400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Үй құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үй құстары жайлы білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Үй құстары Мақсаты: Балалардың үй құстары жайлы білімдерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: Үй құстары жайлы түсінік беру. 1. Үй құстары жайлы өз беттерімен айта алу; 2. Үй құстарын сүреттерден көрсете алу. Түзете- дамытушылық: Тілін, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін, ұсақ маторикасын дамыту Тәрбиелік: Қамқорлыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай сүреттер, үй құстарының муляжы, түрлі- түсті қағаздар, желім, қайшы.

Сабақ барысы

I. Мотивациялық- ынталандырушы кезең. - Сәлеметсіңдерме, балалар? - Көңіл- күйлерің қалай? - Далада қай жыл мезгілі? - Иә, қыс мезгілі.- Далада ауа- райы қалай?

II. Ұйымдастырушылық- ізденушілік кезең. - Балалар, үй құстарына қандай құстар жатады? - Не себепті үй құстары деп атайды? - Үй құстарын адамдар не үшін асырайды? -Үй құстары мен дала құстарының айырмашылықтары қандай? Кенеттен есік тоқылдап, ішке Дымбілмес кіреді. Ол балалардан көмек сұрап кепті. - Балалар, Дымбілмеске үй жұмысына 3 түрлі тапсырма беріпті соны орындауға көмектесулеріңді сұрайды. - Көмектесейік пе? 1- тапсырма: Сүреттерден үй құстары мен дала құстарын екі топқа бөліп топтастыру керек. Кәне кім жылдам! - Жарайсыңдар! 2- тапсырма: Құстардың көлеңкесін тап? Алдарындағы сүреттердегі құстарды көлеңкесімен карандашпен сәйкестендіріңдер. -Балалар шаршаған боларсыңдар, біраз денемізді сергітіп алайықшы:

Сергіту сәті: Тереңдет ойыңды, тік ұста бойыңды. Құстарға ұқсайық, қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, шық алға сол қанат. Шаршаған кездерде, қонайық жорғалап.

-Жарайсыңдар, енді 3- тапсырманы орындайық. Алдарыңдағы сүреттердің жартысын табу керек.- Жарайсыңдар, балалар сендер Дымбілместің 3- тапсырмасында орындауға көмектестіңдер. Ол сендерге көп алғысын білдіріп жатыр. Онымен қоштасатын сәт келді.



-III. Рефлексиялық- түзетушілік кезең. - Балалар, бүгінгі сабақ не жайлы болды? - Иә, үй құстары жайлы. - Үй құстарына қандай құстар жатады екен? - Үй құстарын адамдар не үшін асырайды екен? - Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? - Мағанда ұнады, себебі сендер бүгінгі сабаққа өте белсенді қатыстыңдар. - Жарайсыңдар, мен сендерге сол үшін жұлдызшалар беремін. Осымен сабақ аяқталды. -Сау болыңдар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі