жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Ұжымдағы ынтымақтастық 9 сынып
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі:
Күні: _______________
Мұғалім:
Сыныбы: 9
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Ұжымдағы ынтымақтастық
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық
Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы ынтымақтастықтың маңызы туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
|
Сабақтың барысы:
1. №18 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №19, «Алға, командир» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Алғашқы күнгі Мақанның іс-әрекетінен қандай қасиеттер байқадыңыздар? 2. Мақанға сыныптастарының қандай қарым-қатынасы әсер етті? 3. Мақанның ұжымға кіруіне не түрткі болды деп ойлайсыздар? 4. Бауыржан Момышұлының «Жақсы сөз жан сүйсіндіреді» деген нақыл сөзін қалай түсінесіздер? 5. Сіздерді сыныптастарыңыздың арасындағы қандай қарымқатынас қуантады? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға бір рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Тату болса - ағайын жақын, Адал болса - дос жақын. Қазыбек Келдібекұлы Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Сұрақтар: 1. «Татулық- достық кілті» дегенді қалай түсінуге болады? 2. Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын айта аласыңдар? 3.
Достық, ынтымақ, бейбітшілік ұғымдарының
ұқсастығы неде? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Ең бақыттыда бай адам туралы өсиет әңгіме1 Бір ауылда Адам өмір сүріпті. Ол басқа адамдардан кедей бола тұрса да көңілді өмір сүрді, басқа адамдарға риясыз қолынан келгенше: кейде сөзімен, кейде ісімен көмектесті. Ол жалғыз қалғанда Жоғары Бастаманы мадақтайтыны, өзіне құнды дарындар беріп, жақсылық жасағаны үшін Оған шын көңілімен алғысын айтатыны туралы, сөздер айтыла бастады. Бұл сөздер атақты абызға да жетті. Ол сол Адамға келіп, оның қандай дарындары үшін Жоғары Бастаманы мадақтап жатқанын көрмекші болды. Абыз кедей тұратын ұсқынсыз лашыққа келді:
Адам да күлімсіреп жауап берді:
Бұған дейін ешкімнен мұндай жауапты естімеген Абыз, бұндай жауапқа таң қалды да, амандасуын басқаша айтып көрмекші болып шешті:
Адам да таңданып, үн қатты:
Кедей ақсүйектермен жоғары мәнерде сөйлесуге үйренбеген ғой деп ойлаған абыз:
Адам одан ары таңданып, шынайы жауап берді:
Абыз бұл кедейдің атақты кісіні танымағанын түсінді де, іске тезірек кіріспекші болды:
Адам былай деді:
Бірақшынайы жалғыз ғана бақыт ол – Жоғары Бастамамен берік байланыста болу және Оның қалауымен өмір сүру. Мен уақытша сәттілікті іздемеймін, өйткені мендегі бар нәрсені Жоғары Бастама берген, сол үшін де ризамын. Бәрін: адамдардың қайғы дегенін де, бақытсыздық дегенін де қуанышпен қабылдаймын. Оның менің бойыма барлық құнды дарындарды беріп жақсылық жасағаны үшін, мен оған алғысымды айтамын. Абыз күліп:
Адам былай деді:
Абыз:
Адам: Өмірім Жаратқанмен байланыста болып, Жоғары Бастаманың қалауымен бірлікте болуы үшін, менің күнделікті шаруам Жоғары Бастамамен тығыз байланыста болу және Оның қалауымен өмір сүру. Осылай менің күнім өтеді. Ал күн сайын жатар кезде мен Жоғары Бастамаға кетемін.
Абыз күмәнданып қалды немесе ол осы уақытқа дейін осындай сөздерді айтатын осыншалық кедей адамды кездестірмеген еді.
Адам:
Менің жалғыз ұстазым – Жаратушым. Өмірімнің әр күнінде мен бұл әлемде жақсылық жасауға тырысамын, сыйынамын, тақуалық ойлар ойлауға жаттығамын. Оның үстіне Жаратқанмен тығыз байланыста және Оның маған деген шексіз Сүйіспеншілігімен болуға әрекет етемін. Тек Жаратқанмен бірлікте болу ғана мені рухани жетілуге апарады. Жаратқанның Сүйіспеншілігіндегі өмір мені барлығына үйретеді Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1-тапсырма. Жағдаяттармен танысып, ұжымдағы қарымқатынас туралы өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. 1 – топ: Әсел сыныптағы озат оқушы, мінезі де ашық жарқын. Үнемі сыныптастарына көмектесіп жүреді. Бірақ соңғы кездері мінезі тұйықталып, сабақ үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сіз не істейсіз? 2 – топ: Досыңыз қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сіздер не істер едіңіздер? 3 – топ: Сіздің сыныбыңызға жаңа оқушы келді. Оның мінезі тұйық, көп сөйлемейтін. Ұжымға бірден енуі қиынға соқты. Үнемі оқшауланып жүреді. Алғашқыда оған ешкім мән бере қоймады. Жаңа ортаға келгендегі қалыпты жағдай деп ойлады. Уақыт өте берді. Бірақ бұл жағдай жалғаса берді. Сіз қалай көмектескен болар едіңіз? 2-тапсырма. Сыныптастарыңыздың алдындағы жауапкершіліктеріңіз туралы тізбектеп жазыңыздар.
|
|
6. Топпен ән айту. Жан досым Сөзін жазған Тұманбай Молдағалиев Әнін жазған Сейдолла Бәйтереков Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан! Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн. Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн! Қос бұтағы секiлденiп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық. Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық. Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн. Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін! |
|
1. №19 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №20, «Мектеп бағында» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген