Сабақ жоспары: Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі 7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.4.2.2 – Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзыреттілік

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қыпшақ хандығы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут












Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Асылбек Еңсеповтың «Жібек жолы» күйін тыңдау

Сансыз қымбат жүк тиелген, Мыңдаған алып түйелер, келе жатыр бай керуен. Жүз сары нарға дирхем артса, Қырық нарға динар артқан. Ең керемет мускус пен алойыны, Ғажап жібек маталарды, Иран мен Мысыр керуені артқан- Тағы бар отыз түйесі.

Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Дәйек сөз:

Өз еліңді әрбір ұсақ-түйегіне дейін ерекше де өте қымбат,сүйкімді сезінбесең-адамдық мінез де жоқ.Бұл сезім риясыз және біздің жан-дүниемізді барлық нәрсеге деген ұлы ынта-ықыласқа толтырады.

К.Г.Паустовский

Сабақ жоспары

1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыру

2.Сергіту сәті 3.Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері

4.Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыру

Байырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Бұрынғы кезде сауда жасау үшін түйемен ғана жүрген .Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктерген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған.

Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Ең негізгі сауда жолы Тянь – Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр.

Ұлы жолының бойымен таныстыру және тірек-сызбамен жұмыс (Экраннан Жібек жолының картасы көрсетіледі)

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

























Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс.




Сергіту сәті

2 минут

«Атамекен» әнімен билеу, ән айту


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген әсері

Тиісті орнына қой

1. Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.

----------------Талғар

----------------Тараз

----------------Түркістан

2. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Исфиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан табылған.

----------------Тараз, Испиджаб, Отырар

----------------Талғар, Тараз, Отырар

----------------Талғар, Испиджаб, Отырар

3. Ұлы Жібек жолының Тараз, Баласағұн, Исфиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт–медреселердің орындары табылған.

----------------Тараз, Баласағұн, Испиджаб

----------------Отырар, Тараз, Испиджаб

----------------Тараз, Испиджаб, Талғар

Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы

Сәйкестендір. Бекіту: 10 сұрақ тест

1) Жібек сауда жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі:

a) Шығыс пен Батысты байланыстырды

b) Ежелгі жол болғандықтан

c) Үлкен сауда жолы болуынан

2) Жібек жолының бас басталатын аймақ:

a) Ыстықкөл өңірінен

b) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан

c) Византия елінен

3) Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:

a) б.з.б. ІІІ ғ. ортасы

b) б.з.б. ІІ ғ. ортасы

c) б.з.б. І ғ. ортасы

4) Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:

a. шабдалы мен қауын

b. жүзім мен қызанақ

c. қытай немесе болгар бұрышы

5) Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

a) Соғды

b) Парсы

c) Араб

6) Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:

a) Талғар

b) Тараз

c) Отырар

7) Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:

a) б.з.б. ІІ ғ. ортасы

b) б.з.б. І ғ. ортасы

c) б.з.б. ІІІ ғ. ортасы

8) Қытай императоры У-Дидің 138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:

a) 15 ж. кейін

b) 13 ж. кейін

c) 12 ж. кейін

9) Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:

a) Түрік сұлтанына

b) Парсы патшасына

c) Иран шахына

10) Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:

a) ХVІІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

b) ХІV ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

c) ХVІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді












Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау



5 минут













Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
1373
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі