тезис, аннотация жазады;

  • Нақты деректер келтіре алады;

  • Өз ойларын түйіндей алады





Сұрақ – жауап арқылы кері байланыс

«Жарайсың!»



















Топтық бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен




















Топтық бағалау (әр топ бір – бірін дескриптор арқылы бағалайды)



https://turkystan.kz/article/37341-turizm-memleket-tanymaldyly-yny-kepili


Интербелсенді тақта


















Флипчарт, маркерлер, тірек -сызба





















https://www.youtube.com/watch?v=lwCFeZPMojE


үлестірме қағаздар

Сабақтың соңы



5 мин

Рефлексия.

Тамаша идеялар


Сіз үшін жаңа 3 нәрсені жазыңыз

DrawObject4

Сізде мағынасына

күмән туған 4 сөзді жазыңыз

DrawObject5



DrawObject6


Назарыңызды аудартқан

1 нәрсені жазыңыз


Әр оқушы сабаққа байланысты кері байланыс

ұсынады

Үлестірме парақтар


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырмалар құрастыру кезінде оқушылардың қажеттіліктері ескерілді. Жұмыстар жеке,жұптық және топтық жұмыс жасаумен жүзеге асырылады.Оқушылардың барлығына мәтінді түсініп, «Попс» формуласы әдісімен мәтіндегі негізгі ойды дәлелдер келтіре отырып анықтау берілсе. Ал оқушылардың көпшілігіне жұппен одан кейін топпен «КӘМҚ» (SWOT)талдауын жасау арқылы мәтінді жан –жақты талдайды. Бұл тапсырмада жұптық, топтық жұмыс жүргізу түрлері көзделгендіктен оқушылар сыныптастарына көмектесе отырып, орындайды. Басқаларға қарағанда қабілетті оқушылар құрылымын, стильдік және жанрлық ерекшелігін сақтай отырып мақала,аннотация , тезис құрастырып жазады. Бұл жұмыс түрлері жеңілден күрделіге қарай ауысуымен және жұптық, топтық жұмыстарда оқушылардың бір – біріне көмек,қолдау көрсеткендігі тарапынан сараланған тапсырмалар.

Оқушылардың материалды игеру деңгейін әр орындалған тапсырма сайын кері байланыс жүргізу арқылы жоспарлаймын. Бағалауда «Сұрақ- жауап», «Екі жұлдыз , бір тілек», «Топтық бағалау», дескриптормен бағалау түрлерін алдым. «Сұрақ жауап» тәсілінің тиімділігі оқушылар өзгелерге сұрақтар қойып,ойларын, түсінбеген жерлерін нақтылай алады. Топтық бағалау мен «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері оқушылардың бір- біріне пікір айта алуын,өз ойларын дәлелдей алуын және ұсыныстар білдіру дағдыларын қалыптастыруға тиімді. Дескриптормен бағалау арқылы нақты бағалау қалай жүзеге асатынын, негізгі критерийлермен бағалауды меңгеруге тигізер септігі мол. Сабақта қолдау, қошемет сөздерді қолдану арқылы оқушылардың уәжін көтеріп, қолдай аламын.

Сыныптың тазалығын, оқуға қолайлы болуын, оқушының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратындай болуын ескеремін Бейнежазба көрсету кезіндегі АКТ-ны қолданудағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырамын, оқушылардың денсаулығына зиян келмеуін қадағалаймын..

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынанауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
24 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
3378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі