400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Үй жануарлары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе. Ынтымақтастық орта қалыптастырады: «Тұрғындар. Үйшік. Қалашық» тренингі арқылы үш топқа бөліну. «Қошақан», «Ботақан» ,«Құлыншақ». Жақсы көніл-күйімен, әндетіп отырамыз. Қызығушылықты ояту: «Ауыл» сөзіне ассоциация жүргізу. Осы сөзді естігенде қандай ой келеді ? Жарайсыңдар. Күтілетін нәтижелер: ынтымақтастық қалыптасады, сабаққа қызығушылығы оянады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы:


Үй жануарлары


Күні:

Мұғалімі:Алитурлиева З.Р.

Сыныбы: 2- класс

Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспағандар саны: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді мұқият тыңдай отырып, таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтінді тыңдай отырып, күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, суретке қарап таниды, атайды. Сұраққа жауап береді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдай отырып, күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, суретке қарап сәйкестендіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: мәтінді тыңдайды, түсінеді, сұраққа жауап береді, сәйкестендіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сиыр, қой ,мысық, жылқы, ауыл, түйе, күшік, ешкі

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:үй жануарлары, ауылға бардым, жақсы көремін

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сен жазда қайда бардың?

- Онда кімдер тұрады?

- Ауылда қандай үй жануарлары бар?

Үй жануарлары ұнады ма?

  • Не себепті.... деп ойлайсыз?

Алдыңғы оқу

Амансын ба алтын күн!

Амансын ба достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Біз көңілді баламыз!

Сәлемдесіп аламыз!

«Кластер» әдісі арқылы отбасы мүшелерін атайды.

«Ыстық орындық» әдісі . Өз отбасы туралы айтып береді.


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Оқыту ресурстары

Басы

6 минут

Кіріспе.

Ынтымақтастық орта қалыптастырады: «Тұрғындар. Үйшік. Қалашық» тренингі

арқылы үш топқа бөліну.

«Қошақан», «Ботақан» ,«Құлыншақ». Жақсы көніл-күйімен, әндетіп отырамыз.

Қызығушылықты ояту: «Ауыл» сөзіне ассоциация жүргізу. Осы сөзді естігенде қандай ой келеді ? Жарайсыңдар.

Күтілетін нәтижелер: ынтымақтастық қалыптасады, сабаққа қызығушылығы оянады


Интерактивтік ойын

Ортасы

30 минут





































Сергіту сәті


Топ-топ етіп басайық, ауылға біз барайық. Сиыр, қойды санайық!

Бір, екі, үш деп алақанды соғайық,

Төрт, бес, алты деп үй жануарларын атайық!

Тыңдалым: Мәтінмен жұмыс:


  1. тапсырма: Аудиомәтінді мұқият тыңдап, түсінеді, есте сақтайды, суретке қарап таниды, атайды.

Мәтін

Мен жазда ауылға бардым. Онда атам мен әжем тұрады. Ауылда үй жануарлары бар.Олар: сиыр, қой, ешкі, жылқы,түйе, мысық, ит. Мен үй жануарларын жақсы көремін.


Сөздерді тыңдайды, қазақ тіліне тән дыбыстарын дұрыс дыбыстап, қайталайды, суреттерді атайды

Суретті көрсету арқылы сөздікпен жұмыс жасау.(сиыр, жылқы, күшік,түйе, қой, ауыл, ешкі). Оқушылар тыңдайды, қайталайды, атайды. М: Мынау не?

Топтық жұмыс. Бір-бірін тыңдайды, түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

1 топ- Сен қандай үй жануарларын білесің?

2 топ- Саған қандай ү й жануары ұнайды?

3 топ- Сенде қандай үй жануары бар?

Жақсы, жарайсыңдар! Үш шапалақ!

«Күшік пен мысық» рөлдік ойыны

Жатыр еді бір күшік

Жүре берді бір мысық

Күшік оған -ыр- деді,

Мысық оған –ыш- деді- деп балалар рөлге кіреді

Жақсы, жарайсыңдар!


2- тапсырма.

Дидактиалық ойын «Ненің дауысы?»

Аудиозапись арқылы үй жануарлардың дауысын тыңдатып, ажырату, дәптерге жаздыру. Мысалы: сиыр, қой, жылқы, түйе. Оқушылар суретті көрсетіп, атайды, жазады

3-тапсырма.

« Галереяға саяхат» әдісі. Суретте көрсетілген үй жануарларын танып атайды. Сөздерді –суретпен сәйкестендіреді.









Суреттер, үй макеті, ауласында үй жануарлар,

иллюстрациялар




































Күшік пен мысықтың бетпердесі


Picture 2










Аудиозапись





«Паровоз» ойыны арқылы сабақты бекіту

«Мен бастаймын, сен аяқта» ойын арқылы мәтіндегі сөздерді еске түсіріп, сөйлемді аяқтайды.

М: Мен жазда ауылға -------. Онда атам мен ---- -----. Ауылда үй жануарлары------. Олар сиыр, ------, -----, ----,---- , ----. Мен үй жануарларын ---------- -------. (бір-біріне тіркесіп, төлдеріне жетеді)

Жақсы, жарайсыңдар! Үш шапалақ!



Соңы

9 минут

Рефлексия:

-Сабақтан алған әсерлерің – смайлик арқылы білдірту

-Қандай тапсырма орындаған оңай болды?

-Қиын тапсырма болды ма?

-Сабақ ұнады ма? Неліктен?

Бағдаршам

стратегиясы арқылы оқушылар алған білім деңгейлеріне қарап, бағдаршам түсін таңдайды.

Жасыл – түсіндім

Сары-жартылай түсіндім, сұрақтарым бар

Қызыл – түсінбеген сөздер бар



Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, ұнаған үй жануарын суретке салу, сипаттау


Кері байланыс




Үш түсті шеңберлер









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі