400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Вариативтік бөлім: "Жас мұражай танушылар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Вариативтік компонент: "Жас мұражай танушылар". Тақырыбы: «Ұлттық мұраның бай қазынасы-ұлттық ойындар - асық», ересек топ. Мұражай педагогикасын тиімді қолдану үшін. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатырған асығын қайта жаңғырту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас мұражай танушылар» бағдарламасының ұйымдастырылған

оқу қызметі

Білім бөлімі: Вариативтік компонент

Бөлімі: «Жас мұражай танушылар»

Тақырыбы: «Ұлттық мұраның бай қазынасы-ұлттық ойындар - Асық»

Мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатырған асығын қайта жаңғырту.

Міндеттері: Балаларды асықпен таныстыру. Асықтың негізгі бөліктерін меңгерту. Асық ойындарын ойната отырып, балаларды мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа әділдікке баулу. Ұлттық ойындарды құрметтеп ойнау білуге, түстерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Көрнектіліктер: Суреттер, слайд, макет, киіз үйдің іші, жабдықтары, асыққа арналған көрме.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

І.Ұйымдастыру бөлімі:

-Амансыздар ма, балаларым!!!

-Сендер мұражай дегеніміз не екенін білесіңдер ғой, солай ма?

-Олай болса сендер келеді деп асық көрмесін әзірлеп қойған екен. Бүгін асық мұражайына барамыз.

Picture 1

ІІ. Теориялық бөлім:

-Ал балалар шағын мұражайымызға да келіп қалдық. Мына сөреден не көріп тұрсыңдар?

Иә, асық - төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек.  Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады.

-Қолдарыңызға ұстап қараңдаршы, асық қандай екен?

-Иә, үлкен асық ол сиыр малынан алынған, кішкене асық қой малынікі.

-Ал енді иіріп көріңдерші жерге. Байқадыңдар ма, иірген сайын әр түрлі болып жерге түседі. Асықты иірген кезде де өзінің тәртібі бойынша иіру керек.

Асықты иірген кезде әр түрлі бағытта түсіп жатыр. Олардың өз атаулары бар.

Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.

Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.

Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

-Қане, қайталайықшы:



-Асықты не үшін пайдаланамыз?

-Иә, дұрыс балалар! Асық ойын құралы болып саналады. Асықпен неше түрлі ойындар ойнаймыз. Және асық терапиясы деп аталатын әдістерді күнделікті емге пайдаланамыз екен.

-Олай болса қандай асық ойындарын білесіңдер?











ІV. Практикалық бөлім:

-Жарайсыңдар балалар! Олай болса, қазір біз қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Ханталапай» ойынын ойнаймыз.

V. Қорытынды

-Ал балалар, бүгінгі мұражайға барған саяхатымыз ұнады ма?

-Сендерге несімен ұнады?

-Үйде ата-аналарың асық кездессе жинай ма?

-Міне балалар, асық ойнап үйреніп келесіңдер. Ата-аналарыңа үлкен рахмет, асық жинап берген, енді жиі-жиі ойнайтын боламыз.

-Бүгін сендер жақсы ойын көрсете білдіңдер. Олай болса балабақшамызға оралайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі