Сабақтың
тақырыбы: «Үй жануарлары»
Сабақтың
мақсаты.
1. Оқушыларды үй жануарларымен таныстыру. Үй жануарларының қазақша
атауларын дұрыс айта білуге үйрету. Неліктен үй жануарлары - деп
аталатыныны, адамдар оларға қамқорлық жасайтынын түсіндіру
2.Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрістерін, дүниетанымын
кеңейту, тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін
дамыту.
3.Табиғатты, жан-жануарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі
: жаңа білімді
қалыптастыру.
Сабақтың әдіс
–тәсілдері : сұрақ –жауап
,іздену, ой шақыру , әңгімелеу, ойын, жұптық ,топпен
жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі : дидактикалық
материалдар , слайд -презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
1. Амандасу.
2. Сыныпта жоқ оқушыларды анықтау.
3. Кезекшімен тілдесу. (слайд
№1)
ІІ. Өткенді
қайталау.
1. Дене мүшелері атауларын слайд арқылы қайталау. (слайд
№2)
2. тапсырма:
Сөздерге тәуелдік жалғауларын
қосып айту. (слайд №3)
III. Жаңа
сабақ: (слайд №4)
1. Сабақ үй жануарларының суретін көрсетіп сөйлесуден басталады.
Мына суреттегі не? (нелер?) Оқушылар ана тілдерінде суретте
көрсетілегн жануарлардың атауларын атайды. Олардың бәрін бір сөзбен
қалай аталатынын сұрау. Үй жануарлары
туралы не білетіндерін сұрау.
Неге
үй жануарлары деп аталады? Ойлан!
Үй жануарларының адам өміріне маңызы өте зор. Жесе – тамақ, мінсе –
көлік, жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға
аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су
беріп асырайды.
2. Жаңа сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту. (слайд №5)
3. Фонетикалық жаттығу. (слайд
№6)
4. Сөздікпен жұмыс. (слайд
№7-11)
Үй жануарларының қазақша атауларымен таныстыру
Сиыр – корова бұзау - теленок
Қой – овца қозы - ягненок
Жылқы – лошадь құлын - жеребенок
Ешкі – коза лақ - козленок
Мұғалім жаңа
сөздерді оқып шығады. Балалар қайталайды
Сөздермен сөз
тіркестерін құрастыру (слайд№12)
5. Сөйлемдер
құрастыру. (слайд
№13)
III.
Сергіту (слайд №14)
Қолды белге
қояйық,
басты оңға
бұрайық,
Басты солға
бұрайық.
Бір отырып, бір
тұрып,
Бір отырып, бір
тұрып,
Біз демалып
қалайық.
III.
Грамматикалық тапсырма
-
Көптік
жалғаулары (слайд
№15)
Тапсырма: сөздерге көптік
жалғауын жалғап, айту. (слайд №16)
-
Жұмбақ шешу. (слайд №17)
Басында екі таяғы бар
Адам деуге болмайды,
Бірақ сақалы бар.
Ол не? (ешкі)
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
3. «Жылқы» өлең(слайд №18)
Мәнерлеп оқу сайысы.
Оқулықта берілген «Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу. Тақта алдына үш
оқушы шығып өлеңді мәнерлеп оқиды. Ішінен ең жақсы оқыған оқушы
анықталады.
IV. Сабақты
қорытындылау(слайд №19)
-
«Қай дыбысты
жоғалттым?» (слайд
№20)
-
Дұрыс –
бұрыс (слайд
№21-22)
-
Сандармен суреттерді
байланыстыру. (слайд №23)
V.
Үйге тапсырма: (слайд
№24)
1.
Жаңа
сөздерді жаттау.
2. Өлеңді
жаттау.