жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "В дыбысы мен əрпі"
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: В в дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
1.Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
2. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын, ой- өрісін дамыту. Сауатты, көркем жазуға үйрету.
3. Үлкен адамдарды сыйлауға, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Оқушыларды дұрыс оқуға, сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, байланыстырып жазу, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: Суреттер, В әріпінің баспа, жазба түрі
Кезеңдері |
Өту барысы |
Ұйымдастыру кезеңі
Психолгиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Жұмбақ
Кіріспе
Дыбыстық талдау
Бағандағы сөздерді оқу
Сергіту сәті
Мәтінмен жұмыс
Бекіту
Мақал
Көркем жазу
Дәптермен жұмыс
Қорытынды
Үйге тапсырма
|
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сабағымызды мына өлең жолдарынан бастаймыз. Мен айтамын сендер менің соңымнан қайталайсыңдар. -Қарашы, досым, Дайын ба, оқу- құралың? Орнында ма, Дәптер, кітап, қаламың? Басталды міне сабағың! -Жарайсыңдар, балалар, отырыңдар.
Балалар, біз өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? -Һ дыбысымен. -Бізге кітапта һ дыбысына байланысты сөздер берілген болатын. -Осы сөздерді оқу үшін қатар-қатармен хормен оқу керексіңдер -Ол қандай дыбыс? -һ дыбысы дауыссыз дыбыс. -Һ –дыбысы сөздің тек ортасында ғана айтылады. -Ендеше үйге Қаһарман мәтінін оқу берілген еді. - Сендер оны оқып келдіңдер ме? -Қане, кім маған мазмұнын айтып береді? (4)
Теуіп-теуіп қалдым, Алысқа ұзап бардым (велосипед) -Балалар велосипед көліктің бір түрі болып есептеледі. -Қане, барлығымыз велосипед сөзін буынға бөлейікші. Ве-ло-си-пед -Балалар осы велосипед сөзі қандай дыбыстан басталады? -В дыбысы -Жарайсыңдар балалар! -Ендеше, бүгін біз В в дыбысымен танысамыз. -Ендеше, В дауысты ма дауыссыз ба? В-ұяң, дауыссыз дыбыс. В дыбысы орыс тілінен енген сөз.
-Велосипед сөзінде неше әріп бар?( 9) -Неше дауысты дыбыс бар?( 4) -Неше дауыссыз дыбыс бар?( 5) В-дауысты ма дауыссыз ба? (дауыссыз) Е-дауысты ма дауыссыз ба?(дауысты) Л- дауысты ма дауыссыз ба?(дауыссыз) О- дауысты ма дауыссыз ба?(дауысты) С- дауысты ма дауыссыз ба?(дауыссыз) И- дауысты ма дауыссыз ба?(дауысты) П- дауысты ма дауыссыз ба?(дауыссыз) Е- дауысты ма дауыссыз ба?(дауысты) Д- дауысты ма дауыссызба?(дауыссыз)
-Ал енді балалар сендердің кітаптарыңда сөздер беріліпті . Қане, осы сөздерді оқып көрейікші. 1)Мен оқимын. 2)Мағнасын ашу. 3)Хормен оқимын. 4)Тізбектеп оқу. ва гон ав то бус ве ло си пед во лей бол вок зал трам вай ак ва ри ум ви та мин -Жарайсыңдар, балалар.
-Ал, енді балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар. Барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
-Балалар, жазып болсақ, қаламымызды қойып кітаптағы Вокзал мәтініне назар аударайық. Мен оқып беремін.
Вокзал Бұл – темір жол вокзалы. Оған пойыздар үздіксіз келіп, кетіп жатады. Біз вокзалдың жанында тұрамыз. Әжемді күтіп алуға вокзалға бардым. Пойыз бірінші жолға тоқтады. Мен әжемді қарсы алдым.
1) Бұл не балалар? 2) Оған нелер үздіксіз келіп, кетіп жатыр? 3) Олар қайда тұрады? -Балалар суреттегі балаға ат қойайықшы?(балалар айтады) 4) Кімді күтіп алуға вокзалға барды? 5) Әжесін күтіп алуға қайда барды? 6) Пойыз нешінші жолға тоқтады?
«Үлкенге құрмет-балаға міндет» деген сөзді қалай түсінеміз балалар? -Балалар жауап береді. -Жарайсыңдар балалар! «Үлкенге құрмет - балаға міндет» - үлкенді сыйлау, құрметтеу, ол баланың міндеті яғни, ол сендердің үлкендерді сыйлап, айтқанын тыңдап жүру. Үлкен кісілерге жол беріп кішіпейілділік таныту.
Ал балалар дәптерді ашамыз, дәптерімізді көлбеу қоямыз. Денеміз тік. Аяғымыз түзу қоямыз. Егер дайын болсақ жазуды бастаймыз. - В в әріпінің жазылуын көрсету. 1)Мағынасын ашу.
2) Ауада жазу 3) Тақтада жазамын 4)Дәптерде жазу. -Мен балалардың қалай жазғанын қадағалап жүремін.
-Бүгін біз қандай дыбыспен танстық? -В дыбысы қандай дыбыс? - Велосипед сөзінде неше буын бар? - Велосипед сөзінде қанша әріп бар? -Біз қандай мәтін оқыдық? -Біз қандай сөздермен таныстық? - В в дыбысына байланысты кітапта берілген бағандағы сөздерді оқу, Вокзал мәтінін оқу. -Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар. Сау болыңыздар. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген