400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары «Вв дыбысы және әрпі»

Материал туралы қысқаша түсінік
В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.В дыбысы бар сөздерге мысаалдар келтіру арқылы сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Балалардың ойлау қабілетін, қиялын , зейінін дамыту.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Жазу дағдысына қолын жаттықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Коммуникация

Тақырыбы: «Вв дыбысы және әрпі»

Мақсаты: В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.В дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Балалардың ойлау қабілетін, қиялын , зейінін дамыту.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Жазу дағдысына қолын жаттықтыру

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру

Көрнекілігі: кеспе әліппе


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?»

Жұмбақ-өлеңін оқумен бастайды.Жұмбақтың шешуі: көктем мезгілі.

-Көктемде қандай гүлдер өседі?

-Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?

-Анамыз гүлді қайда салады?

-Вазаға

Ваза сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Бізге таныс емес қай дыбыс?

В дыбысы

-қайырлы таң,қайырлы күн, бүгінгі күніңе сәттілік тілеймін!


Ұйымдастыру іздестіру

-Бүгін біз В дыбысымен танысамыз.

Жұмбақ шешу.

Бір атым бар-

Құлын болып тумаған

Құнан болып өспеген. (велосипед)

Велосипед сөзін тақтаға текшелер арқылы жазады.

Қызыл түсті,

Мөлдір сулы.

Сырты түсті,

Тасты, құмды,

Жасыл түсті балықтар,

Әйнек үйде қалықтар. (аквариум)

Аквариум сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Әліппе-дәптермен жұмыс

Оқу орталығы: вагон, ваза, аквариум сөздеріне дыбыстық талдау жасатып , ондағы в дыбысының орнын ажыратқызады.

Жазу орталығы: Үлгі бойынша в дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу

Еңбек орталығы: аквариумның суретін салу.

Балалардың өздеріне в дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады.Дәптердегі буындарды , сөздерді құратып оқытады. Кеспе әліппеге вагон, вокзал, ваза сөзін жазу.

Өтірік өлең оқылады.

Волгасы бар құланға,

Вена бойы ұнайды-ақ.

Вагон тіркеп қыранға,

Великпенен жүр айдап.

Волга-өзен. Вена-Австрияның астанасы, қала.

Волга, Вена, вагон, велосипед сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Д/о: «Аукцион


В дыбысы дауыссыз дыбыс

Жұмбақ шешеді.



Сөздерді текшелермен жазады.







Дыбыстық талдау жасайды.

В дыбысының орнын ажыратады.




В әрпін жазады.



Сурет салады.


Сөздер ойлайды.


Буындарды , сөздерді оқиды.


Кеспе әліппеге сөздер жазады.

Өлеңді тыңдайды.


Ойын ойнайды.


Рефелексивті түзетушілік

Д/о: «Саяхат»

В дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.

Сабақты қорытындылау,балаларды жұлдызшамен мадақтау


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: В дыбысымен танысты,сөз,сөйлем құрауға дағдыланды

Қандай түсініктерді игерді:Дұрыс сөйлеу,грамматикалық құзіреттіліктерін дамытты

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: В әрпін таза,әдемі,сауатты жазуды үйренді






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі