жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет. 7 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
САБАҚ: 9,10-сабақ |
Мектеп: Қарақопа бастауыш мектебі |
|||
|
Күні: 18.11.2021. |
Мұғалімнің аты-жөні: Хуанбек Жанагул |
|||
|
Сынып: 7Т1 7 «С», «Д». |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||
|
Бөлім тақырыбы |
Қайырымдылық. Әлеуметтік қорғау мәселелері |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет. |
|||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.Т/А4 Негізгі ойды анықтау. 7.О2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану. 7.Ж6Мәтіндерді түзету және редакциялау. |
|||
|
Сабақтың мақсаттары |
Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау; О2. Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; Ж6. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялайды. |
|||
|
Жетістік критерийлері |
1-сабаққа: 1.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады; 2.Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін ажырата алады. 2-сабаққа: 1.Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық нормаларды түсіне алады; 2.Орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтап жаза алады. |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Стильдің ережесі мен түрлерімен танысады, орфография, пунктуация және емле ережесін қайта еске түсіреді. |
|||
|
Игерілетін құндылықтар |
Адами құндылықтар, Туған жер, тілдік құндылық, өзгелерге деген құрмет |
|||
|
АКТ қолдану |
Мультимедиялық кешен |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Әлеуметтану, тарих, тіл, әдебиет |
|||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Қызығушылықты ояту. Әр бала мұғалім алдындағы қағаздарды таңдап алып, қай топта екенін біледі. 5 адамнан тұратын 4 топ құрылады. Таңдап алынатын топ атаулары: қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, құрмет. Қағаздарда топ атауымен бірге суреттер де беріледі, сол суретке байланысты оқушылар орындарына отырған соң келесі әрекеттерді орындайды: Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі (қайырымдылық) бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол (құрмет) бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн (жанашырлық) бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек (мейірімділік) бейнеленсе – құшақтасамыз. |
Слайд |
||
|
Сабақтың ортасы 3 минут 2 минут 6 минут 7 минут 2 минут 5 минут 5 минут 2 минут |
Мағынаны тану кезеңі. Ой шақыру. Сурет бойынша тақырыпты болжау.
Сабақтың мақсаты мен ЖК таныстырылады. Видеоматериал (Үлкенге құрмет) 1-тапсырма. Топтық жұмыс. Көрсетілген видеоматериал арқылы тірек сөздер мен жетекші сұрақтардан негізгі ойды анықтау. Тірек сөздер: адамгершілік, кісілік, ізгілік, имандылық, таутылық, сыйластық, мейірімділік, қайырымдылық, құрмет, кішіпейілдік. Жетекші сұрақтар:
Топ жұмысы талқыланады. Жетістік критерийі: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады; Ой шақыру. Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де,жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Ауызекі сөйлеу стилі - адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. 2-тапсырма. «Жылжымалы мәтін» әдісі арқылы төрт топ ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеу стильдегі сөйлем мен сөз оралымдары араласқан сандықшадан қағазды алып шығып, өз тобына барып, қай стильдегі мәтін екенін ажыратады. Топ жұмысы талқыланады. Топтарға берілетін мәтіндер: Жетістік критерийі: Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін ажырата алады. Кері байланыс. Топтық бағалау. |
https://www.google.kz/url?sa=i&rct=j&q=&esrc=s&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=0ahUKEwjg_uX0p9jKAhXH8ywKHQsdBUYQjRwIBw&url=http%3A%2F%2Fspecgeo.su%2Fnovosti-kompanii%2Fblagotvoritelnost&psig=AFQjCNE21Ev41CoGSWaGY-s75SYwLdSjrQ&ust=1454474581196581 https://www.youtube.com/watch?v=8ElSMik2Q_U https://kk.wikipedia.org/wiki/Көркем_әдебиет_стилі https://kk.wikipedia.org/wiki/Ауызекі_тіл |
||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы. Рефлексия. Сабақтан алған әсерің? |
|
||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Қызығушылықты ояту «Көршілерге ықылас» тренингі Оқушалар бір шеңберде тұрады да бір-біріне өздерінің жылы, жақсы сөздерін шын көңілмен, мейіріммен бастарынан сипап жеткізеді. Қимылдарды көтеріңкі кеңіл күймен, өз еркімізбен жасайды. Сабақтың мақсаты мен ЖК таныстырылады |
презентация |
||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 7 минут 8 минут 2 минут |
Мағынаны тану. Ой шақыру. Пунктуация, тыныс белгілері туралы анықтамалар оқушыларға таратылып беріледі де, оқушылар ережені түсініп, оқып шығады.
«Күн көзін бұлттан ашу» Тақтада күннің бетін бұлт жауып, аспан күңіреніп кетеді. Енді сол күннің көзі қайта көру үшін 4 топтың балалары 4 түрлі тапсырма таңдап алу керек. Тапсырма дұрыс орындалса,күн көзі қайта ашылады.
1.Тапсырма. 1-топқа: «Қарттар біздің – қазынамыз» тақырыбында құттықтау жазу. Құттықтау ішінде тыныс белгілерінің қолданысын қамту керек. 2-топқа: «Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол» эссе жазу. Эссе ішінде тыныс белгілерінің қолданысын қамту ерек. 3-топқа: «Әке ақылы - бұлақ, Ана ақылы – шырақ» мақала. Мақала ішінде тыныс белгілерінің қолданысын қамту керек. 4-топқа:«Жастар біздің – болашағымыз» тақырыбында жаңалық жазу. Жаңалықтың ішінде тыныс белгілерінің қолданысын қамту керек. Топ жұмысы талқыланады. Жетістік критерийі: Орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтап жаза алады. 2.Тапсырма. Жеке жұмыс. Орфография мен пунктуацияға байланысты тест жұмысын орындайды. Жетістік критерийі: Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық нормаларды түсіне алады. Кері байланыс. |
|
||
|
Сабақтың соңы 3минут |
Бағалау. Мұғалімнің бағалауы. Рефлексия «Бағалау бәйтерегі» Өте жақсы Жақсы Орташа |
|
||
|
Қосымша ақпарат |
||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен
байланыс |
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
|
| ||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген