жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Ұлым –аспандағы жұлдызым 8 орыс сыныбы
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
8- бөлім. Қызым – жағадағы құндызым, Ұлым – аспандағы жұлдызым. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры |
|||||||
|
Педагогтың Т.А.Ә. |
Ильясова Х.Н. |
|||||||
|
Күні: |
25.01.2024 |
|||||||
|
СЫНЫП: 8 Б |
Қатысқандар : |
Қатыспағандар: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ұлым –аспандағы жұлдызым |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары : |
8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау. 8.5.1.5 демеулік шылаулардың (болжалдық, шектік) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтайды; демеулік шылаулардың (болжалдық, шектік) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады. |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
|||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Мотивация» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады. Жаңа сөздер. Жаңа сөздердің мағынасын анықтап, сөздік дәптеріңе жазады. Мүшел Тәлім тәрбие Имандылық Алғыр Перзент Ардақты Еңбексүйгіш Саналы Жеткіншек Отау 1-тапсырма. Мақал-мәтелді оқы. Түсіндіріп айт. Жігіт жолдасынан белгілі. Жігіттің түсін айтпа, ісін айт. Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын. Ер жігіттің екі айтқаны өлгені. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. Дескриптор:
2-тапсырма. Сенің ойынша жігіт, (ұл бала)
қандай болуы керек. Диаграмманы толтырып, пікіріңді дәлелдеп
айт. Дескриптор:
|
Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.
Жаңа сөздердің мағынасын анықтап, сөздік дәптеріңе жазады.
Мақал-мәтелді оқиды. Түсіндіріп айтады.
Кластерді толтырады
|
ҚБ:
ҚБ:
|
«Мотивация» әдісі
Жаңа сөздер
Оқулық
Кластер |
||||
|
Сабақтың ортасы 35 минут |
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Түсінгеніңді баянда. Қазақ халқы адамның жасын мүшелмен есептеген. Бірінші мүшелге толған жеткіншекке үлкен сенім артқан. Қазақ халқы ұл балаға ертеңгі абыройлы әке, елін қорғайтын батыр, ұлтының қамын ойлайтын еңбексүйгіш перзент ретінде тәлім – тәрбие берген. Ұл баланы өте әділ, қайсар, өнерлі, білімді, алғыр азамат ретінде тәрбиелеген. Қазақта ұл шаңырақ иесі саналады. «Әке көрген оқ жонар...» деп, ұлдарына әкелер білетін өнерін үйреткен. Оларды мерген, аңшы, яғни сегіз қырлы, бір сырлы етіп тәрбиелеген. «Ерлік білекте емес, жүректе»,- деп қайратты, саналы жігіт боп өсуіне мән берген. Дүниеге ұл келсе: «Шаңырақ иесі туды!»-деп той жасаған. Тұңғыш ұл– кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оны «Ағасы бардың –жағасы бар» деп құрметтеген. Дескриптор:
4– тапсырма. Мәтіндегі қою әріппен берілген сөздердің орнына антонимін қойып жаз. Мәтіннің мазмұнын қалай өзгергенің айт. Дескриптор:
5-тапсырма. Мәтіннен өзіңе ұнаған бір мақал-мәтелді тақырып ретінде таңдап алып, көршіңмен 14-16 үнқатымнан тұратын сұхбат құр. Дескриптор:
|
Мәтінді түсініп оқиды.
Мәтіндегі қою әріппен берілген сөздердің орнына антонимін қойып жазады. Мәтіннің мазмұнын қалай өзгергенің айтады.
Сұхбат құрастырады. |
ҚБ:
ҚБ:
ҚБ:
|
Мәтінмен жұмыс
|
||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
«Рефлексиялық шеңбер» әдісі. Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Үй тапсырмасы: 110 б, 3-тапсырма |
Оқушылар шеңберге тұрып, сұрақтарға жауап береді. |
|
«Рефлексиялық шеңбер» әдісі |
||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген