400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Вайбер

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған халқына,қаласына,Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. ( әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны) ("Айтуға оңай" желісімен)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың технологиялық картасы

Мұғалімі:Иманбетова Ж.Г..

Пәні қазақ тілі сыныбы 9 мерзімі « » 2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Вайбер

Сабақтың түрі (типі) Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру.

Сабақты ұйымдастыру түрі: түсіндіру, сұрақ жауап, ассоциация,топтық жұмыс

(әдіс-тәсілдері) Көрнекілігі:тақырыпқа байланысты суреттер,карточкалар, грам. кесте,үлестірме қағаздар Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту,тақырып бойынша сөйлей білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілетін, жазба, ауызша сөз байлықтарын және шығарма-қ қабілет-н дамыту алған білімдерін өзіндік жұмыстарда қолдана білуге бейімдеу.

Тәрбиелік: Туған халқына,қаласына,Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

( әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны) ("Айтуға оңай" желісімен)
Мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік.
Жүргізуші:
Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік. Ал енді бейне сюжетке көз салайық.
Жаңа өздеріңіз көрген кейіпкерімізбен танысып, бірнеше сұрақтар берелік
Бізге әуелі өзіңді таныстырып кетсең
Аяжан:
Менің есімім Аяжан, мен 9 сынып оқушысымын.
Жүргізуші:
Жақсы, Аяжан күніне қанша уақытыңды вайберде өткізесің?
Аяжан:
Мен күннің көп уақытын вайберде өткіземін.
Жүргізуші:
Вайбердің зиянды жақтарын ойладың ба?
Аяжан:
Мен үшін вайбер пайдалы. Барлық жұмысымды вайбермен бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді вайберсіз елестете алмаймын.
Жүргізуші:
Қазіргі уақытта оқушылар арасында вайбершілердің қатары қарқындап артуда. Вайбер – онлайн жүйесінде қарым - қатынас жасауға арналған ресейлік компанияның танымал бағдарламасы, Мобильді агент – сол майл ру вайбердің телефонға қондырылған нұсқасы. Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді вайбер қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Вайбер компаниясының мәліметінше, Вайбер айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2 миллион адам қолданады екен. Бүгінде агент Аяжан секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Олардың көбі «вайбермен» ауыратын болды. Бағдарламаға қатысушы бір топ қонақтардың бұл туралы пікірін білейік.
Дәрігер(Қарлығаш):
Компьютердің алдыңда көп отыру адамның көзіне әсер етеді көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтады экраннан тарайтын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиянды. Үздіксіз пайдалану жүйке жүйесі мен қоса қол буындарының ауруын туғызады Францияда жылына 80 адамға буындардың ортасындағы жүйкенің қыстырылуына ота жасалады екен.
Мұғалім(Мадина):
Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар интернет және вайбер арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді. Көп уақытын вайберде өткізетін мына Аяжан секілді оқушылардың оқу үлгерімі төмендейді.
Ата - ана(Марина):
Мен оқушылардың вайберде ертеңнен кешке дейін отыруына қарсымын ол балалардың денсаулығын бұзады, сабақ үлгерімін төмендетеді, өйткені тамақты уақытында ішпейді уақытымен демалмайды. Вайберде үнемі отыру олардың мінезінде өзгертеді. Вайберден кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды.
Жүргізуші:
Вайбер жастардың «індеті» ма немесе уақыт талабы ма? Осы туралы ой - пікірді тыңдайық.
ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор(Қырмызы):
Көшеде ұялы телефон пайдалану көптеген орны толмас қателіктерге соқтырады, қылмыстық істерге бой алдырады. Жолда жүру ережелері бұзылады, соның салдарынан оқушылар арасында жол апатына ұшырау көп. Аяжанның, сол интернетке таңылғанша көзбе - көз қызу әңгіме өткізетін арнауы клубтарға жазылғаның дұрыс болар деп есептеймін.
ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор(Аслан):
Ата - ана(Диас):
Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар. Сондықтан Вайберге қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.
Жүргізуші: Қазіргі жастар «Вайбері бардың күні – жарық, вайбері жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр. Вайбер қазір жасты да, жасамысы да жібермей өзіне матап тұрған тылсым күш тәрізді. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай вайберге тәуелді болып қалғандар да бар. Осы вайберомания деген не?
Психолог(Әсел): Психолог Төреғали Батырханұлы жастар вайберге әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді. Вайберомания – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, вайберге құл болмау жолын ойлау керек. Вайбероманияға ем сол вайберге жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Вайберге тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру. Жасөспірімдер үшін сағат отырмау.
Жүргізуші:
Интернет желісіне қосылған кез келген адам осы вайбер арқылы әлемнің түкпір - түкпіріндегі тұрғындармен пікір алмасып хабарлама арқылы тілдесе алады. Сондай - ақ интернет арқылы сөйлесу адамды шынайы өмірден алыстатады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық.
Вайбердің қандай пайдасы бар?
(Сүйенбай) Әлеуметтік желіге кіру мәдениеттілік. Вайбер алыс жақын адамдардың бір - бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден бір жаңа технология
(Аян) бір мезгілде бірнеше адамға хабарласуға болады. Жаңа достар табасың.
(Рабиға) вайбер әрі тиімді, арзан қарым - қатынас жасауға пайдалы.
(Нұржан) интернеттің әр сайтынан түрлі жаңалықтар алуға болады.
Вайбердің қандай зияны бар?
(Айдана) Уақытың босқа кетеді. Көп отыру көздің нашарлауына мойныңа тұз жиналуға соқтырады
(Мейіржан) Кейбіреулер алданып қалады вайбердегілердің көбі сені алдайды. Вайбер сабақ оқуыңа кедергі келтіреді.
(Малика) Вайбер – сауатсыз жазу мен сауатсыз сөйлеу.
(Инабат) Кейбіреулер осы өмірді ұмытады, жүйкесін жұқартады. ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай деп мен бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасының межесіне жеттім. Сау саламатта болыңыздар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі