Сабақ жоспары Windows жүйесінің негізгі ұғымдары 2 курс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Windows жүйесінің негізгі ұғымдары 2 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары "Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Ақпараттық жүйелер" мамандықтарының білім алушыларына "Кәсіби қазақ тілі" пәніне арналған. Бұл сабақта білім алушыларға өз мамандықтары бойынша қажетті кәсіби терминдермен жұмыс істеу берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Windows жүйесінің негізгі ұғымдары.

Сабақтын мақсаты: Windows жүйесіның негізгі ұғымдары туралы мәлімет беру, қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту. Хабарлы сөйлем туралы білімдерін тексеру және тереңдету

Білімділік: Оқушыларды Windows жүйесінің негізгі ұғымдары және олардың

элементтерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқул.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты тексеру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Windows жүйесінің негізгі ұғымдары

1. Мәтінді оқып, аударыңыз

Терезе – экранның төрт бұрышты қоршаулы аумағы. Онда әр түрлі бағдарламалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.

Windows ортасында жұмыс үстелінің рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін бағдарламалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер түрінде орналасқан.

Белгіше – экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне.

Жарлық – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Бума – экранда каталогтарды және бағдарламалық топтарды белгілеу үшін қолданылады.

Тышқан – көрсеткіші (курсоры) екі не үш түймесі бар, компьютерге электр өткізгіш сым арқылы жалғастырылатын төрт бұрышты кішкене пластмассалық қорап.

Буфер - әр түрлі бағдарламалар немесе құжаттар арасында керекті шағын мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.

Бума – каталог сияқты арнаулы атау берілген дискілік файл, ерекшелігі – оның ішінде түрлі жарлықтарды да сақтауға болады.

Басқару тақтасы – Windows ортасын бапқа келтіру бумасы.

Белгішені ашып,бағдарламасын іске қосу үшін оны бір рет шерту жеткілікті. Қажетті параметрлерді бапқа келтіруді ұсынатын сұхбаттық терезе көрінеді.

Сөздік

белгіше – значок жарлық – ярлык

қозғалу – движение шерту – щелчок

батырма – кнопка түйме – кнопка

тасымалдау – перемещение Бума – папка

басқару тақтасы – панель управления

Тапсырмалары

2 Сұрақтарға жауап беріңіз

1) 1985 жылы Microsoft фирмасы қандай операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды?

2) Windows интерфейсінің негізгі элементі не?

3) Терезелер түрлерін атаңыз.

4) Windows жүйесінің негізгі ұғымдарын атаңыз.

5) Олардың әрқайсысы не үшін қолданылады

3 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ескере отырып, сөйлемдерді аударыңыз

4. Шашыраңқы берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз

5. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз

6 .Аударыңыз

Передача на сторону, легко, несанкционированные, старается, бесконечный, портить, зараженный, скрываются, распечатывать, секретный, замедляется, гуманные, выводит из строя, шантажирующие, незаметно, в холостую, посторонние, причинять серьезные повреждения, логика работы, по цели, можно классифицировать.

7. Сабақты бекіту.

8. Үйге тапсырма беру

9. Оқушылардың еңбегін бағалау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
973
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі