Материалдар / Сабақ жоспары WEB жобалау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары WEB жобалау

Материал туралы қысқаша түсінік
WEB жобалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2024
34
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары №11


Сабақ тақырыбы

WEB жобалау

Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

аралас

Міндеттер

веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық салаға арналған веб-сайтты жасайды

Мақсаты

әлеуметтік-экономикалық бағыттағы веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, веб-сайт құру;

Күтілетін нәтижелер

Білім алушылар веб сайт құраушылардың көмегімен веб беттер құрады

Қажетті ресурстар және АКТ

Дербес компьютер, интерактивті панель, Информатика 10 сынып, тапсырмалар, презентация

Сабақтың барысы


Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік



Сәлемдесу. Түгендеу. Білім алушылардың назарын сабаққа бағыттау, сабақтың басталғанын хабарлау.


Психологиялық ахуал

(7 минут)

Үй тапсырмасын тексеру

«Мазмұны. Веб-беттегі медиа» тақырыбы бойынша сұрақтар

1-тапсырма: Wordwall қосымшасы арқылы сұрақтарға жауап беру, «Ашық микрофон» әдісі арқылы білім алушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру


Мақсаты мен міндетін хабарлау

Білімді жаңарту

Шағын дәріс:

  1. Wix.com

  2. Tilda

Ukit - онлайн сайт әзірлеу платформаларына қысқаша түсініктеме.


  1. Теориялық және практикалық


2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

(13 минут)

Топтық жұмыс

2-тапсырма:

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Білім алушыларды тізім бойынша 4 адамнан тұратын топқа бөліп, талқылауға арналған 3 веб – сайт беріледі, сайтты зерттеп, қадамдарды орындау керек.



2.2. Жаңа материалды зерттеу


2.3. Жаңа білімді практикада қолдану


Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

Жұптық жұмыс

3-тапсырма:

«DEAL» әдісі

Білім алушыларды http://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ платформасы арқылы жұптарға бөлу.

Мақсат электроника тауарларын сататын интернет дүкен ашты. Интернет дүкеннің екі беттен тұратын сайтын әзірлеп қойды. Бірақта ары қарай әрлеу, жетілдіру жұмыстарына күші жетер емес. Ол өзі әзірлеген сайттың көрнекі түрін көргісі келеді.

  1. Мақсаттың ұсынған сайтының сілтемесі бойынша өтіп, ары қарай сайтты жетілдіруге креативті идеялар ұсыныңыз

  2. Стилистикалық безендіру жағын мекеменің атқаратын қызметіне сәйкес және оның түстік, графикалық элементтерін, логотипін қолдана отырып жетілдіріңіз.








Жеке жұмыс

4 тапсырма

Мерей онлайн косметика сатумен айналыса бастады. Ол өзінің тауарларының өтімділігін ары қарай арттыру үшін,инстаграмның жеткіліксіз екендігін түсінді. Сол себепті сайт жасағысы келеді, бірақ ол сайт әзірлеудің бағдарламалау тілін білмейді.

  1. Мерейге онлайн сайт жасау үшін қандай платформа ұсынар едіңіз? Оның тиімділігі қандай?

  2. Тақырыпқа сай келетін дайын үлгілерді пайдалану арқылы сайт әзірлеуге көмектесіңіз.



Сабақты қорытындылау

Quizizz платформасы көмегімен студенттердің жаңа сабақты игергендігін тексеру.

20 б.









  1. Қорытынды


Үй тапсырмасы

(4 минут)


Өткен тақырыптарды қайталау.



Бағалау

(3 минут)

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы білімалушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын стикерге жазып жапсырады. Сол жазылған ойлары негізінде өтілген сабақтан алған білімі қорытындыланады.

  1. Сабақ бойынша рефлексия


(3 минут)

Рефлексия

Білім алушылар бүгінгі өткен тақырыпты бағдаршам түсі бойынша лайк қою арқылы қорытындылайды.


Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • әлеуметтік-экономикалық бағыттағы веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, веб-сайт құру;

  • веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық салаға арналған веб-сайтты жасайды.

  • Білім алушылар веб сайт құраушылардың көмегімен веб беттер құрады

Баға

«Жақсы»

70-89


  • әлеуметтік-экономикалық бағыттағы веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, веб-сайт құру;

  • веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық салаға арналған веб-сайтты жасайды.

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • әлеуметтік-экономикалық бағыттағы веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, веб-сайт құру;



Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.06.2-14 Басылым 3

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!