Сабақ жоспары "Ұлы Отан соғысы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Ұлы Отан соғысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тарих пәні мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Бейнеу кешкі мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі

Мергенова Оңайгүл

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін кеңейте отырып, тарихи материалдар мен қосымша ізденіс тапсырмаларын беру арқылы қорытындылау.

Дамытушылық: оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: елін қорғауда жан аямай күрескен, тарихта есімі қалған батырларды құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: дүниежүзі картасы, батырлар суреттері, бейнежазбалар, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Топқа бөлу. Бағалау парақшаларын тарату. Тапсырманы аяқтаған топ қол шапалақтау арқылы белгі береді.

1.«Миға шабуыл» (Екі топқа тест жұмыстарын беру)

1.Ұлы Отан соғысы болған жылдар:

А) 1941-1945жж В) 1939-1945жж С) 1941-1944жж Д) 1942-1946жж

2.А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров қай аймақтағы шайқасқа қатысты:

А) Днепр түбіндегі шайқаста В) Мәскеу түбіндегі шайқасқа С) Балтық флотында Д)Брест қамалында

3. Кеңес Армиясының екінші дүниежүзілік соғыс бағытын түбегейлі бетбұрысқа әкеліп жеңісті бір табан жақындатқан шайқас:

А) Сталинград шайқасы В) Ленинград шайқасы С) Днепр түбіндегі шайқас Д) Курск түбіндегі шайқас

4. И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға –лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылық пен қаһармандық көрсеткен шайқас:

А) Ленинград үшін шайқас В) Мәскеу түбіндегі шайқас С) Брест қамалы Д) Днепр түбіндегі шайқас

5. 316-атқыштар дивизиясы жауынгерлердің өтінішімен қандай атау берілді:

А) Б.Момышұлы атындағы дивизия В) жаяу әскер дивизиясы С) Волоколам дивизиясы Д) В.И.Панфилов дивизиясы

6.Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы Қызыл Ту орденімен марапатталып қандай дивизия болып қайта құрылды:

А) 314- атқыштар дивизиясы В)101 - дивизия С) 8-гвардиялық дивизия Д) 24-атқыштар бригадасы

7.Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойып қаза тапқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді:

А) А.Петров В) Б.Момышұлы С) Т.Тоқтаров Д) Қ.Қайсенов

8. Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеушілер алғаш жанған жау тобына ұшағын бағыттаған А.Маслов экипажы екенін дәлелдеді, осы экипаж құрамында болған жерлесіміз:

А) Нұрым Сыздықов В) Дүйсенбай Шыныбеков С) Қарсыбай Сыпатаев Д) Бақытораз Бейсекбаев

9.Қазақстан Республкасының президенті Н.Назарбаевтың өкімімен Б.Бейсекбаевқа Халық қаһарманы атағы берілген жыл:

А) 1989ж В) 1998ж С) 1993ж Д) 1997ж

10. Ленинград үшін шайқаста жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры:

А) Иван Карасаев В) Сұлтан Баймағамбетов С) Төлеген Тоқтаров Д) Ақтай Бақтыгереев

Тест жауабын ауызша оқып, дұрыс жауаптарды 5ұпаймен белгілеп, бағалау парақшасына жазу.

2.«Тарихи сандар» (екі топқа берілген парақшалардағы сан мен оқиға орындары ауыстырылып жазылғандарды сәйкестендіру)

73 Сталиград шайқасында көрсеткен ерлігі үшін «Сталинградтық»деген құрметті атақ алған дивизия...

300 «Шығыстың он бір төбесі» деп аталып кеткен жерде қарсы Сталинград шайқасының ержүрек 11 қаһарманы...фашистке тұрған

3,5 мың Соғыс кезінде қазақстандық...партизан шайқасты

1945ж 16 сәуір Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең ірі операция Берлин операциясы болды



1945ж 2 мамыр Кеңес Армиясы Германияның астанасы Берлинді толық алды

500 Ұлы Отан соғысында қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды

14   «Кореяны азат еткені үшін» медалімен... қазақстандық мараптталды

532 мың Ресбупликаға соғыс жылдарында қанша адам көшіліріліп әкелінді.

3.Тұлғаны таны

Топтарға Кеңес Одағының батырларының суреттері жапсырылған плакаттар беріледі. Әр топ суретке қарап сол кісі туралы білгендерін жазып қорғайды.

Топтар жауабын өздері тексеріп, бағалау парақшасына жазып отырады.

Shape1

Б. Момышұлы; Н.Әбдіров; Ә.Молдағұлова;

М. Мәметова; С.Рахимов; Қ.Смағұлов;

4. Ой сергіту /Әдебиетпен байланыс, кімнің сөзі немесе өлеңі екендігін табу.

1.Мәскеу үшін болған шайқас жөнінде естелігінде: «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің тек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік», деп жазған Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, жазушы:  Б.Момышұлы

2.«Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда -Мәскеу» В.Г.Клочков 

3.«Соғыстың басында бізге насихатталған басты ой мынау болды: «Ресей келісімді бұзып, Германияға шабуыл жасайын деп жатыр. Біз тек жылдамырақ әрекет еттік». Сол кезде бұған көп адамдар сеніп, Сталиннің шабуылының алдын алғынымызды мақтан тұтатынбыз. Арнайы майдан газеттерінде бұл туралы көп айтылды. Біз соларды оқып, офицерлерді тыңдап, сенетінбіз» — Гелмут Клаусманн, 111-ші жаяу әскер дивизиясы.

4.Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін. Ж.Жабаев.

Қорытынды.

Кесте толтыру

Батырлар есімдері

Өмірі(туған жылы, жері)

Ерлік істері

Майданы

Атағы





















Әр топ Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін түйіндеп қорытындылайды.

Бағалау парақшасындағы ұпайлар санын есептеп, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында эссе жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2018
1165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі